CaspianLife, 7 маусым — Жыл басынан бері Атырау облысында интернет арқылы жасалған алаяқтықтың 307 дерегі тіркелген. Оның ішінде 67 қылмыстық іс көпке ұзамай ашылған, деп хабарлайды CaspianLife. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта осындай қылмыстық істердің санын азайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына 96 мақала жариялап, 6 брифинг өткізген. 58 бейнеролик қала орталығындағы лэд экрандарда көрсетіліп, тұрғындарға сақтық іс-шарасы туралы жазылған жарнамалар таратыпты. Полицейлердің сөзінше жәбірленушілердің көпшілігі 20-40 жас аралығында. Олар жалпы сомасы 169 млн.теңгедей қаражаттан айрылған. Мысалы Атырау облысының 33 жастағы тұрғыны тауарлық несиені ақшалай шығарып беретіндігі туралы жалған ақпарат таратып, ол ойын жүзеге асырған. Оған қатысты полицейлер 47 деректің…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 маусым — Су тапшылығы, энергия көзін үнемдеу, экологиялық апаттардың алдын алу, экологиялық көрсеткіштерді оңалту, деп хабарлады CaspianLife. Осы мәселелер «Атырау экология диалогы: Қоғам және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбында өткен конференцияда айтылды. Өкінішке қарай, өндірісі жыл сайын дамып жатқан Атырау аймағында экологиялық мәселе шаш етектен. Ал оны шешу үшін билік осындай іс-шараларды жиі өткізіп, сол арқылы қоғамның ұсыныс-пікіріне құлақ түрмек. Ластаушы заттарды азайту,бұл – үлкен мәселе. Екінші мәселе – спикерлер айтты ғой, Каспий теңізінің түсіп жатқанын көрсетті. Яғни, біздің тарапымыздан су тұтыну көлемін азайтуға арнайы бағдарлама Қазмұнайгазда әзірленіп жатыр — деді «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм…
CaspianLife, 7 маусым — Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде индустриялық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады CaspianLife. Кеңес барысында оқу орны және аудан әкімдігі KPI Inc және GPC INVESTMENT мекемелерінің әрқайсысымен әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды. Ол бойынша инженерлік-педагогикалық бөлімнің студенттері аталған компанияларда тағылымдамадан өткізу, практикалық білімін арттыру секілді бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Іс-шара барысында қонақтар колледждегі құзіреттілік орталық пен оқу шеберханаларын аралап, білім беру процесіндегі жаңашылдықтармен танысты. Қазіргі таңда Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 369 студент оқиды. Негізгі құрылғанына 100 жылдан астам тарихы бар, біздер жылма-жыл 100-дің үстінде студент шығарамыз. Олардың жұмысқа орналасу пайызы…
CaspianLife, 7 маусым — Атырауда «Қауіпсіз өнім таңда» акциясы өтті, деп хабарлады CaspianLife. Басты мақсат – тұтынушылардың сатып алған тағамының адам өміріне қауіпсіздігін анықтау. Іс-шараны Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «7-маусым дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне» орай ұйымдастырды. «Сарайшық» коммуналдық базарында өткен акция кезінде тұрғындар өздері сатып алған көкөністердің құрамындағы нитраттың мөлшерін, сүт, ет өнімдерінің балғындығы мен майлылығын тексерді. Жыл сайын ұйымдастырылатын акция алдағы уақытта да өтеді дейді мамандар. Ең басты басымдылығы алған халық өзінің өнімін осы жерге алып келіп акция шеңберінде лабораторияның көмегімен сатып алған өнімнің қауіпсіздігіне тікелей көп уақыт созбай, осы базар барысында, сатып алу барсында көз жеткізіп үйіне…
CaspianLife, 7 маусым — Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері балаларға арнап «Өрттен сақтан!» атты спектакль қойды, деп хабарлады CaspianLife. Қойылым ертегі жанрында болды. Әртістер «Спанч Боб» мультфилміндегі балалардың сүйікті кейіпкерлерін сомдау арқылы оттың қауіпті екендігін түсіндірді. Кішкентай көрермендер спектакльде жан-жағын отқа орап, тіршілікті жою үшін арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған жағымсыз кейіпкерлер — от патшасы мен оның нөкерлері және қоршаған орта мен орманды қауіптен сақтайтын су ханшайымы арасындағы қақтығысты тамашалады. «Балалар қойылым арқылы өрттің қауіпті екендігін, қауіп төнген кезде өздерін қалай қорғау керектігін түсінді», — дейді спектакльдің қойылуына себепші болған құтқарушылар. Спектакль аяқталған соң балалар театр ғимараты…
