CaspianLife, 17 мамыр — Бүгін мамыр күні Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде облыс тұрғындары үшін “Ашық есік күні” өткізілді, деп хабарлайды CaspianLife. Ашық есік күнінде тұрғындар келіп, сұрақтарын қойды. Атырау облысы тұрғындары мен мекеме қызметкерлері санитариялық қағидалар талаптарына түсінік беруді сұрады. Оған қоса,азық-түлік дүкендеріне,сауда орындарында өнімдерді сатуға қатысты толғандырған сұрақтарын жолдады. Ашық есік күнінде келген тұлғаларға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құзыретіне кіретін мәселер бойынша Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Танауов Мәдениет Рашидұлы және Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гайнеденов Қанат Бақбергенұлы кеңес берді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 мамыр — Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалындағы шарлар алқабынан тас алып кетпек болғандар жазаланған жоқ, деп хабарлайды CaspianLife. Өткен демалыс күндері бірнеше адам арнайы техниканың көмегімен туристік нысаннан шар тәріздес тастарды алып кетпек болған еді. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнекадрлар көптің ашуын туғызды. Полицейлер көлік жүргізушісін ұстап, оған ескерту берумен шектелді. Өйткені мұндай іс-әрекет үшін айыппұл салу заңда қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, дәл осындай тастарды Ақтаудағы мейрамхана мен ірі-ірі деген қонақ үйлердің алдынан жиі кездестіруге болады. «Әлеуметтік желідегі жарияланымдарға мониторинг жасау кезінде Шарлар жазықтығынан тастарды тиеп жатқан видеоны көрдік. Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтап, онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді» -…
CaspianLife, 16 мамыр — Аралдағы құстар популяциясы ерекше қарқынмен кобеюде, деп хабарлайды CaspianLife. «Каспий»теңізінің тартылып, «Шалыга» аралы аумағының ұлғаюы және браконьерлердің азаюы – мұндағы құстардың популяциясына ерекше әсер етуде, — дейді «Ақ Жайық» табиғи резерватының мамандары. Орнитологтар қазір бұл маңда қылаң қарабас шағаланың 5,5 мың, өгіз шағаланың 4 мың, үлкен суқұзғынның 1,5 мың және бұйра, қызғылт бірқазанның 200 жұбының бар екендігін айтады. Мамандар аралға апта сайын келіп, зерттеу-қадағалау жұмыстарын жүргізетін көрінеді. Содан да болар браконьерлік дерегі азайған. Әйтпесе екі-үш жыл бұрын көбейіп, мұндағы қанаттылардың өсіп-өнуіне кедергі келтірген еді, — дейді орнитологтар. «Бүгінгі таңда құстардың өсіп-өнуі қалыпты жағдайда. Келгендегі негізгі мақсат…
CaspianLife, 16 мамыр — 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай Атырауда «Отбасы аллеясы» ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Қалалық әкімдік бастамасының мақсаты — отбасы құндылығын арттыру, жанұялардың осында келіп, серуендеуіне, олардың табиғат аясында бір-бірімен шүйіркелесіп, демалуына жағдай жасау. «Біздің бірінші мақсатымыз, бұл отбасы құндылықтарын әр қазақтың үйінде отбасы, берекесі мықты болсын деген ниетпен, осы жерге келген отбасылар ертеңгі күні балаларымен бірге табиғаттың аясында жақсы демалып, жақсы көңіл күйде жүрсін деген ниетпен, жақсы тәлім-тәрбие алсын деген ниетпен жақсы шара ұйымдастырып жатырмыз» — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. «Авангард» ықшам ауданындағы Жеңіс саябағының жанындағы аллеяның жалпы аумағы 15 400 шаршы метр.…
CaspianLife, 16 мамыр — Мақат ауданында ауыр атлетикадан жасөспірім ұл-қыздар арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Биыл үшінші мәрте сарапқа салынған аудан әкімінің кубогында спортшылар әлемдік ауыр атлетика федерациясы бекіткен ереже негізінде 10 салмақ дәрежесі бойынша шеберлік байқасты. «Мен Ақтөбе облысынан Мақат ауданына жарысқа келдім. Мен бірінші орын алғаныма 41 салмақ дәрежесінде өте қуаныштымын. Болашақта осындай жарыстар көп болып қазақстанда әлем чемпионы атанғым келеді» — деді спортшы Арсланбек Ташмағамбет. Екі күн бойы өткен сайысқа Атыраудан өзге, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан 107 спортшы қатысты. Оның бесеуі ғана қыз. Ал Мақат ауданының атынан шыққан 15 спортшының үшеуі алтыннан алқа тақса,…
