CaspianLife, 2 маусым – Атырауда «Ментальды Айкидо: өзіңізді буллингтан қалай қорғауға болады?» тақырыбында шеберлік сабағы өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Іс-шараны Integrity Тұлғалық даму қоғамдық қоры балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды. Кішкентайлар мен жасөспірімдерден бөлек олардың ата-аналары қатысып, буллингтің алдын алу жолдары ақпарат алды. Тренинг балаларды қарым-қатынас кезінде психологиялық әдіс психикалық айкидоны қолдануға бағытталған. Айкидо – қарсыластың күшін оған қарсы пайдалану. Яғни, қос адамның арасындағы қарсылықтың немесе қақтығыстың құнының жоқ екенін көрсету.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 маусым – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарасты «Евразия» әскери бөлімшесінде болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Олар бір күн бойы әскерилердің өмірімен танысып, қолдарына шынайы қаруды ұстап көрді. Және казармаларды аралап, жауынгерлердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан соң шекарашылар студенттерге жауынгерлік дайындықтан үзінді көрсетті. Экскурсияға риза болған студенттер әскерилерге рахмет айтып тарасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше «Ашық есік күнін» өткізгендегі көздеген мақсат – жастардың бойындағы патриоттық сезімді, Отанға деген махаббатты ояту, әскер өміріне қызығушылықтарын арттыру көрінеді.
CaspianLife, 2 маусым – 3 маусым күні Атыраудың кей жерлерінде жарық болмайды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл «Атырау Жарық» АҚ-ның күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуі үшін жасалып отыр. Төмендегі көрсетілген мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізіледі. Уақыты: 10.00 – 17.00 Алғабас Центральный, Косыбаева көшесі Молдашева кұшесі Уақыты: 14.00 – 17.00 Ауэзова көшесі, 50,54,56, 56а үй Азаттык даңғылы,131,132бүй
CaspianLife, 2 маусым – Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалған. Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 2 маусым күні, сағат 17:13-те түскен. Қазіргі таңда оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Атырау қалалық әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес конкурстың қалалық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды. «Мерейлі отбасы 2023» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары: І. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; 4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. 2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады. 3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта,…
CaspianLife, 1 маусым – Атырау-Дамбы тас жолында соқтығысқан көліктердің ішінде түлектер болмаған, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны Атырау қалалық полиция басқармасындағылар хабарлады. Көлік руліндегілердің біреуінің жасы 18-де болса, екіншісі 25-те. Оқиға бүгін түскі сағат 12:20 шамасында болды.
CaspianLife, 1 маусым – Атырау қаласының кей аумақтарында 5-9 маусым аралығында ыстық су болмайды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. СМП-136 № 1, 2, 3, 4, 5, 6, (7-7а), 8. Вокзал маңы 5 ы/а № 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, Баймұханов 1, 2, 3. Баймұханов 33, 33а, 35, 37, 39а, 39е, 39к, 41, 41а, 43, 47, 47а, 48, 51, 53, Берғалиев 14, 43, 71, 73, 75, Огородная 1, 2, 2а, 3, 4, 4а, 5, 5а, 36, 36а, 37,…
CaspianLife, 1 маусым –Қаладағы «Керемет» саябағында 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz.70-ке жуық бала шақырылған мерекелік жиын қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, жиылғандарды құттықтады. Бұдан кейін балалар ойын-сауық алаңында тегін ойнап, көңіл-күй көтеретін сахналық қойылымдарды тамашалады. Сондай-ақ үлкендермен бірге көшет екті. Қалалық әкімдік мерекеге орай түрлі іс-шара ұйымдастыруда. 1 маусым күні кешкі сағат 7-де Бейбарыс сұлтан атындағы алаңда балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Одан бөлек қазақтың ұлттық киімдерін киген жандардың шеруі өтпекші.
CaspianLife, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің осы жолғы отырысында қоғамдық көлік пен азық-түлік тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Кеңес мүшелері автобустардың тазалығы, жүру уақыты және аялдамалар мәселесінің әлі шешілмей отырғанын айтты. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы Әлібек Мұхамбеталиевтің сөзінше, бұған автопарктер арасында бәсекенің жоқтығы себеп. Сондықтан, қазір жолаушылар тасымалдайтын өзге де мекемелермен жұмыс істеу жағы қарастырылуда. Әңгіме ауаны азық-түлік тақырыбына ойысқанда кеңес мүшелері қызыл кеңірдек болды. Әуелі «Атырау» ӘКК не үшін қажет?» деген сұраққа жауап іздеді. Оларды «аймақты түгелдей жергілікті азық-түлікпен қамтып отырмыз» деген ауыл шаруашылығы басқармасы өкілінің сөзі шамдандырды. Бірақ қоғамдық кеңес мүшелері…
CaspianLife, 1 маусым – Атырау-Дамбы тас жолының бойындағы Қызыл балық ауылының тұсында жол апаты болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, 2114 және Хонда маркілі көліктер соғысқан. Екі көліктің жүргізушісі де, жолаушылары да зардап шеккен. Қазір олар ауруханаға жеткізілген. Жауапты орындар нақты ақпаратты сәл кейінірек бермек. Бейресми дереккөзге сүйенсек, жарақат алғандардың арасында мектеп түлектері бар.
