Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 мамыр – Атырау қаласындағы 400-ден астам гараж бұзылады деп хабарлайды сaspianlife.kz. «Лесхоз» ықшам ауданындағы елеусіз жерде орналасқан мына гараждарға анда-санда келсек те, осы уақытқа дейін ешкім тиген емес. Бірақ мемлекет меншігіне алынады деген әңгіме шыққалы бері ұры қаптады, — дейді иелері.  «Құқық қорғау органдарына арыздандық. Олар келеді, көреді, тексереді. Бірақ, қайран жоқ. Мұндай бассыздықты тек Атыраудан көруге болады. Көзімізді бақырайтып қойып тапа тал түсте тонап жатыр. Өзім де куә болдым. «Не істеп жатсың?» деп сұрадым. «Сенің гаражың емес, қатысың жоқ іске басыңды сұқпа» деді маған», — деп пікір білдірді тұрғын Уран Давлетов. Жанар Джаксманова да – зардап шеккендердің бірі.…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр – Ресеймен шекаралас жатқан «Бөкей хан» ауылының  іргесінде Қиғаш өзені ағып жатыр. Бірақ, халық судан тапшылық көріп отыр деп хабарлайды сaspianlife.kz. «Жергілікті билік қол созым жердегі өзеннен су тартып беруге жарамай отыр» деп ренжиді тұрғындар. «21 жыл болды.  2002 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен жұмыс басталған. Кейін тұрбалар ұрланып кетті», — деді «Бөкей хан» ауылының тұрғыны Болат Түсіпқалиев. «2017 немесе 2018 жылы 517 миллион теңге бөлінді деді. Сол кездегі аудан әкімі Бибоз Шаяхметов ақша бөлінді, су тартылады деп кеткен. Сол кеткеннен мол кетті. Бибоз да жоқ, ақша да жоқ, су да жоқ!», — деді  «Бөкей хан» ауылының тұрғыны Якоб Түсіпқалиев.…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр – Биыл Мақат пен Доссорда жаңа перрон салынады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Отыз мың халқы бар осы екі кентке биыл перрон салынатынын айтып, аудан халқын  қуанттып қойжы. Мақат кентідегі вокзал перронын күрделі жөндеу үшін 319 миллион теңгеден астам қаржы керек.Перрон ұзындығы 448,8 метр, ені 4 метр. Перрон аумағында 20,5х6 метр болатын әкімшілік ғимарат салу жоспарланған. Бұл ғимаратта желілік бөлім, демалыс бөлмесі, кафе, әжетхана және жүк қоймасы қарастырылған. Сонымен қатар, жобада Led шамдары бар 37 дана көше жарығы және жолаушылар ыңғайлығы үшін 10 отырғыш, 10 дана қоқыс жәшігі қойылмақ. Қазіргі уақытта әкімшілік ғимаратқа инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілді. Аудандық тұрғын…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр – Жуықта жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында 22 басқарманы 19-ға дейін азаймақ деп хабарлайды сaspianlife.kz Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасы біріктіліп, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылады. Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары қосылып, облыстық ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасыболып жұмыс істейді. . Балық шаруашылығы басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қосылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және туризм, индустриялық-инновациялық даму, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармаларының атауы мен құрылымы өзгерді. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр — Атырауда заманауи оңалту орталығы салынады деп хабарлайды сaspianlife.kz Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 150 орындық оңалту кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асады. 3 қабатты ғимарат барлық заманауи талапқа сай болады деп жоспарланып отыр. Жаңа орталықта жылына 1500-ден аса адам ем-дом алуға мүмкіндік жасалмақ. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы толық жасақталған. Осы жобаға сәйкес, мұнда сауықтыру-жүзу бассейні, спорт зал, мәжіліс залы және техникалық ғимарат пен жылыжай қарастырылған. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігерлік бөлмелер мен оңалту-жаттығу залы, УЗИ кабинеті және дәріхана да ойластырылған. Сондай-ақ, жобада 125 орындық асхана бар. Ал,…

