Атырау облыстық әкімдігіндегі басқармалардың саны қысқаратын болды — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 28 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облыстық әкімдігіндегі басқармалардың саны қысқаратын болды

25.05.2023
Жаңалықтар, Қоғам, Экономика
0
Атырау облыстық әкімдігіндегі басқармалардың саны қысқаратын болды

CaspianLife, 25 мамыр – Жуықта жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында 22 басқарманы 19-ға дейін азаймақ деп хабарлайды сaspianlife.kz Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз...

Атырауда жүк көліктері ереже-талапты сақтамайды

Атырауда жүк көліктері ереже-талапты сақтамайды

28.09.2023
АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023

Енді құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасы біріктіліп, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылады. Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары қосылып, облыстық ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасыболып жұмыс істейді. . Балық шаруашылығы басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қосылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және туризм, индустриялық-инновациялық даму, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармаларының атауы мен құрылымы өзгерді. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, спорт және туризм басқармасы,  цифрландыру және архивтер басқармасы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы болып өзгереді.Сондай-ақ,  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен қаржы басқармасы Атырау облысы экономика және қаржы басқармасы және Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы болып жұмыс істейтін болды.Облыстық мәслихаттың депутаттыр бұл өзгеріспен келісті.Бірақ кей депутаттар бұл басқармалардың жұмысын қадағалайтын облыс әкімі орынбасарларының кейбірінің фунционалдық  міндетіне өзгеріс енгізу керетігін айтты.

 «Мен өзім облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына  5 жыл басшы болдым. Басқарманың функциясы, міндеттері маған жақсы таныс. Жалпы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының аудандарда бөлімі жоқ. Сондықтан, аудандағы жұмыстарды облыстық басқарма  ТҮКШ бөлімдері арқылы жүргізеді. Жалпы бұл басқарманың Энергетика және ТҮКШ басқармасымен бірге болған дұрыс деп есептеймін. Себебі, көп жұмыстар бірігіп атқарылады. Мен облыс әкімінің орынбасарлары Марат Мурзиев пен Жасұлан Бисенбиевпен сөйлескен кезде, олар маған бұл шешіліп қойған тақырып деді », — деді  Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қадыржан Арыстан.

Бұл ұсынысқа қатысты Атырау облыстық әкімдігінің аппараттындағылар табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Жасұлан Бисембиевтің жетекшілік етуіне негіз бар дейді.

 « Өткен жылы президенттің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасарларының санын 5-тен үшеуге қысқарды.  Одан басқа, соңғы жарты жылда облыс әкімінің орынбасары екеу болды. Соңғы кезде экологиялық мәселелер қоғамдық-саяси мәселеге ауысты деп айтуға негіз бар. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасымен экологиялық мәселе идеологиялық сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына тапсырылды», — Атырау облыстық әкімдігінің аппарат басшысы Болат Исақов.

Тегтер: Caspianатырау
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.