CaspianLife, 1 маусым – Желіде «балық аулау тәрітібін бұзуы мүмкін» деген адамдар түсірілген видео тарады, -деп хабарлайды сaspianlife.kz Бейнежазбаға түсініктеме берген азаматтың айтуынша бұл жайт 28 мамыр күні, сағат таңғы алты шамасында Жайық пен Каспий теңізін байланыстыратын каналдардың бірінде болған. Дауыс иесі қайықтағылардың браконьер екенін және олардың тыйым салынған жерден өтуге тырысқанын айтады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясындағылар осындай деректің тіркелгендігін растап отыр. Айтуларынша, «балықты заңсыз аулайтындар осы каналды жиі пайдаланады» деген ақпарат түскен соң олар табиғат қорғау прокурорларымен бірлесіп, шлагбаум қойған. 25 мамырдан бастап 31 тамызға дейін Жайық өзені мен Каспий теңізінен кез-келген мақсатта балық аулауға тыйым салынды.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 маусым –«Аманат» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы осы жолы Жылыой ауданында өтті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz Комиссия мүшелері тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан және заңсыз пайдаланылып отырған жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды талқылады. Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша биыл 35 000 гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.
CaspianLife, 31 мамыр – Сайөтес ауылындағы 130 отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Әуел баста бұл үйлер теміржолышлар мен газшылар үшін берілген еді. Арада уақыт өте келе тұрғындар жекешелендіріп алды. Бірақ «көппәтерлі үйлерді пайдалануға құқық беретін құжаттар көбінде жоқ», — дейді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Бердімұрат Төрекенов. Енді ауыл әкімшілігі «мына мәселені қалай шешеміз»,- деп бас қатырып отыр. Ауыл әкімінің сөзінше, үйлерді апатты деп таныған соң сол үйдің тұрғындарына баспана беріледі. Алайда бұл сәттің қашан туары белгісіз. Барлығы ақшаға тіреліп тұр. Әзірге әкімдіктегілер жоспарды жүзеге асыру үшін инвестор іздеуде.
CaspianLife, 31 мамыр – Атыраулық Зарина Нұрғалиева облыс орталығында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Деген бұл шахматшының алғашқы жеңісі емес. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы, ФИДЕ спорт шебері болып үлгерген. Бәсекеге 15 өңірден 80 шахматшы сынға түсті. Ұйымдастырушы ҚР-ның және Ғабдрахман Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы. Енді спортшымыз Грузияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
CaspianLife, 26 мамыр – Атырауда республикалық, халықаралық олимпиада, шығармашылық байғау, ғылыми жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Биыл жан-жақта өткен түрлі сйаысқа облыстан 9-11 сыныптар арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған, шығармашылық ізденісте жүретін 97 оқушы қоғамдық-гуманитария бағыты бойынша қатысып, жүлдегер атанған. Іс-шараны Атырау облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырды. «Алдағы уақытта талантты оқушыларды қолдап, олардың жаңа жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндігінше көмек қыламыз», — дейді басқармадағылар. Іс-шара барысында жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, оларға 30-100 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.
CaspianLife, 31 мамыр –Ақтауда көлік жүргізушілері бір-екі күннен бері сұйытылған газ үшін кезекке тұруға мәжбүр, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Айтуларынша қазір Ақтау қаласындағы газ құю орындарының көбі жабық. Автобекет иелері газдың жоқ екендігін айтуда. Ал ашық бекеттерде ұзын-сонар кезек. Мұнайлы ауданында да осындай жағдай. Тұрғындар енді сұйытылған отын бағасы қымбаттай ма деп қауіптеніп отыр. Ал әкімдік болса газ қоры жеткілікті дейді. Оларға сенсек, бәріне Маңғыстауға басқа өңірлерден көлікпен келіп жатқан туристер кінәлі көрінеді. Себебі автогазды тұтыну көлемі ұлғайған. Маңғыстау облысында 93 автогаз құю станциясы болса, оның 27-сі Ақтау қаласында.
CaspianLife,31 мамыр – «Жеңіс» саябағындағы мемориалдық тақтаға қала, облыс басшылары, зиялы қауым өкілдері мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың ұрпақтары гүл шоқтарын қойды,- деп хабарлайды сaspianlife.kz. Тарихи деректерге сүйенсек Атырау облысынан 3 мыңға жуық адам қудалауға ұшыраған. 1921-1954 жылдар аралығында «Халық жауларын анықтау» саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталып, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілген. Қазақстанда 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданды. Содан кейін оларды еске алу, құрметтеп, рухына тағзым ету мақсатында барлық аймақта тарихи мемориалдық ескерткіштер ашыла бастады.
CaspianLife, 30 мамыр — «Қазақстан халқына» қоры 1000 баланың демалысын қамтамасыз етпек, деп хабарлайды, деп хабарлайды CaspianLife. Биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын қамтамасыз етіп, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту үшін жергілікті бюджеттен 564 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда айтылды. Мысалы 7 мен 14 жас аралығындағы 78 мыңнан астам бала мемлекет есебінен демалады. Олар — аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және үздік оқушылар. 3 мыңға жуық баланы Ресейдің Железноводск қаласындағы және Индер, Махамбет аудандарындағы демалыс аймақтарына жіберу жоспарланып отыр. Оқушылардың тағы бір бөлігі биыл Ақтау қаласында тынығады. «Биылғы біздің…
CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов іссапармен Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлайды CaspianLife. Сағыз ауылының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ салды. Бұл жолғы кездесу кезінде дәрігерлердің – әсіресе окулисттің, арнайы мамандар – логопед- дефектологтың жетсіпейтіндігі көп айтылды. Тұрғындардың сөзінше, ауылда маман болғанмен, штат жоқ. «Қазіргі заманның талабы инклюзивный обучениемен оқиды балалар. Бұл оқуды оқыту үшін программаны жүзеге асыру үшін мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау үшін бірінші логопед, екінші дефектолог, үшінші психолог үшеуі қалайда керек. Психолог бар мектептерде бір ақ ана логопед, дефектолог мамандары осы Қызылқоға ауданы бойынша біреу. Ауданда біреу, санаторияда біреу. Неге осы мамандарға штат берілмейді осы…
CaspianLife, 17 мамыр — Ардагерлер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Спорттық сайысты облыстық ардагерлер кеңесі мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Турнирге қаладан және Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Мақат, Жылыой аудандарынан 50 ардагер қатысты. Сайыс респуликалық чемпионатқа іріктеу аясында өткізілді. «Ең үлкен кісі 77-дегі ағамыз бар. Мұның бәрі қимыл — қозғалыс. Үстел теннисінің денсаулыққа пайдасы зор. Бір жағынан уақытты тиімді өткізу мен салауатты өмір салтын ұстану. Алдағы республикалық чемпионатқа дайындаймыз, жақсы көрсеткіштерді» — деді «Ардагерлер» қоғамдық қорының жетекшісі Сәрсенбай Мыңбаев. Турнир қорытындысында жас ерекшеліктері бойынша 6 адам республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ауқымды іс-шара 22-25 маусым…