Read More

CaspianLife, 24 мамыр – Атырауда үйден білім алатын ерекше баласына көмектескені үшін ата-анаға мемлекет тарапынан берілетін қаражат дұрыс төленбеген деп хабарлайды сaspianlife.kz. Яғни 230-ға жуық ата-ана тиесілі төлемақыны заңға сәйкес алмапты. Мұны Атырау қалалық прокуратурасының қызметкерлері анықтады.  Прокурорлардың тексерісінен кейін оларға берілетін қаражат көлемі екі есеге дейін көбейді. Прокурорлар анықтаған тағы бір шикілік – жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аптасына 40 сағат жұмыс істеткен. Ал мүгедек жан  заң бойынша 36 сағат еңбек ете алады. Қазіргі уақытта олардың жұмыс уақыты қысқартылып, қосымша демалыс күндері берілді. Және тексеріс кезінде мүмкіндігі шектеулі  30 адам қайтыс болғаннан кейін де олардың есепшотына әлеуметтік төлем аударылғандығы белгілі…

Read More

CaspianLife, 24 мамыр – «Дина Нұрпейісова – Атырау» бағытында қатынайтын пойыз жолаушыларының бірі тырысқақ ауруына шалдығуы мүмкін деген күдікпен оқшауландырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. 21 жастағы жолаушы өзін жайсыз сезініп, жолсеріктерден көмек сұрапты. Ал қалаға жақындай бергенде жағдайы күрт нашарлаған оны арнайы қызметкерлер күтіп алды.  «Оның қасында мейілінше ешкім болмауы керек, қасындағы пассажирлердің барлығы басқа вагондарға көшіріліп, байланыста болған адамдардың барлығын оқшаулау керек. Санитарлық қызмет  күдіктіні алып кеткеннен кейін, сол вагонда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», — дейді Атырау обаға қарсы күрес станциясының зертхана дәрігері Тілекші Ізмұхамбетова. Жолда жұқпалы ауру жұқтыруы мүмкін деген жолаушы анықталған жағдайда пойыз қызметкерлері жедел әрекет етуі керек. Әсіресе, алдағы…

Read More

CaspianLife, 24 мамыр –   Атырауда 2 көлік өртеніп кетті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оқыс оқиға бүгін  Атырау қаласындағы №3 қалалық емхананың маңында болған. Облыстық ТЖД хабарлауынша, қос машина әр түрлі сақтандыру компанияларына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Қазір қызыл жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр. Өртті ауыздықтауға 7 өртсөндіруші мен 2 техника жұмылдырылған. Фото Атырау облыстық ТЖД-нен

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Атырауда электр энергиясының бағасы өсуі мүмкін деп хабарлайды caspianlife.kz. Энергетиктерге сенсек, бұған осы уақытқа дейінгі бағаны қымбатсынған заңды тұлғалардың жергілікті жеткізушілермен келісім-шартты бұза бастауы себеп болып отыр. Өйткені компаниялар бағасы әлдеқайда арзан көтерме нарыққа көше бастапты. Каспий Құбыр консорциумы да тоқты пайдалану көлемін азайтқан. Мұнай алпауыты жылына тоқ үшін 80 миллион теңгеге жуық төлейтін. Сала мамандары «осы уақытқа дейін жеке тұлғалар үшін тариф ірі-ірі мекемелердің есебінен арзан болды» дейді.  «Қазақстан бойынша ең төмен тариф бізде, Атырау облысында. Жеке тұлғалар үшін 6 теңге 28 тиын. Ал заңды тұлғалар үшін ең жоғары тариф 33 теңге, 65 тиын», -…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Атырауда айналма жолдың құрылысы басталды деп хабарлайды caspianlife.kz. Айналма жолдың жалпы ұзындағы шамамен 26 шақырым. Ол республикалық «Атырау-Орал» трассасын «Атырау-Ақтау» автомагистриалімен жалғастырады. Жол қиылыстарында жолайрықтар және көпірлер болады. Мұндағы басты мақсат — Ресейден келетін транзиттік көліктердің қала ішіне кірмеуін қамтамасыз ету. Себебі ауыр жүк көліктері тар көшеде кептеліс туғызады әрі жол сапасының одан әрі нашарлауына әсер етеді. Мамандар  салынып жатқан «Солтүстік айналма жол»  біраз мәселенің түйінін шешеді дейді. «Айналма жол «Атырау-Астрахань», «Атырау-Орал», «Атырау- Индер», Атырау-Доссор» байланыстырады. Бұл жол қаланың ішімен жүруге мәжбүр ауыр жүк көліктеріне  облыс орталығына кірмеуге мүмкіндік береді. Біздің мекеме құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстайтын…

Read More