Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 маусым — Атырауда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай, қазақтың ұлттық киімдерін киген тұрғындардың шеруі өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Ерекше шеру алғаш рет ұйымдастырылғандықтан оған қатысушылардың қарасы көп болды. Үлкені бара, кішісі бар шамамен 1000-ға жуық адам бір мезгілде қазақтың ұлттық киімін киіп, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңнан бастап Бейбарыс атындағы орталық алаңға дейін жүрді. Шеруді ұйымдастырушы — жергілікті әкімдік өкілдерінің өздері де оған бір кісідей қатысты. «Менің үстімдегі, менің ата-бабаларымның кезінде киген, Алтын орда кезіндегі әскери қолбасшының Береңгілі ат сауыты. Бұны көне деректерге қарап, арнайы жасақталған, бұның астының бәрі темір. Бүгінгі мақсатымыз, біздің жастарымыздың ұлттық патриоты мықты болсын. Қаншама…

Read More

CaspianLife, 5 маусым — ҚР парахоккей федерациясының мүшелері атыраулықтар үшін алғаш рет шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдынында болған кездесуге спорттың осы түріне қызығатын мүмкіндігі шектеулі жандар және қала тұрғындары қатысты. «Былтыр біздер әлем чемпионатына қатысып келдік, сонда күміс иегері болдық. Орта лигаға шықтық, биыл орта лига чемпионат мира болады, бұйыртса Қазақстан Астана қабылдапы жатыр. Соған бар мүмкіндігімізді салып дайындалып жатырмыз» — деді ҚР парахоккей федерацияның вице-президенті Қайрат Сабыров. ҚР пара хоккей федерациясы 2021 жылы құрылды. Федерацияның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу. Осы уақытқа дейін халықаралық бірнеше турнирдің жеңімпазы атанған парахоккейден ұлттық құрама мүшелері енді…

Read More

CaspianLife, 5 маусым — Атырау қаласының орталығында 60 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды CaspianLife. Дене жарақаттары жоқ, алдын ала болжам бойынша денсаулығына байланысты қаза тапқан. Марқұмның сол жерде жақын орналасқан құрылыс алаңының қызметкері екендігі анықталды. Фото: Baq.kz

Read More

CaspianLife, 5 маусым — Атырауда мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Оған облыс басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскерилер мен басқа да саланың мамандары мен қала тұрғындары қатысты. Ресми іс-шара театр әртістерінің прологымен ашылып, кейін ҚР туы тутұғырға көтерілді. Жиналғандарды аймақ басшысы құттықтап, рәміздеріміз ашық аспан астында қырандай қалқып, дамыған елдермен терезесі тең ел екенімізді көрсетті деді. «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты нышаны. Біз ата-бабамыз армандаған осы тәуелсіздікті алған күннен бастап шекарамызды бекітіп, мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Бұл –біздің елтаңбамыз, бұл – біздің әнұранымыз. Бұл – біздің көк байрағымыз. Біз жас ұрпаққа рәміздердің маңыздылығын айта отырып, рәміздерді…

Read More

CaspianLife, 5 маусым — Атыраулық ескекшілер рәміздер күніне орай парадқа шықты, деп хабарлайды CaspianLife. Облыс орталығындағы №1олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалалар –жасөспірімдер мектебінің оқушылары мен ұстаздары кішігірім қайықтарына еліміздің туын тағып, Жайық өзенінің үстімен жүріп өтті. Түрлі жарыстан жүлделі орын алып жүрген спортшылар мұндай іс-шараға қатысып, рәміздерді насихаттауға үлес қосқанына дән риза. «Мен осы байдаркамен 2021 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Мен оның алдында жүзуші болғанмын. 1 июнь күні Орал қаласында жарыс болды, одан орындар алып келдік. Мен өзім 3 бірінші орын алып келдім.Мерекеге арнайы парад өтті. Спортшылармен бірге суда жүріп, туымызды биік көтеріп келдік. Спортшылармен бірге өз рәміздерімізді насихаттауымыз үшін…

