Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 шілде — Атырауда сұйытылған газдың ең арзан бағасы 54 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау қаласында автокөлікке сұйытылған газ құятын 50 станса бар. Ал, Жылыой ауданында 19, Құрманғазыда – 11, Қызылкоғада – 6, Мақатта – 6, Индерде – 6, Исатайда – 6, Махамбет ауданында 3 станса орналасқан. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес сұйытылған газ бағасына өзгеріс енгізілді. Соған байланысты Атырау қаласы мен одан 200 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан елді мекендердегі газ құю стансасында сұйытылған газ бағасының литрі 54 теңгеден сатылады. Ал, облыс орталығынан 200 шақырымнан асатын қашықтықтағы елді мекендерде…

Read More

CaspianLife, 3 шілде — Ертең Атырауда бірнеше көшеде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелері 04.07.2023ж. электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында төмендегі көрсетілген мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді. Уақыт: 10.00-17.00 с.Еркинкала ул.Ескалиева ул.Баймуханова д.45,45а,45г,47,47а,47б,48,50а,50г, с. Еркинкала ул.Оразалин, ул.Тусипкалиева, ул.Кушербаева, ул.Акжелкен, ул.Болеккайыр, ул.Асанова, ул.Аленова, ул.Ескалиева, ул.Айтмагамбетова, ул.Кызыл Тенизши, ул.Атамура, ул.Желтоксан, Ракуша ул.Казахстан, ул.Хасанова, ул.Ынтымак, ул.Сакпарова, ул.Бокашева, ул.Нугманова, мкр.Оркен ул.Шореева, ул.15,43, мкр. Саркамыс ул.Жиембета, мкр.Балауса ул.3

Read More

CaspianLife, 3 шілде — Атырау облысы еңбек мобильділігі орталығына басшы тағайындалды, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл қызметті Жылыой ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қайрат Омаров атқарады. Жаңа орталықтың басшысын ұжымға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов таныстырды. Қайрат Омаров Атырау мұнай және газ институтының «экономист» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек өтілі: 2004 – 2007 жылдары аралығында Атырау облыстық «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да түгендеуші; 2007 – 2011 жылдары аралығында «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның аға менеджері; 2011 – 2013 жылдары аралығында банк операцияларын сүйемелдеу бөлімінің есепшісі; 2013 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Жылыой ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен…

