CaspianLife, 11 мамыр — Атырауда 19 жасар жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Caspian Life «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылының маңында болған. Аудан жастары табиғат аясына демалуға шыққан кезде, өзара келіспеушілік туындап, арты жанжалға ұласқан. Ақыр соңында Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды.
Қазіргі уақытта полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізуде. Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны күдікті ретінде қамауға алынды.
Фото: time.kz