CaspianLife, 15 маусым — Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жаңа мектеп бой көтереді, деп хабарлайды Caspian Life. Аудан әкімдігінің дерегінше, мектепте 600 оқушы білім алатын болады. Ал, құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған. «Мектеп тарлығын ауыл тұрғындары облыс, аудан басшыларының халықпен кездесулерінде жиі көтеріп келеді. Бұқараның тілегін орындауды басты міндет санаған аудан басшыларының ұсынысына сай, облыс әкімі Серік Шәпкенов жақында Сағыз ауылының тұрғындарымен кездесуінде сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында Сағыз ауылынан жаңа мектеп салынатынын мәлімдеген болатын. Енді аталған мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша «Самырұқ-Қазына» қоры арқылы салынбақшы»,- деді аудандық құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов. Оның айтуынша,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 маусым — Ертең Атырауда жөндеу жұмыстарын байланысты кей көшелерде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның хабарлауынша, төмендегі көрсетілген мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізіледі. 10.00 – 12.00 — Жұмыскер, Бекмағамбетов к. 10.00 – 14.00 — С.Жанаталап Школьная к, Байгазы к. 14.00 – 16.00 — п.Мирный, Ашхабатская к, Мұнайлы к. 14.00 – 17.00 — С.Жанаталап, Жамбыл к, Октябрьская к, Байшонас к. 10.00 – 18.00 — Еркінқала, Желтоқсан к.
CaspianLife, 15 маусым — Атырауда жас мамандар үшін «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтті. Оған 30-ға жуық компанияның өкілдері қатысып, 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Caspian Life. Мекемелерге әсіресе дәнекерлеуші, есепші, инженер, қойма меңгерушісі, сату менеджері, тазалықшы және тағы басқа жұмысшылар қажет. Осы жолы жәрмеңкеге өздеріне маман іздеген мектеп, балабақша басшылары да қатысты. Білім ошақтарына физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, ал балабақшаларға тәрбиешілер керек. Жәрмеңкені ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қала әкімдігі бірлесіп өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл басынан бері облыста осындай жәрмеңке 17 рет өтіп, 400-ге жуық адам еңбекпен қамтылған.…
CaspianLife, 15 маусым — Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы үш іс өзге өңірлердегі жауапты органдарға жіберілген, деп хабарлайды Caspian Life. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, 36 мыңға жуық маңғыстаулық әлеуметтік желілердегі күмәнді парақшаларға тіркелген және олардың барлығы алаяқтардың құрбаны болуы әбден мүмкін. Бүгінде департамент қызметкерлері 16 қаржы пирамидасын анықтады. «ЧАЙТАЙТИНГ қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша біздің мамандар тергеп жүргізіп жатыр. Жәбірленушілер саны — 14 адам. Шығын көлемі 11,5 млн теңге», — дейді Маңғыстау обылстық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Алексей Клименко. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасы анықталған. Ал «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен…
CaspianLife, 15 маусым — Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының бойына «Сергек» камералары орнатылуда, деп хабарлайды Caspian Life. Нақты айтқанда ақылды құрылғылар облыс орталығы мен Қарабатан зауыты аралығындағы жол қозғалысын реттемек, — дейді полицейлер. Аталған участокке бейнебақылау камераларын қондыруға бірнеше фактор әсер еткен көрінеді. Біріншісі жол көлік оқиғасы көбейіпті. Биыл шахар сыртындағы тас жолдарда 35 жол апаты болған. 23 адам қаза тауып, 54 адам жарақат алған. Және шет елдерден, өзге өңірлерден келетін көлік те көбейіпті.
