Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 мамыр — Жыл басынан бері атыраулық полицейлер жасөспірімдерге қатысты 733 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды CaspianLife. Кәмелет жасына толмағандардың көбі түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруді ұнататын көрінеді. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі және құқықтарын қорғау туралы комиссия отырысында айтылды. Былтыр комиссия 116 іс-материалды қарап, 2 баланы Ақтау қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналыстыру туралы шешім қабылдаған. Және 7 ата-ананың ата-аналық құқықғын шектеп, біреуін құқығынан айырған, 47 ата-анаға ескерту берген. Ал биыл 47 жасөспірімге қатысты іс қаралған. «Оның ішінде 3 кәмелекетке толмаған ұзақ уақыт бойы сабаққа бармай, оқудан жалтарған және девиантты мінез-құлық әрекеттері үшін жасөспірімдерді арнаулы мектепке…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілсе де төрт түлікті сумен қамтамасыз ету қиынға соғып тұр. Соңғы 2 жылда болған қуаңшылықтан кейін шаруалар жем-шөп пен субсидия ала бастады, деп хабарлайды CaspianLife. 2021 жылдан бері қаржыландыру көлемі 6 есеге өскен. Жалпы бұл саланы қолдау үшін қарастырылған қаржының сомасы 818 миллион теңгеден асты. Бірақ, шаруалар тіршілік нәрі тапшы болғандықтан әлі күнге дейін кәсібін қалыпқа келтіре алмай жүр. Солардың бірі, қуаңшылық кезде жүздеген бас ұсақ малынан айырылған – Құмар Нұрпейісова. «Әзірге қой-ешкінің санын көбейтуге тырыспаймын», — дейді шаруа. «Күн ысығанда су қиындайды. Ойбайлап мен…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Қала әкімі Мейірім Қалауи Ақсай және Ақсай-2 елдімекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды CaspianLife. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, жауапты мемлекеттік органдар және коммуналдық мекеме өкілдері қатысты. Кездесу барысында тұрғындар балабақша және ойын алаңдарының жоқтығы, жол, жаяу жүргіншілер және қоғамдық көлік мәселесіне қатысты проблемаларды көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Өз кезегінде қала басшысы аталған мәселелердің қазіргі уақытта орындалысы жоспарланып, бақылауға алынғандығын айтып, округтегі өткір тұрған мәселе – мектеп тапшылығына қатысты арнайы тоқталды. «900 орындық мектепті биыл бастаймыз. Қазіргі таңда мекеме анықталды. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынады. Сонымен қатар, Ақсай-2 аумағынан екі балабақшаның жобасын бастап, аяқтадық. Жоба…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Қазақстан мен Қытай мұнай-газ химиялық жобалары бойынша жаңа келісімге келді, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы Қытайдың Сиан қаласында өтіп жатқан «Қытай – Орталық Азия» халықаралық саммитінде белгілі болды. «Қазмұнайгаз» ҰК-ның басшысы Мағзұм Мырзағалиев Қытайға экспортталатын мұнайдың көлемі артатынын хабарлады. Ол үшін Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл құбырларын кеңейту жоспарланып отыр. «Қазіргі уақытта бұл құбырлардың сыйымдылығы 6 млн тонна. Ал, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының сыйымдылығы 20 млн тонна. Сондықтан, Батыс Қазақстанан қара алтын тасымалын арттыру үшін құбырларды кеңейту керек.Осы мақсатта SNPS компаниясымен келіссөздер жүргізіп, шешімге келдік. Кеңейту жұмыстарына 200 млн доллар қаржы жұмсалады. Бұл жұмысты келер жылы бастағымыз келіп отыр»…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Атырау қалалық полиция қызметкерлері Жайық өзенінің өзінде және оның жағалауындағы тексеріс жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды CaspianLife. Мұның бәрі жазғы мезгілде тұрғындардың суда және қайықта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтамауымен байланысты. Айта кетсек, мамыр айының ортасында әуесқой балықшыларға балық аулауға тыйым салынған еді. «Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді өзен жағасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Осы орайда өзен маңын арнайы патруль қызметі күзетеді. Бұның барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін. Басты міндет қауіпсіздік ережелерін сақтаған тұрғындарды анықтап, ескерту» — дейді Қалалық полиция департаментінің аға инспекторы Нұрболат Сүлейменов. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жыл сайын су көліктерінің саны өсіп келеді. Сонымен…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Атырауда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Өтеғалиевті еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. 12 жыл қатарынан ұйымдастырылған спорттық іс-шараға 2008-2009 жылы туған 200-ге жуық спортшы шеберлік байқасуда. Олардың арасында Ақтөбе,Ақтау өңірлерінен келген командалар бар. 4 күнге созылған сайыстың қортындысы 21 мамыр күні белгілі болмақ. «Жүлде қоры семьясының атынан 200 мың, 2 орынға 150 мың, 3 орынға 100 мың сыйақы тағайындалып отыр. Осы жарыстьан балалар чемпионатқа іріктеледі. Құрама жасақталады» — деді ұйымдастырушы Нұрлан Қайырлиев.

