Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 маусым — Доссор-Құлсары тас жолында автобус өртенді, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облыстық ТЖД-нің дерегінше, оқиға бүгін Мақат ауданы, Доссор-Құлсары тас жолының 27 шақырымында болған. Құтқарушыларға 10:17 шамасында Құлсарыға бағыт алған автобустың өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС-нің 4 қызметкері 1 бірлік техникасымен өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Жалын шарпыған «Yutong» маркалы автокөлігі түгелдей жанып кетті. Құтқарушылар өртті 11:04-те ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Фото: Атырау облыстық ТЖД

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Абай облысында жоғалып кеткен тракторшы өлі табылды, деп хабарлайды Caspian Life. Сергей Архипов 9 маусым күні көмектесу үшін өрт шыққан аумаққа өз тракторымен аттанған еді. Сол күні онымен байланыс үзілген. «Ол соңғы рет байланысқа шыққан кезде адасып кеткендігін айтты» дейді туыстары. Өкінішке қарай, тракторшының қызы әкесінің өлі табылғанын хабарлады. Осылайша, орман өртінен қаза тапқандар саны 15-ке жетті. Фото: kaztag.kz

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Құрманғазыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХІХ маусымының ашылу салтанаты өтті. Жиынға осы маусымда жұмыс істейтін жастар мен олардың әр ауылдық округтегі жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Биыл аудандық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелігіндегі 200 адам көгалдандыру жұмыстарымен айналыспақ. Жұмысқа барлық 19 ауылдық округтің жастарын жұмылдыру жоспарлануда. Маусым айындағы алғашқы лекке іліккен 75 адам бүгін-ертең іске кіріспек. Олардың міндеті – 7 ауылды абаттандыру болмақ. «Биылғы «Жасыл елдің» ерекшелігі — 16 мен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды, студенттерді, оның ішінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтып отырмыз. Соның ішіндегі NEET санатындағы…

Read More

CaspianLife, 12 маусым — Атырау мен Маңғыстаудағы қала маңындағы трассаларда өлім-жітім артып келеді, деп хабарлайды Caspian Life. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, мұндай жолдарда адам шығыны Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе және Түркістан облыстарында да артқан. Елімізде күн сайын жол-көлік оқиғаларынан 10 шақты адам қаза тауып, 70-ке жуығы түрлі жарақаттар алады. Мұндай оқыс оқиғалардың көбі республикалық жолдарда тіркеледі. Бұдан бөлек, күн сайын жол апатынан 1 бала мерт болады. Мәселен, жыл басынан бері еліміздің жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1046 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл жол-көлік оқиғаларында 72 бала қаза тауып, 1152-сі жарақат алған. ІІМ өкілінің…

Read More

CaspianLife, 12 маусым — Жақын арада Маңғыстау облысында «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, деп хабарлайды Caspian Life. Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, шілде айында жол қауіпсіздігін бейнебақылаудың зияткерлік жүйесі Ақтау қаласы мен Мұнайылы ауданында жұмыс істеп бастайды. Қазақстандық әзірлеушілердің «Сергек» өнімін орнату бірінші кезекте жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Ақтауда мұндай мақсатта 638 камера, Мұнайлыда 500 камера орнатылды. Құны 6,6 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобаның келісім-шарты 5 жылға жасақталған. Камераны әзірлеушілердің айтуынша, жазбалар 30 күн сақталады. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандар төлеген айыппұл жергілікті бюджетке жіберіледі. Фото: lada.kz

Read More

CaspianLife, 12 маусым — «Самұрық-Қазына» АҚ өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Caspian Life. Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бөлінген ақша эвакуацияланған елді мекен тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде беріледі. Сондай-ақ, Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы аударылады. «Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз», — деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.

Read More

CaspianLife, 12 маусым — Атырау облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады, деп хабарлайды Caspian life. «Қазгидромет» РМК-ның сөзінше, бүгін ауа температурасы күндіз 34-36 градус болса, 13-14 маусымда 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Ал, түнде температура 23 пен 25 градус аралығында болмақ. Ертең күндіз желдің екпіні секундына 7-12 метрге дейін жетсе, түнде 1-6 м/с-қа дейін бәсеңдейді. Ал, 14 маусымда желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетеді деген болжам бар. 13-14 маусым күні облыстың батысында шаңды дауыл соғады. Ал, «оңтүстігінде ауа температурасы 40 градустан асады» деп ескертеді «Қазгидромет» РМК. Фото: Рахим Қойлыбаев

Read More

CaspianLife, 12 маусым — Атыраулық ғалым Болат Мұхамбетов шөлейтті аймақта өсетін шөптердің санын көбейтумен айналысып жүр, деп хабарлайды Caspian Life Caspian news арнасына сілтеме жасап. Биология ғылымдарының докторы мал азығы ретінде пайдаланылатын көктің 20-ға жуық түрін өсіруді ғылыми тәжірибеден өткізіп, қолданысқа енгізіпті. Көздегенім — топырағы құнарсыз жерді жайылымға айналдыру, сол арқылы төрт түліктен алынатын ет-сүт өнімінің көлемін көбейту, — дейді профессор. Ғалымның бастамасын жүзеге асыру үшін Махамбет ауданы әкімдігі Сарайшық ауылынан 1 гектар жер берген. Көк тамшылату әдісімен суарылады. Ғалымның бастамасы өңір шаруалары мен аудан әкімдігіндегі жауапты мамандарды да қызықтырып отыр. Бұл — шабындық алқаптары мен жайылымдық жерлерден мол өнім…

Read More

CaspianLife, 12 маусым — Бүгін Атыраудың кейбір көшелерінде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелері бүгін электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында төмендегі көрсетілген мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Сағат 14.00 бен 18.00 аралығында Алмагүл-2 ықшам ауданындағы 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 үйлерде жарық болмайды. Фото: stihi.ru

Read More

CaspianLife, 11 маусым — Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады. Бұған дейін «Семей орманы» резерватында шыққан орман өрті кезінде Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзіліп, дереу іздестіру жұмыстары басталған еді. Министрлік олардың тізімін жариялады. 1. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы — «Семей орманы” МОТР” РММ Новошульба филиалы Успенское орманшылығының басшысы; 2. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы — «Семей орманы»МОТР» РММ Новошульба филиалының орман қорғау жөніндегі инженері; 3. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы — «Семей орманы” МОТР” РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі; 4. Губаев Алексей Григорьевич- “Семей орманы” МОТР” РММ Новошульба филиалы Успенское орманшылығының орман шебері-мемлекеттік инспектор; 5. Фоминых Максим…

Read More