Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 маусым — Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнындағы ұңғымадан шыққан өрт әлі басылар емес. Осы жағдайға байланысты өңір басшысы Нұрлан Ноғаев шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Caspian Life. Жиынға ҚР энергетика вице-министрі, құтқарушылар, «ҚазМұнайГаз», және «Бозащы » компаниясының өкілдері қатысты. Олар жалынды сөндірудің түрлі нұсқасын айтты. «Бозащы Мұнай» ЖШС бас геологы ұңғыманың айналасында пайда болған шұңқырды арнайы ауыр ерітіндімен толтыруды немесе газ қысымын төмендету үшін қосымша ұңғыма қазуды ұсынды. Сондай-ақ газ қысымының төмендеуіне байланысты өрт өздігінен сөнеді деген де пікірлер айтылды. Алайда мұны көпшілік қолдамады. «Бұл жеңіл-желпі қарайтындай жағдай емес. Барлық мемлекеттік орган жұмылып, нақты іске көшу керек.…

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Маңғыстау облысында шаруалар мал жаятын жерсіз қалдық деп әкімдік алдына жиналып, наразылық білдірді. Ел арасында «Жетікөл» аталып кеткен жайылымның жыры бір жарым жылдан бері бітпей отыр. Себебі, өріс құм қазу мақсатында кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Салдарынан Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы жүзге жуық шаруа мал жаятын жерсіз қалды. Шаруалар жағдайдың ушыққанын бейтаныс адамдар келіп, жер қаза бастағанда бір-ақ білген. Жайылымда Мұнайлы ауданына қарасты бес-алты ауылдың малы жайылады. Аталған аумақтан шаруалардың өтінішімен төрт-түлік су ішетін фонтан қазуға әкімдіктен қаражат бөлінген. Алайда енді жайылымды кәсіпкер алса, судан да қағыламыз дейді…

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Биыл қалада 100 ауладағы ойын алаңдары жаңартылып, жаңадан 35 футбол алаңы салынады, деп хабарлайды Caspian Life. Жұмыс аяқталып нысандар пайдалануға берілген соң оларды күтіп ұстау үшін арнайы мердігер компания анықталады. Яғни енді ойын алаңдары қараусыз қалмайды. Дегенмен әкімдік мамандары жаңа нысандарға көпшіліктің жауапкершілікпен қарауын сұрайды. «100 аула» жобасын іске асыру үшін бюджеттен 6,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жоба бойынша «Вокзал маңы», «Алмагүл», «Авангард», «Лесхоз», «Балықшы» мөлтек аудандарында абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр. 2022 жылы басталған жоба биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Фото: Ақылбек Кертаев

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Исатай ауданы аумағының көп бөлігін Нарын құмы алып жатса да, әрі жері тұзды болса да мұндағы халық біртіндеп егіншілікті қолға алып келеді. Кейбірі бау-бақша салмақ боп жер алса, өзгелері қосалқы шаруашылықпен айналысуда. Исатайлық шаруалар биыл 82 гектар жерге егін салды, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Оның ішінде 66 гектарға суданка мен жоңышқа, 10 гектарына көкөніс егілген. Ал 6 гектар аумақта бау-бақша болмақ. «Шаруалар Бақсай мен Нарын каналы бойына егін егіп, өздерінің жоспары бойынша шаруашылықтарын жүргізіп отыр. Бұл аудан халқын аз болса да азық-түлікпен қамтамасыз етудің бір жолы деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да…

Read More