CaspianLife, 19 маусым – Атырауға қосымша мұз айдыны қажет деп хабарлайды сaspianlife.kz. Соңғы жылдары Атырауда қысқы спорт түрлеріне қызығушылық танытатындардың қатары өскен. Соның ішінде мұз үстіндегі спортпен айналысушылардың саны артып, шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудың қатарына кёрлинг қосылған. Бұл туралы коммуникациялар қызметі хабарлады.Жуықта аймақ басшылары, федерациялардың, спорт мектептерінің басшылары мен спорт жанашырлары қатысқан жиын өтті. «Қазір шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанау дамып жатыр. Оның үстіне көпшіліктің қызығушылығының арқасында бұрын-соңды өңірде болмаған спорт түрі кёрлинг қосылды. Бұдан бөлек парахоккейге қызығушылық танытып отырғандар да бар. Алайда, Атырауда мұз айдыны жалғыз. Бәрі бір уақытта, бірдей дайындалу қиынға соғады. Оның үстіне қолданыстағы мұз айдыны…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 маусым — Маңғыстаулық экологтар «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өртеніп жатқан ұңғыманың қошаған ортаға қаншалықты зиян келтіргендігін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Caspian Life. Олардың сөзіне қарағанда оқиға болған жердегі метанның концентрациясы нормадан 40-50 есе асып кетуі әбден мүмкін. Бұл әзірге болжам ғана, ал нақты мәлімет тек өрт сөнгеннен кейін белгілі болады, — дейді мамандар. Естеріңізге салайық, «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнындағы өрт 9 маусым күні басталды. Бұрғылау құрылғысын жоғары көтеріп жатқан кезде газды су қоспасы атқылап, ұңғыма айналасында диаметрі 15, тереңдігі 2-3 метрге жететін шұңқыр пайда болған. Өртеніп жатқан ұңғыма «Бозащы-Мұнай» компаниясына тиесілі. Апаттың шығуына ұңғымадағы өртке қарсы жабдықтың…
CaspianLife, 16 маусым — 10 шілдеден бастап Ақтау қаласындағы және шаһардан Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатынайтын автобустарда жолақы төлеудің сараланған тарифі енгізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев хабарлады. Оның айтуынша, электрондық төлем жолақы жүйесін оңтайландырады. Жыл басынан бері қала ішінде және аудандарға қатынайтын коғамдық көліктер – 9 миллион 600 мыннан астам жолаушы тасымалдаған. Соның ішінде жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеудің үлесі 52 пайызға жетіп отыр. Жол ақысын электронды төлеу Kaspi QR, кез-келген банк карталары мен «O-city» көлік картасы арқылы жүзеге асады. Сараланған тариф аясында жолақыны қолма қол ақшамен төлеу қымбатқа шықса, ал электронды төлем…
CaspianLife, 16 маусым — Атырауда 2025 жылға дейін 30-ғу жуық медициналық мекеме бой көтереді, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігіне сілтеме жасап. «Қазіргі таңда 5 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. (Жылыой ауданының Қарағай, Қызылқоға ауданының Айдын, Махамбет ауданының Аққайың, Еңбекшіл, Көздіқара ауылдары) Үш подстанциясы бар жедел жәрдем станциясының құрылысын бастау жоспарлануда. Осы жылы ауылдық жерлерде тағы 5 нысанның құрылысы басталады»,- С.Шәпкенов. Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен Құлсары қаласында 75 орындық орталық аудандық аурухананың, NCOC компаниясының көмегімен Атырау қаласының Береке ықшам ауданында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория құрылыстары жүргізілуде. Атырау қаласында да екі емхана салу жоспарланған. Сонымен бірге, Атырау қаласындағы облыстық онкологиялық…
CaspianLife, 16 маусым — Атырауда туризм саласында жаңа жұмыс орындары ашылмақ, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақта құны 10,8 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның арқасында 338 жаңа жұмыс орны ашылады. 5 жоба бүгінде іске қосылған, ал екеуі жыл соңы дейін аяқталады деп күтілуде. «Ежелгі Сарайшық қаласының маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін биыл мұнда визит-орталық ашылды. Көне шаһар Қазақ хандығының астанасы болған өңіріміздегі қастерлі әрі тарихи орындардың бірі екенін жақсы білесіздер. Сарайшық қалашығы өңіріміздің визит картасына айналады, деп сенеміз. Қазіргі таңда 2023-2027 жылдарға арналған «Сарайшықты дамыту» тұжырымдамасы жасақталып жатыр. Сондай-ақ, жыл соңына…