CaspianLife, 6 маусым — Исатай ауданында «Нарын таңы» газетінің 70 жылдығына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда, деп хабарлады CaspianLife. Солардың бірі – жуықта футзалдан ашық біріншілік өтіп, оған ардагер журналистер мен газеттің қазіргі ұжымы, спортшылар және өзге де мекеме-ұжым мүшелерінен құралған он команда қатысты. Бүгін енді он команда бақ сынап жатыр. Оның ішінде «Атырау – Ақпарат» медиа холдингінен арнайы «Нарын таңы» газетінің намысын қорғау үшін бір команда алып келіп отырмыз. Осы шараларды өткізуге басы-қасында жүріп мұрындық болуға ат салысқан аудан басшылығы спорт саласының басқа да сала басшыларының қолдауына ризамыз. Алға қарай да осы іс-шаралар жалғаса беретін болады — деді «Атырау-Ақпарат» командасының…
CaspianLife, 6 маусым — Елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге паш ететін, ұлттық бірлікті нығайтып, патриотизмді қалыптастыруда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздерімізге биыл 31 жыл толды. Мерекені Исатай ауданының халқы да ойдағыдай атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Мерекеге арналған мұндағы салтанатты жиын орталық Қазақ елі саябағында ұйымдастырылды. Алаңға жиылған жұртшылықты аудан әкімі Полымбет Хасанов құттықтап, мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі екенін, оның мазмұнды нышандары өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұрғанын, рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасатынын атады. Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды. Санамызға тәуелсіздік идеясын сіңірген егемендігімізбен келешегіміздің кепілі…
CaspianLife, 6 маусым Атыраудағы қоғам белсенділері «Ембімұнайгаз» компаниясының ұжымы қолға алған көгалдандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды CaspianLife Олар ең алдымен Талқайран ауылының аумағындағы ағаштар отырғызылған учаскеге барып, жасыл желектердің жағдайын көзбен көрді. Кейін компания басшыларымен бірге көшет егіп, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» АҚ 10 гектардан астам жерге жергілікті топыраққа жақсы өсетін 9 мыңға жуық көшет еккен. Олар тамшылату әдісі арқылы суарылады. Шыбықтарды күтіп-баптап, олардың жайқалып өсуі үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз деген компания өкілдері істелген жұмыс пен жоспарын да айтты. Қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарын тиімді пайдалану , ластанған жерді тазарту, аймақтарды көгалдандыру жұмыстары бюджетімізден салмақты қаражат бөлінеді.…
CaspianLife, 6 маусым — Атырауда 5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бірқатар маманға «Экология саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі мен Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары берілді. Сондай-ақ экология тақырыбында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мекемелері арасында суреттер байқауы өтіп, 16 оқушы жеңімпаз атанды. Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Өзім осы экология саласына 1994 жылы келдім. Сол уақыттан бастап көтеріліп келе жатқан, ол кездері Қашаған кен орны, солтүстік Каспий жобасын іске асыру мәселесі тұрды, сол кездерден бастап біздер…
CaspianLife, 5 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Құрманғазы ауданында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Жиын еліміздің әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың туған ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Кейін аудан орталығындағы демалыс алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, әнұран орындалды. Тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов құттықтап, мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі екендігін атап өтті. «Мемлекеттік рәміздер – әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін айшықты белгілер. Бүгінде мемлекеттік нышандарымыз еліміздің басты символдарына айналып, көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдарда…
