Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 маусым – «Дина» базарының маңындағы сауда объектісінде болған өрт сөндірілді деп хабарлайды caspianlife.kz  Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ғимаратты төбесі жанып кеткен. Қазіргі өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 53 құтқарушы мен 13 техника жұмылдырылған.

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Атыраудағы жұмыспен қамту орталықтары таратылады деп хабарлайды сaspianlife.kz. өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2023 жылғы 9 маусымдағы №90 Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен «Атырау облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. 1 шілдеден бастап Еңбек мобильдігі орталықтарының филиалдары мансаптық орталықтарға айналады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов айтты.1 шілдеден бастап Атырау облысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылып, барлық 7 аудан мен облыс орталығында мансап орталықтары жұмысын бастайды. «Қала мен барлық ауданда халықты жұмыспен қамту орталықтары мекемесінің жұмысын тарату…

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылдық округіндегі ток желілері жаңартылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. аудани әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандағы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №402 бекетін электрмен жабдықтау жұмысы өткен жылдың маусым айында басталған еді. Жуықта құрылыс жұмыстарының пайдалануға беру актісі тапсырылған. «Нысанның жалпы ұзындығы 6,33 шақырымды құрайды. Аталған бекетке 2100 кВА қуаты бар трансформаторлық қосалқы стансасы және 40 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылды.  Қазіргі таңда «ЭнергоСату» ЖШС мекемесімен есептеу құралдарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде»,- деді Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қонысалы Төлеуов. Айта кетейік, бұған дейін Доссор кентінде 1,89 шақырым ток желілері, 1 дана 160 кВа трасформаторлық қосалқы стансасы…

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Жасы 70-ке таяған бұрынғы теміржолшы, қазіргі саяхатшы Жұмабай Отарғалиев велосипедпен Қазақстанды аралауға шықты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ол өзінің осы саяхатын Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына, Шу-Мойынты темір жолының 70,  Астана қаласының 25 жылдығына арнаймын дейді. Ардагер 22 маусым мен 31 шілде аралығында БҚО, Ақтөбе, Қызылорда, Талдықорған, Алматы, Павлодар, Маңғыстау облысын аралап шықпақ. Жұмабай Отарғалиевті Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері ақ жол тілеп, шығарып салды. Жұмабай Отарғалиев осы уақытқа дейін еліміздегі 100-ге жуық елдімекенде болып, 5 мың шақырымдай жол жүрген.

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Атырауда қарақұрт мал-жанға қырғидай тиіп тұр деп хабарлайды сaspianlife.kz. Күні кеше Индер ауданында 10 адамды шағып, ауруханадан бір-ақ шығарды. Қазір олардың жағдайы жақсы, үйлеріне жіберілген. Аудан әкімдігінің мәліметінше,   Көктоғай, Елтай және Бөдене ауылдарында жағдай мәз емес. Бүгінге дейін 124 түйені қарақұрт шағып, оның он алтысы өлген. Улы жәндік жылқы мен сиырға да зиянын тигізіп тұр. «Осы қарақұрт шаққан малдарыңызды жедел түрде ветеринария мамандарына хабарлап, емдік шараларын тездетіп алуларыңызды сұраймыз. Былтырғы көрсеткішке қарағанда биылғы көрсеткіште қарақұрт шағу өте жоғары темпте көрсетіп отыр», -дейді Индер аудандық ветеринариялық станция басшысының орынбасары Ержан Әбішев. Егер улы жәндік шағып алса, дереу…

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Атырау қаласының бұрынғы әкімі – Сәлімжан Нақпаев Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл туралы сaspianlife сайтына зауыттың баспасөз қызметі мәлімдеді.  Сәлімжан Нақпаев әлеуметтік мәселе, қоғаммен және мемлекеттік органдармен байланыс жағына жетекшілік етеді. Естеріңізге салайық Сәлімжан Нақпаев мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды. Мақат, Жылыой ауданының, Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Read More

CaspianLife, 21 маусым – Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден шығарылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ПД 19 маусымда басталған «Заңсыз келуші – 2023» іс-шарасы аясында 2 күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 231 тұлға әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде: — ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған» — 116 тұлға; — ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару, ҚР халықтың көші-қоны…

Read More

CaspianLife, 20 маусым – Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған деп хабарлайды caspianlife.kz inbusiness.kz. сілтеме жасап. Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты куәгер ретінде тергеліп жатқанын мәлімдеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналист Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның «мәртебесі қандай?» — деп сұрады. Берік Асыловтың айтуынша,  тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған. «Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», — деді бас прокурор Берік Асылов.

Read More

CaspianLife, 20 маусым – Полицейлер түлектер мен олардың ата-аналарына ескерту жасады деп хабарлайды caspianlife.kz Атыраулық полицейлер мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына ескерту жасады. Өйткені 20-22 маусым аралығында облыс орталығында 11 сынып оқушыларына  аттестат тапсыру рәсімі болады. Әрі сол күндері мейрамханаларда кеш өтеді. Ал оның артының кейде қайғылы оқиғаға ұласатыны бар. Балалардың тарапынан жасалған кез-келген құқық бұзушылыққа ата-ана жауапты болады, сондықтан олардың іс-әрекеттерін бақылауда ұстап, қауіпсіздігіне мән берген жөн», — дейді тәртіп сақшылары. «Жылда болатын оқыс оқиғалар: көшедегі субұрқақтарға шомылу, өзен-көлдерге ару, автокөліктермен  мектеп  түлектерінің жол-көлік оқиғаларын жасауы, суицид, табиғат аясында демалу,  пикниктерге шығу, мейрамханаларға баратын күндері таңды қарсы алу, костер…

Read More

CaspianLife, 20 маусым – Атырауда «терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты» құрылысының жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды caspianlife.kz Оған қоғам белсенділері, экологтар, депутаттар мен жобаға жауапты КМГПетрохем компаниясының өкілдері қатысты. Аталған мекеме «Қазмұнайгаздың»100 пайыз еншілес компаниясы. Жаңа нысан Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасады. Аумағы 103 гектар болмлақ. Полиэтилентерафталаттың басқаша аты – термопласт. Тұрмыста кеңінен қолданылатын соққыға төзімді полимерден күнделікті өмірде қолданылатын бұйымдар – бөтелке, контейнер, пленка, арнайы жіп, киім, шина, тіпті мата да жасалады, — дейді «КМГПетрохем» өкілдері.  «Полиэтилентерефталат дегеніміз — пластик полимер. Қауіпсіз, кез-келген адам қолымен ұстап көре алады. Қандай да бір пластиктің құрамында полиэтилентерефталат болады.…

Read More