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде тарихшылар, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар студенттерге «Ұрпаққа аманат» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұндай іс-шараны AMANAT партиясының жанындағы Miras қоғамдық кеңесі ұйымдастырып отыр. Оқытушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы мен өмір жолы туралы баяндама жасады. «Бұл жердегі негізгі мақсат – тарихи мұра, тарихи сананы жаңғыртып, жастарымызды бұрынғы тарихтан қозғап, саяси сауаттылығын арттыру. Елімізге деген отансүйгіштік сезімді ояту. Ол кісілердің шығармаларына деген қызығушылықты таныту. Алаш идеясынң насихаттау болып табылады» — деді Miras қоғамдық кеңесінің аймақтық төрағасы Сырымбек Сәрсембаев.

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Атыраулық полицейлер 80 -ге жуық мектепке барып, оқушыларға жол ережелерін түсіндірді, деп хабралайды CaspianLife. Бұл жұмыс республикалық «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшылары құр сөзбен шектелмей, сабақ аяқталған уақытта кішкентайларды жаяу жүргіншілер жолынан бағдаршамға қарап өту керектігін ескертті. Айта кетейік, былтыр балалардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы болған. Одан 2 жасөспірім қаза тауып, 19-ы дене жарақатын алды. Ал биыл тек төрт айдың өзінде мұндай 20 жол апаты тіркеліп, салдарынан 3 жасөспірім көз жұмды. «Бұл іс-шараның басты мақсаты, кәмелекетке толмаған жасөспірімдердің кінәсімен немесе қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Осы мақсатта қала мектептерінде ювеналды полиция қызметкерлерімен…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Облыс әкімі Серік Шәпкенов мыстан жылына 200 мың тонна электритті сым өндіретін түркиялық «Er-Bakir» ірі өндіріс компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды CaspianLife. Алдымен аймақ басшысы бауырлас елмен көп жылдан бергі байланыстың табысты болғанын атап өтті. Кейін Атырау өңірі өндіріске, логистика саласына қолайлы, инвестициялық жобаларға үлкен мүмкіндік беретін аймақ екенін айтты. Жиында «Er-Bakir» компаниясының директоры Маджит Ташкын Атырау облысында мыстан электритті сым өндіру жобасын іске асыруға ниетті екенін жеткізді. «Біз соңғы үш айда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі арқылы Қазақстан экономикасына инвестиция салу туралы шешім қабылдадық. Соңғы алты жылда АҚШ экономикасына инвестиция салдық. Сондықтан шетелде тәжірибеміз жеткілікті. Біз Жезқазғаннан…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тұңғыш рет мектеп түлектерінің шеруі өтті, деп хабаралайды CaspianLife. Оған қала мен аудандардағы білім ордаларынан шамамен 500 дей оқушы қатысты. Мұндай ауқымды іс-шараны университет басшылығы мен облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған. Олардың сөзінше, басты мақсат – жаңа өмірге аяқ басқалы отырған түлектердің мамандық таңдауына ықпал ету. «Бұл шерудің негізгі мақсаты біздің университетімізге түлектерді шақырып біздің оқу орнымызды көрсету. Яғни біздің корпустармыздағы зертханалық, тәжірбиелік аудитроиларымызбен таныстыру өтеді. Олардың ішінде өндірісте біз кеңінен қолданатын гидродинамикалық зерттеулер сосын трид програмалар, содан кейін кен игеру кезінде қолданылатын қондырғалар, бұрғылау кезінде…

Read More