Read More

CaspianLife, 5 маусым — Атырауда «100 аула» жобасы бойынша тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев бастаған депутаттар мен әкімдіктің жауапты қызметкерлері құрылыс жүріп жатқан жерлерге барып, тексеріп шықты. Қазіргі кезде «Авангард», «Лесхоз» «Балықшы» «Вокзал маңы» «Алмагүл» мөлтек аудандарында жұмыс қызған. Аулалардағы ойын және футбол алаңдары, жаяу жүргінші жолдары жаңартылып, автокөлік тұрақтары кеңейтілуде. Сондай-ақ жарық бағандары орнатылады. Құрылыс жұмыстары үш мердігердің мойнында. Абаттандыру жұмыстары қазан айында толық аяқталмақ. «Бұл жоба негізі өткен 2022 жылы жоба басталып, осы жылы толықтай жоба аяқталады деп көздеп отырмыз. Осы жұмысты жалғастыру мақсатында қала әкімдігі қазір қосымша…

Read More

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір журналистермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Жиында БАҚ өкілдері көптеген мәселені көтерді. Дені — аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің құрылысын уақытылы аяқтау және денсаулық сақтау саласына қатысты болды. Әсіресе экология тақырыбы көбірек айтылды. Атырау аймағын экологиялық апатты аймақ деп тану мәселесіне қатысты облыс әкімі: «әуелі кәсіпорындарда қолданылатын технологияны тексеру керек» — деді. Білім туралы да айтылмай қалмады. Серік Шәпкенов білім сапасының төмендігі көп жағдайда мұғалімдердің біліктілігіне байланысты екендігін ескертті. Атырау жұртына белгілі қоғам белсендісі әрі «Казақпарат» агенттігінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі Виктор Сутягин облыс әкімінен өртеніп кеткен көлігіне…

Read More

CaspianLife, 2 маусым – Астанада Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен брифинг өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Аймақ басшысы журналистерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Қазіргі кезде маңғаз Маңғыстау инвесторлардың қызығушылығын тудыруда. Өткен жылы жалпы сомасы 25 миллиард теңге болатын 15 инвестжоба жүзеге асырылып, 600 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде алтауы өңдеу өндірісіне, төртеуі ауыл шаруашылығы және туризмге қатысты болса, бесеуі әлеуметтік жоба. Ал биыл Маңғыстау облысында ірі үш инвестжоба қолға алынғалы тұр. Нақты айтқанда Ресейдің Лукойлы мен өзіміздің Қазмұнайгаз бірлесіп, Каспий теңізіндегі «Қаламқас-Теңіз», «Хазар» және «Әуезов» кен орындарын игермекші. Осы жобаны жүзеге асыру кезінде 2000 адам еңбекпен қамтылмақ.…

Read More

CaspianLife, 2 маусым – Атырауда «Ментальды Айкидо: өзіңізді буллингтан қалай қорғауға болады?» тақырыбында шеберлік сабағы өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Іс-шараны Integrity Тұлғалық даму қоғамдық қоры балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды. Кішкентайлар мен жасөспірімдерден бөлек олардың ата-аналары қатысып, буллингтің алдын алу жолдары ақпарат алды. Тренинг балаларды қарым-қатынас кезінде психологиялық әдіс психикалық айкидоны қолдануға бағытталған. Айкидо – қарсыластың күшін оған қарсы пайдалану. Яғни, қос адамның арасындағы қарсылықтың немесе қақтығыстың құнының жоқ екенін көрсету.

Read More

CaspianLife, 2 маусым – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарасты «Евразия» әскери бөлімшесінде болды, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Олар бір күн бойы әскерилердің өмірімен танысып, қолдарына шынайы қаруды ұстап көрді. Және казармаларды аралап, жауынгерлердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан соң шекарашылар студенттерге жауынгерлік дайындықтан үзінді көрсетті. Экскурсияға риза болған студенттер әскерилерге рахмет айтып тарасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше «Ашық есік күнін» өткізгендегі көздеген мақсат – жастардың бойындағы патриоттық сезімді, Отанға деген махаббатты ояту, әскер өміріне қызығушылықтарын арттыру көрінеді.

Read More