CaspianLife, 29 маусым —Маңғыстауда үш баласын айуандықпен өлтірген ер адам өмірбақи бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Маңғыстауда үш баласын айуандықпен өлтірген ер адам өмірбақи бас бостандығынан айырылды. Оған қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған еді. Істі Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот қарады. Күдіктінің кінәлі екендігін сараптама қорытындысы дәлелдеді. Үйге қасақана балта және ас үй пышағын алып кіріп, үш кішкентайды асқан қатыгездікпен өлтірген сотталушы соңғы сөзінде жасаған ісіне өкінетінін айтты, — дейді судья. Естеріңізге сала кетейік, көптің жағасын ұстатып, зәре құтын қашырған оқиға 24 наурыз күні Ақтау қаласындағы 27 шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 37 жастағы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 маусым — Атырау қаласында ағаш егетін жер қалған жоқ,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Әкімдікте қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен жиында қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев осылай деп мәлімдеді. Және жер асты сулары да бір бөлек мәселе. Сондықтан, облыс орталығына көшет егіп, айналаны абаттандыруға ниетті кәсіпорындарға шалғайдан жер бөліп беруге тура келеді, — дейді ол. Қоғам белсенділері қаладағы саябақ мәселесін де көтерді. Аймақтың экологиясын ескерсек, ағаштар Атырауға сәндік үшін емес, оттегіні көбейту үшін қажет. Сондықтан, олар «саябақ» деген аты ғана қалған Ретро паркті ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ компаниясына қайтарып беру керек деген ұсыныс айтты. Өйткені жергілікті атқарушы органның қолынан паркті жайнатып ұстап отыру келмейді…
CaspianLife, 29 маусым —Атырауда Құрбан айт мерекесі алғаш рет кең көлемде атап өтілді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда«Айт-думан» деп аталатын рухани іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Еркебұлан қари Сержанұлы құран оқумен бастаса, қала басшылары жиналғандарды құттықтап, жылы лебіз білдірді. Қаладағы 13 мешіттің әрқайсысы өз атынан киіз үй тікті. Айттап жүрген халыққа дастархан жайып, балаларға тәтті таратты.
CaspianLife, 27 маусым —Шетелдік нөмірлі көліктерін белгілі бір себептерге байланысты заңдастыра алмай жүрген жүргізушілер облыстық әкімдіктің алдына жиналды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Олар сақтандыру полисінің және легализация мерзімін ұзартуды талап етті.Жүргізушілермен кездескен полиция қызметкерлері оларға қандай жағдай болса да 1-ші шілдеге дейін өтініш беру керектігін айтты. Жиналғандарды жергілікті әкімдік өкілдері де тыңдады. Олар жүргізушілердің талабын қағазға түсіріп, жауапты министрлікке жолдайтындықтарын айтты.
CaspianLife, 27 маусым —Балабақшада ойнап жүріп, саусағының бір бөлігінен айрылған бүлдіршіннің ата-анасы сотқа арыз түсірмек,- деп хабарлайды caspianlife.kz. 4 жасар Әсияның әкесі Ержан Тәженов егер мектепке дейінгі ұйым басшылығы балаға қажетті көмекті көрсетпесе осылай істегеннен басқа амалым жоқ дейді. Айтуынша, екінші тарап әзірге кешірім сұраумен шектелген. Оқиға кеше түске таман балабақша ауласында болған. Бөбекжай әдіскерінің айтуынша, әткеншек теуіп отырған қыздың қолы қанап жатқанын тәрбиешілер көріп, алғашқы көмек көрсеткен. Іле-шала балалар ауруханасына жеткізіпті. Қазіргі кезде баланың жағдайы жаман емес. Көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, — дейді дәрігерлер.
