CaspianLife, 20 маусым – Биыл облыстың Құрманғазы және Исатай аудандарында 28 200 гектар жер химиялық өңделеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Руслан Шұғайыпов айтты деп хабарлайды caspianlife.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Егін егу маусымы басталмас бұрын облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен облыстық штаб отырысы өтіп, жайылым мен шабындықтарды химиялық өңдеуден өткізу мәселесі талқыланды. Нәтижесінде облыстың Құрманғазы және Исатай аудандарында 28 200 гектар жер химиялық өңделеді деп бекітіліп, қазір итальяндық шегірткеге қарсы 5600 гектар жер толықтай өңдеуден өткен. Ал қалған 22600 гектар жерге азиялық шегірткеге қарсы өңдеу…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 маусым – Жергілікті салықтар, оның ішінде көлік салығы бойынша жыл басында 6486 адам 200 млн 647 мың теңге берешек болса, қазір бұл көрсеткіш 10 868 адамға артып, 312 млн 842 мың теңге берешекті құрап отыр. Бұл туралы Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Сарманов баспасөз брифингінде мәлім етті деп хабарлайды caspianlife.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қазір азаматтар салықты бұрынғыдай банк органдарына келмей-ақ, «е-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» мобильді қосымшалары арқылы төлей алады. «Кірістер органы негізінен мемлекеттік кіріс бөлімін қалыптастырады. Сондай-ақ оның есептелуі мен уақтылы төленуіне аса қатты мән береді және бақылайды. Бізде қазіргі кезде көлік…
CaspianLife, 20 маусым – Қызылқоға ауданының Қарабау ауылына жаңа спорт кешені салынады деп хабарлайды caspianlife.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл кешеннің құрылысына 150 миллион теңге бөлінген. Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, құрылыс жобасының жалпы құны — 399 млн 234 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме мен техникалық қадағалаушы ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта Қарабау ауылында 1500-ге жуық адам тұрып жатыр.
CaspianLife, 20 маусым – Теңіз кен орнындағы ССЕР компаниясының мердігері — Kaz Group Partners серіктестігінде жұмыс жасаған оннан астам жұмысшы қаражатты ала алмай жүрміз деп наразылық білдірді деп хабарлайды сaspianlife.kz. Сөздеріне қарағанда еңбек-келісім шартының мерзімінен бұрын бітуіне байланысты өтемақы төленуі тиіс. Алайда, жұмыс беруші компания келісім-шартта көрсетілген талапты орындамай отыр дейді олар. «Осы кезге дейін Қазгрупп жекеменшік компаниясында жұмыс жасадым Енді міне, соңғы жалақымыз, соңғы еңбек демалысындағы жалақымыз, компенасциялық қаржымызды 8 ай бойы ала алмай жүрміз.. Жеке өзім Маңғыстау облысынан келіп тұрмын. Менің 8 ай бойы төленбеген еңбекақымды берсін. Талабымыз осы», — деді Kaz Group Partners ЖШС бұрынғы қызметкері Жеңіс…
CaspianLife, 20 маусым – Атырау облысында 10 мыңнан астам көлік заңдастырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мерзімінің аяқталуына 10 күн қалды. Содан болса керек Атырау облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының іші абыр-сабыр. Кесілген уақыт жақындаған сайын құжаттарын құшақтап жүгірген жүргізушілердің қарасы көбейді. Мамандардың айтуынша бұрын күніне 90-100 адам келетін болса, қазір 150-дей адамға қызмет көрсетіледі. «Номерді алғанда таңертең келіп, ақшасын төледім, Ұзақ болған жоқ, қағазды тапсырып жарты сағаттан кейін номерді алдым. Құжатты тапсыруда ешқандай қиындықтар болған жоқ»,- дейді Атырау қаласының тұрғыны Болат Мүтәліп. Қаңтардың 23-нен бері Атырау облысында 10 150 автокөлік заңдастырылған. Оның ішінде 150-і конструкторлық көлік.…