CaspianLife, 16 маусым — Атыраулық медицина қызметкерлеріне бір жолғы материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтың сөзінше, биылдан бастап Атырау облысына жұмысқа келетін медицина мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағдарламасы жұмыс істейді. Осы мақсатта қалада жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлерге 3 млн теңгеге дейін, аулдық жерлерде 5 млн теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек беріледі. Одан бөлек, Атырауда ғана жүзеге асырылатын арнайы бағдарлама бойынша дәрігерлер «Отбасы Банк» АҚ жергілікті филиалы арқылы кепілсіз және жылдық 5%-бен тұрғын үй сатып алуға қатыса алады. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін Атырауға алыс және жақын шет…
CaspianLife, 16 маусым — Атырау халқының 100 пайызға жуығы су және газбен қамтылған. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, облыс халқының 99,7 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Одан бөлек, биыл жоспар бойынша 8 ауылдық елдімекенде (Қызылқоға ауданының Қоғам, Қоныстану, Қоңыраулы, Аққора, Сарқұмақ, Былқылдақты, Соркөл, Кенбай ауылдары) су құбырының құрылысы мен суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату басталды. Жоспар бойынша бұл жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Сондай-ақ қазіргі таңда 6 ауылды сумен қамтамасыз ету үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Олардың құрылыс жұмыстарын 2024 жылы бастау көзделген. Атыраулықтардың 99,7%-ы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Сонымен бірге, 8 ауылда газ құбыры салынып…
CaspianLife, 16 маусым — Атырауда 17 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен бірге, 4 апаттық мектеп пен үш ауысымдық 11 мектеп жұмыс істейді. Осыған байланысты биыл Атырау облысында бірнеше білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Атап айтсақ, елде халық санының көбеюіне байланысты Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде 3540 балаға арналған 13 және аудандарда 600 балаға арналған 4 балабақша бой көтеруде. Оның 9-ы биыл жазда қолданысқа берілсе, 7-еуі келер жылы ашылады деп жоспарланған. Ал, бір бөбекжай бойынша жобалық-сметалық…
CaspianLife, 16 маусым — Атырау елімізде инвестиция көлемі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері облысқа салынған инвестициялар көлемі 6,7%-ға артып, 1,1 трлн теңгеге жеткен. Жалпы Атырауға елімізге тартылған инвестицияның 22,5% тиесілі. Аймаққа тартылған сыртқы инвестиция көлемі 474,3 млрд теңге болса, ішкі инвестиция 665,2 млрд теңге. Бүгінде түрлі бағдарлама бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде былтыр Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы сомасы 815,2 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Осылайша бас-аяғы 748 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба…
CaspianLife, 15 маусым — Ақтауда ойнап жүрген жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Caspian Life. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 20 мамырда 16 жастағы жасөспірім ауыр жағдайда жеткізіліпті. Оқиға 7-ші шағын ауданда болған. «24 мамыр күні науқастың анасы келіп, баласының жағдайы жақсы екенін айтып, алып кетті», — дейді дәрігерлер. Жасөспірім бір апта үйде ем алғаннан кейін, есінен танып, қалшылдай бастаған. Оған алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді. Ақ халаттылар томография арқылы инсульт белгілерін анықтапты. Дәрігерлер науқастың миы шайқалып, ауыр жарақат алғанын айтып отыр. Желі қолданушылары ес-түссіз жатқан балаға қан қажет екенін айтып, көмек сұрауда. Олар 34-шағын…