CaspianLife, 15 маусым — Маңғыстау облысында жыл басынан бері 9 адам көкжөтел ауруына шалдыққан. Оның 6-ы Ақтауда, ал 3-і Жаңаөзен қаласында тіркеліпті. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігерінің орынбасары Бердібек Саралтаев хабарлады. Эпидемиологтардың айтуынша, 2021-2022 жылдары облыста ауыр жағдай тіркелмеген. Көкжөтел тек биыл бас көтере бастапты. Сондықтан балаларға екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге 2 ай мен 6 жас аралығындағы кішкентай маңғыстаулықтардың 39,5 пайызы немесе 39 мыңға жуығы вакцина алған. Бұдан бөлек дәрігерлер көкжөтел ауруының алдын алу үшін емханаларда, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе балалар арасында тез таралатын көкжөтел ауруының жасырын кезеңі 2-15 күн аралығын қамтиды. Дене қызуы 38,5…
CaspianLife, 14 маусым — Маңғыстау облысындағы арнайы экономикалық аймағы мүшелерінің саны артты. Нақтырақ айтқанда, енді «Ақтау» теңіз-сауда, «Баутино» және «Құрық» порты енді экономикалық аймақтың құрамында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл өңірге инвестицияны молынан тартып, ең ірі халықаралық көлік бекеттерінің бірін құруға ықпал етпек. «Қазір біз «Ақтау теңіз сауда портына» 19 гектар жер телімін бердік. Қазір порт тарапынан тиісті инвесторлармен өзара қатынастар жүріп жатыр. Ал, «Құрық» порты тарапынан дла құрылыс жұмыстары өзара инвесторлармен жұмыстанып жатыр», — дейді «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Кеңбейілов. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай «Ақтау теңіз портында» контейнерлік…
CaspianLife, 14 маусым — 14 маусым — дүниежүзілік донор күніне орай Атырауда «Өзгеге өмір сыйла» атты акция өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Іс-шараны 2018 жылдан бері ішкі саясат басқармасы мен қан орталығының қызметкерлері бірлесе отырып ұйымдастырып келеді. Дәстүрге айналған акцияның мақсаты — қала тұрғындарын ерікті түрде донор болуға шақыру және орталықтың тұрақты донорларына қолдау көрсету. Акция аясында түске дейін 60-қа жуық донордан жалпы көлемі 30 литр қан алынды. Ал былтыр акция кезінде 127 адамнан 54 литр қан жиналыпты. Мамандардың сөзінше, орталыққа келіп, 2-3 ай сайын қан тапсырып тұратын тұрақты 250 донор бар. Іс-шара соңында ерікті донорларға алғыс хат және естелік…
CaspianLife, 14 маусым — Атырау облысы дала және орман өртіне толықтай дайын емес. Облыстық әкімдікте аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен өткен жиналыстан осындай қорытынды шығаруға болады. Құтқарушылардың сөзінше кей аудандарда өрт сөндіру бекеттері қағаз жүзінде ғана бар, деп хабарлайды Caspian Life. 2021-2025 жылдар аралығындағы экономикалық-әлеуметтік жоспар бойынша Исатай, Тайсойған, Хиуаз және Бақсай ауылдарында 4 бекет ашылуы тиіс. Қазір бұл жұмыс Махамбет пен Исатай ауданында қарқынды жүріп жатыр дейді маман. Дегенмен, Исатай ауданының басшылары осы уақытқа дейін өрт сөндіру бекетін қаржыландыру туралы мәселе көтермепті. Дала мен орман өртіне Құрманғазы ауданы да дайын емес болып шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Дәурен…
CaspianLife, 14 маусым — Атыраудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын жұрт турасын айтқанда нәжіс суынан зардап шегіп отыр. Өйткені үйдің дәл қасында оң жағалаудағы халықтың лас суы жиналатын кәріз-сорғы станциясы орналасқан. Ал ол істен жиі шығады. Нәтижесінде айналаға сасық сумен қатар сасық иіс жайлайды, деп хабарлайды Caspian Life. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл мәселенің пайда болғанына 11 жылдай уақыт болыпты. Әкімдік те, коммуналдық қызмет те хабардар. Бірақ шешімін табуға асыққан ешкім жоқ. «Атырау облысы су арнасы» мекемесі өкілінің сөзінше, биыл станция күрделі жөндеуден өтеді.Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселе туралы қағаз бетіне түсіріп, 109 қызметіне, тұрғын үй коммнуалдық шаруашылық бөліміне, облыстық прокуратураға хабарласқан.…
