CaspianLife, 2 маусым – Атырауда «Ментальды Айкидо: өзіңізді буллингтан қалай қорғауға болады?» тақырыбында шеберлік сабағы өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Іс-шараны Integrity Тұлғалық даму қоғамдық қоры балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды. Кішкентайлар мен жасөспірімдерден бөлек олардың ата-аналары қатысып, буллингтің алдын алу жолдары ақпарат алды. Тренинг балаларды қарым-қатынас кезінде психологиялық әдіс психикалық айкидоны қолдануға бағытталған. Айкидо – қарсыластың күшін оған қарсы пайдалану. Яғни, қос адамның арасындағы қарсылықтың немесе қақтығыстың құнының жоқ екенін көрсету.