Read More

CaspianLife, 3 шілде — «Теңізшевройл» компаниясы Атырауда жұмыссыздар арасында оқуға іріктеу жүргізеді, деп хабарлайды Caspian Life Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысы әкімдігі мен ТШО арасындағы келісімге сәйкес іріктеу 5 мамандық бойынша 3-7 шілде аралығында өтеді. Компания бұған дейін 3 мыңнан астам азаматты халықаралық деңгейде оқытты. Бастапқыда оқу 11 мамандық бойынша болғанымен, бүгінде нарықтағы сұранысқа байланысты 5-еуі қалды. «Олар құбыр монтаждаушы, БӨАжА монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбыр дәнекерлеуші және металл конструкцияларын дәнекерлеуші. Соңғы көрсетілген екі мамандықтың оқу ұзақтығы 4 ай, қалғандары 3 ай оқытылады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов. Басқарма басшысының айтуынша, жауапты…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХІХ маусымының ашылуына орай плоггинг акциясы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Яғни қала, аудандардағы оқу орындарының жастары «Тентектер», «Қырандар», «Нұр», «Жасыл желек» деген 4 командаға бөлініп, Жайық жағалауын қоқыстан тазалады. Нәтижесінде «Тентектер» аз ғана уақыттың ішінде 21 қапшық қалдық жинап, жеңімпаз атанды. Еңбек жасағының мүшелері әрі көңіл көтеріп, әрі пайдалы іс істегендеріне риза. Іс-шараның өтуіне Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері себепші болды. Олар осы жолы « Жасыл ел» қатарына шалғай ауылдағы жасөспірімдерді де тартыпты. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері тамыздың 30-ына дейін жұмыс істейді. Осы мерзім ішінде барлығы…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Қазіргі кезде аймақтағы 11 мектепке күрделі жөндеу жасалып жатыр. Оның бесеуі – облыс орталығында. Өкініштісі сол – кейбіріндегі жұмыстың қарқыны бәсең, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау қаласындағы №4 облыстық арнаулы шипажайлы мектеп-интернатындағы күрделі жөндеу жұмысы былтыр маусым айында басталды. Биыл ақпанда аяқталуы керек еді. Бірақ әлі біткен жоқ. Мектеп басшылығы заң бойынша мердігерді сотқа беріпті. Сот процесі болып жатса да, мердігер мекеме өкілі мектеп-интернаттағы жөндеу жұмысын аяғына дейін жеткізем деп отыр. Оқу орнының басшысы да жаңа оқу жылын сыңғырлаған ғимаратта қарсы аларымызға сенемін, — дейді. Дәл осындай жұмыс қаладағы 13-інші, 22-нші, 27-нші және 31-інші мектепте және…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Алдағы аптада ауа температурасы көтеріліп, күндіз сынап бағанасы 37 градусқа дейін жетуі мүмкін деген болжам бар, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Синоптиктердің айтуынша, 2 шілдеде облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал. Әуелі оңтүстік-батыстан соққан жел кейін бағытын солтүстік-шығысқа қарай ауыстырады, екпіні секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді. Дәл осындай күн райы 3-інші шілде күні өңірдің шығысында да болуы ықтимал. Жалпы облыс көлеміндегі ауа температурасы түнде 15-20 градус аралығында болса, күндіз сынап бағаны 25 градустан 37 градусқа дейін көтерілмек.

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Атыраудан Алматыға бет алған ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлауы себеп болған, деп хабарлайды caspianlife.kz. Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. «Хабарламада жолаушының қызылордалық дәрігерлерге тапсырылғаны және ұшақ экипажының Алматыға ұшуға дайындалып жатқаны» айтылған. Әуе компаниясы рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі жоқтығын ескертті.

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 23 қаңтардан бері өңірде 12 191 адам автосын легализациялап, мемлекеттік нөмір алған. Оның ішінде 6511-і Армениядан, 5253-і Ресей Федерациясынан,115-і Қырғызстаннан, 41-і Грузиядан, біреуі Дубайдан және тағы біреуі Белоруссиядан жеткізілген. Сонымен қатар 22 мамырдан бері 269 адам констуктор көлігіне еліміздің мемлекеттік нөмірін тағыпты. Тәртіп сақшылары легализация мерзімі ұзартылмайды дейді. Сондықтан еліміздің заңын бұзып, шетелде тіркелген көліктерді мініп жүргендер заң бойынша жауапқа тартылмақ. Естеріңізге салайық, Қазақстанға 2022 жылдың 1-інші қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталған еді. Мамандардың…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Атырауда 17 өрт сөндіруші жұмыссыз қалды. Оған басшылыққа жалақыны өсіру жөнінде қойылған талап себепші болған. Осыдан кейін «Интергаз Орталық Азия» компаниясына қарасты мердігер GRWORLD олардың бәрін бір күнде жұмыссыз қалдырыпты. Басшылар ауылдық жерде 85 мың теңге айлықпен өмір сүруге болады деген уәж айтқан көрінеді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Өрт сөндірушілер – Мақат ауданының тұрғындары. Осы компанияның балансындағы газ құбырларының қауіпсіздігіне жауап береді. Бірақ бір қызығы жыл сайын қауіпті нысандағы өрт қауіпсіздігіне жауапты компаниялар өзгере береді екен. Сол себепті жұмысшылар ешқандай әлеуметтік төлемсіз, еңбек демалысынсыз өзге компанияға ауыса берген. Осы жылы 17 қызметкер…

Read More