CaspianLife, 19 маусым – Маңғыстау облысындағы колледжердің бірінде сегіз оқытушының жалған дипломмен жұмыс жасағандығын анықталды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Олардың бесеуі Ақтау қаласында, үшеуі Қарақия ауданында. Қазіргі уақытта барлық оқытушы жұмыстан босатылды. Қарақия ауданындағы колледж оқытушыларының бірі сот шешімімен 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, тағы үшеуі тергелуде. Төртеуіне қатысты іс амнистияға байланысты қысқартылған.2022 жылы прокуратура органдары осыған ұқсас 14 қылмыстық іс тіркеген. Фото liter.kz сайтынан алынды
CaspianLife, 19 маусым – Атырау облыстық ТЖД экс-басшысы Сәбит Битаевтың мемлекет мүлкін өз мүддесіне пайдаланғаны белгілі болды деп хабарлайды caspianlife.kz Dalanews.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің таратқан ақпаратына сүйенсек, Сәбит Битаев курстасы, әріптесі Батыс Қазақстан облыстық ТЖД басшысы Ернұр Өтегеновтың бауыры қайтыс болуына байланысты оған көңіл айту үшін «Қазәуеқұтқару» мекемесінің ұшағын пайдаланып, мемлекет қазынасына 6 667 817,7 теңге шығын келтірген.Бұл үшін Сәбит Битаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған деп жазды басылым. Сәбит Битаев 2021 жылдың 21 шілдесіне дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.
CaspianLife, 19 маусым – Шілдеден бастап Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының жолдары мен қоғамдық орындарында «Сергек» камералары іске қосылады деп хабарлайды сaspianlife.kz. Қазір 1138 камера орнатылған. Оның 638-і Ақтауда, 500і Мұнайлыда. Орнатылған камералардың 800-ге жуығы жол, 400-ден астамы қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қадағалайды. Бейнебақылау деректері 30 күн сақталмақ. Полицейлердің айтуынша, «Сергек» камералары жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, тоқтау сызығын және қос жолақты басу секілді деректерді тіркейді. Ақылды құрылғы 150-200 метр қашықтыққа дейінгі жерді түсіреді. Камера құқық бұзушылықты анықтаса, айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді. «Қазақстан Республикасының 644 бабы 1 бөліміне жол…
CaspianLife, 19 маусым – Көлік жуу орталықтарының иелерінен суды үнемдейтін құрылғыны орнату талап етіледі деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атыраудағы көлік жуу орындарының иелері «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Атырау облыстық филиалынан көмек сұрай келді. Олар «Атырау облысы су арнасы» мекемесінің тарапынан қойылған талаппен келіспейді. Яғни кәсіпкерлер келесі айдың ортасына дейін суды үнемдеуге арналған құрылғыны орнатуы қажет. Әйтпесе, көлік жуу нысандары сусыз қалуы мүмкін. Бірақ бұл жабдықтың нарықтағы бағасы шамамен 3-5 миллион теңге тұрады. Ал арзаны 500 мың теңге. Бірақ сапасы нашар. Бұл мәселені шешудің бір жолы кәсіпкерлерді техникалық сумен қамтамасыз ету. Бірақ бұған жауапты орындар да, кәсіпкерлерлер де дайын емес. «Атырау облысы су…
CaspianLife, 19 маусым – Атырау облысында осы аптада күн әдеттегідей ыстық болмайды деген болжам бар деп хабарлайды сaspianlife.kz. Синоптиктердің айтуынша, 19 маусым күні облыстың шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 20-23 маусым аралығында күн райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, күндіз 21-26, кей күндері 28-33 градус ыссы болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Атырау аймағында нөсер жауын жауып, желдің екпіні күшейген еді. Тіпті кей жерлерде бұршақ жауып, көпті әбігерге салды. Мамандардың айтуынша, күннің салқындауына ауа қысымының өзгеруі себеп. Бұл өз кезегінде ауа массасының жоғары қысым аймағынан төменгі қысым аймағына ығысуына ықпал етеді. Жалпақ тілмен…