CaspianLife, 16 мамыр — Көршілес Астрахань облысындағы қазақтар Жайлау той мерекесін биыл да кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Қазақтың ұлттық мейрамын Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығының ұжымы ұйымдастырды. Тойға Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындары құрметті қонақ ретінде шақырылған. «Ертеде қазақтың көшпенді болғаны белгілі. Күзде күзеуде, қыста қыстауда жүрді. Көктем келіп, жаз шығысымен жайлауға көшетін. Жер аяғы кеңіп, күн жылыған соң бәрі қыстан аман-шыққанына қуанып, жайлауда той жасайтын болған. Міне сол кездегі дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр» — деді Атырау облысының тұрғыны Клим Ғұбашев. Астрахань бойындағы қазақтардың биылғы жайлау тойы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орайластырылыпты.…
CaspianLife, 16 мамыр — «Атырау-Ақпарат» футбол командасының ойыншылары марапатталды, деп хабарлайды CaspianLife. 13-14 мамыр күндері Алматы қаласында спорт сарапшысы, комментатор Амангелді Сейітхановты еске алу мақсатында шағын футболдан турнир өткен еді. Жарыста әріптестеріміз – «Атырау-Ақпарат» командасы үшінші орынға ие болған еді. Ал бірінші орынды Қызылорда қаласының «Ақмешіт», екінші орынды елордалық «Қазмедиа» командасы алды. Бүгін жүлделі оралған ойыншылар марапатталды. «Биыл біз екінші рет барып отырмыз бұл жарысқа. Былтыр жүлдесіз қайтқан едік. Биыл кішкене дайындығымызды көбейтіп, жақсы дайындықпен барғандықтан жүлделі үшінші орынды иелендік деп ойлаймын. Бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Бұйырса алдағы уақытта турнирлерге барып, бұданда жақсы ойын көрсетіп, жеңімпаз боламыз деген…
CaspianLife, 15 мамыр — Құрманғазылық депутаттар ауданда жол салып жатқан «Атырау жолдары» ЖШС басшыларымен бірге Дыңғызыл, Орлы, Хиуаз, Ақкөл ауылдық округтерінің халқымен кездесті, деп хабарлайды CaspianLife. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиеваның айтуынша, халықтан ауылішілік жол құрылысына қатысты арыз-шағымның түсуі жиілеген. Мысалы Ғизат Әліпов атындағы ауыл тұрғындары Ақкөлмен екі ортадағы 12 шақырымдық жолдың екі жылдан бері бітпей отырғанына ренішті. «Атырау жолдары» ЖШС директоры Орынбасар Өтепқалиевтің сөзінше биыл 1 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта топырақ төгіліп, жұмыс басталып жатыр. «Қызылоба ауылынан 12 шақырым жолды биылғы бөлінген қаржыға толықтай бітіріп береміз. Орлы, Жаңаталап ауылішілік жолдарының құжаттарына қайта жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Ақкөл ауылішілік жол…
CaspianLife, 15 мамыр — Атырауда шахматтан 20 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұндай ауқымды іс-шара облыста осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы ҚР-ның және Ғабдрахман Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80 шахматшы қатысуда. «Бұл чемпионат деңгейі жағынан өте жоғары. Мұнда келген барлық шахматшы өте мықты. Барлығы да жеңіске лайық. Мен де жеңістен үміттімін!» — деді шахматшы Кристина Попандопуло. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге. Ол жеңімпаздардың арасында өзара бөлінеді. Фото: Aikyn.kz «Ең бастысы мұнда Қазақстан чемпионы 20 жасқа дейінгі жастар арасында осы жылы күз айында өтетін әлем чемпионатына…
CaspianLife, 15 мамыр — Атыраулық тұрғындар тротуарлардың сапасыз салынып жатқанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды CaspianLife. «Жұмыскер» ықшам ауданының тұрғындары мына тротуардың қалай болса солай төселіп жатқандығын айтып, жергілікті биліктің осы мәслеге назар аударуын сұрады. Осы жазбадан кейін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мекемесінің Атыраудағы өкілдері жұмыс басына барып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті. «Берілген проект солай, ешқандайда щебень жоқ. ПГС-пен улпотнение жасап, үстіне асфальт төлейміз. Сондай проект Атырау облысына бірінші рет келіп жатқаннан кейін может, асфальттың качествасы жақсы. Біз проект бойынша жасап жатырмыз, өзгертіп жатқан жоқпыз. Бізге қалай берді, смета проект бойынша» — деді субмердігер мекеменің өкілі Арман Рыспаев. Жалпы бұл…