CaspianLife, 27 маусым —Маңғыстау облысындағы Түпқараған аудандық білім бөлімінің қызметкерлері айлаларын асыра алмады,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Олар Форт-Шевченко қаласындағы балабақшалардың біріне 3 дана принтер сатып алмақ болып, әрқайсысын 10 миллион теңгеге бағалаған. Ал техниканың нарықтағы құны – 100 мың теңгенің шамасында. Білім бөлімі мамандарының бұл іс-әрекетін антикорлықтар мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасау кезінде анықтапты.
CaspianLife, 27 маусым —Биыл атыраулықтар құрбан айт мерекесін Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда атап өтеді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Алаңда таңғы алты жарымда айт намазы оқылып, сағат онда мерекелік іс-шара басталады. 14 киіз үй тігіліп, халыққа дастархан жайылмақ және 10 мыңға жуық балаға тәтті таратылады. Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының сөзінше дін мен дәстүр ұштастырылған рухани жиынға да бір сағат уақыт бөлініп, оның соңы қазақтың терме, күйлері орындалатын концерттік бағдарламаға жалғасады. Мерекелік іс-шара мұнымен шектелмейді. Күрес, арқан тартыс, қой көтеру сынды спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ. Балалар үшін тегін батут орнатылады. Айтқа арналған мерекелік жиын түскі сағат бірде аяқталмақ.
CaspianLife, 27 маусым — Құрбан айтқа мал іздеп, базар аралаған халықтың қарасы көп. Бірақ, үйдегі көңілді базардағы бағаның бұзып тұрған жайы бар,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Қазір мұнда қой 70-130 000, мүйізді ірі қара 350-600 000 теңге аралағында саудаланып жатыр. Тұрғындар былтыр 50-60 мыңға семіз ісек алатындай мүмкіндік болса, биыл бұл сомаға тышқақ лақ та таппайсың дейді. Мал саудасын қыздырып тұрған сатушылардың да айтар өз уәжі бар. Оларға сенсек, бағаның көтерілуіне түрлі фактор әсер ететін көрінеді. Мысалы, жол, жем-шөп шығыны, бақташыларға төленетін ақы және тб. Ал мешіт қызметкерлері мүмкіндікті пайдаланып, бағаны қымбаттатып, пайда тауып қалуға тырысқаннан гөрі, халықтан алғыс алған жөн дейді.
CaspianLife, 27 маусым — Ақтауда мемқызметші өзіне сыйлық жасаған балабақша директорларын антикорға ұстап берді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Облыс орталығындағы 26 жеке балабақшаның басшылары жалпы сомасы 40 мың теңге жинап, оған сертификат пен торт сатып алып, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысына сыйлапты. Бірақ, бұған қуана қоймаған ол бірден тиісті орынға хабарласқан көрінеді. Нәтижесінде сый жасағыш директорларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өз іс-әрекетін бірден мойындаған 25 басшының әрқайсысына 345 000 теңгеден айыппұл салынған. Ал біреуі істегенін мойындай, іс сотқа жетті. Кінәлі деп танылған ол 483 000 теңге айыппұл төлейтін болды.
CaspianLife, 26 маусым — Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттердің тәжірибе жинақтауы үшін «Индустриалды мектеп» атты жазғы лагері ашылды, -деп хабарлайды caspianlife.kz. Индустриалды серіктестермен бірге жүзеге асырылып жатқан жобаға қатысу тегін. Жазғы лагерь 26 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Студенттер үш апта бойы геология, мұнай-газ ісі, мұнай өндіру және мұнай химиясы, химиялық инженерия және өндірісті автоматтандыру мамандығы бойынша тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, олар бағдарламаға сәйкес кәсіби курстарға, тренингтерге қатысып, кәсіпорындарда тәжірибеден өтпек. Университет басшылығының айтуынша, бұл аймаққа білікті мамандарды тартудың тиімді жолы болғалы тұр. Жазғы лагерь аяқталғаннан кейін студенттерге қатысқаны туралы куәлік пен мөрі бар тәжірибе күнделігі…
