Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 шілде — Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды, деп хабарлайды Caspian Life. 3 шілде күні жарықтың сөнуіне байланысты кәсіпорын жұмысын апатты түрде тоқтатқан еді. Қазіргі таңда баяу кокстеу қондырғысынан басқа өндірістің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді. Қондырғы 9 шілдеде іске қосылады. Зауыт жұмысы тоқтап тұрған уақытта резервуар көмегімен әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастырды. Атап айтсақ, 1-6 шілде аралығында АМӨЗ 24 мың тонна АИ-92 автобензинін, 9 мың тонна…

Read More

CaspianLife, 7 шілде — Атырауда қайтадан қамыс өртенуде, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ТЖД-не сілтеме жасап. Құтқарушылар қалада түтін иісі шыққан соң, әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 5 гектар аумақта 5 жану ошағын анықтаған. «Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алды. Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ», — делінген департамент хабарламасында. Өртті сөндіруге ТЖД және «Ақ Жайық» МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техника және 2 мотопомпа, сондай-ақ, «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Фото: ТЖД

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Атыраулықтар шілденің 6-9 аралығында Елорда күнін тойлайды. Астананың 25 жылдығына орай өңірде түрлі іс-шара ұйымдастырылмақ. Солардың бірі — «Астана елімнің ордасы» атты мерекелік концерт 6 шілде күні кешкі сегізде Бейбарыс сұлтан атындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды Caspian Life. 8-9 шілде күндері сағат ертеңгілік 9 бен 12 арасында байдарка мен каноэда ескек есуден чемпионат болады. Өтетін жері – қаладағы ескек есу базасы. Одан бөлек қалалықтар Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханадағы «Астана — арман қала» атты кітап көрмесін 7-ші шілдеге дейін тамашалай алады. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы» қаулы…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — «Сарайшық» коммуналдық базарындағы сатушылар жарықтың жиі сөніп қалуы себепті шығынға батып жатыр. Әсіресе, ет, балық пен сүт өнімдерін сататындардың жағдайы нашар, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. «Бұл мәселе жыл сайын қайталана береді. Оны шешіп жатқан ешкім жоқ. Бір тоңазытқышқа 15 мың теңге төлеймін. Арнайы есептегіш құралы да жоқ. Адам басына 15 мың теңгеден алады. Ал, тауарларымыз шіріп, қарайып кетіп жатыр», — дейді сатушылар. Балық өнімдері сатылатын бөлімдегі салқындатқыш 4 жылдан бері жасамай тұр дейді сатушылар. Олар амалдың жоқтығынан өнімді тоңазытқышта сақтауға мәжбүр. Базар әкімшілігіндегілер балық өнімдері сатылатын бөлімдегі салқындатқыштың жұмысына қатысты мардымды…

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Мүгедектік тағайындалған 19 мыңға жуық атыраулықтың жәрдемақысы өсті. Олар шілде айынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны әдеттегіден көптеу алады, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. Нақтырақ айтқанда, осыған дейін 77 мың теңге алып жүрген 1 топқа жататын ерекше жандарға енді 89 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Ал 2 топтағы мүгедектерге төленетін көмектің мөлшері 62 мыңнан 71 мың теңгеге артты. «3-ші топтағы мүгедектер осыған дейін 42 мың теңге алды, шілде айынан бастап бұл сома 48 мыңға дейін өсті. Сонымен бірге, бұрын «Батыр ана» атанғандар 25 мың теңге алады. Жерлеу жәрдемақысы да өсті. Бұрын бұл үшін…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Күні кеше Жайық өзенінде тұрғындарды серуендететін қайықтар соқтығысқаннан кейін полицейлер мен көлік инспекциясының қызметкерлері бірігіп, рейдке шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Олар кешкілік өзен бетінде жүрген су көліктерін тоқтатып, жүргізушілердің, катерлердің құжатын тексерді. «Су көлігін жүргізетін адамның рұқсат беретін куәлігі болуы керек. Ал, егер катер басқа біреудің атында болса сенімхат қажет. Сондай-ақ, жолаушыларға мінер алдында нұсқаулық беру қажет және құтқару жилеті болуы міндетті», — деді Атырау облыстық ПД бөлім басшысының орынбасары Ришат Берікқалиев. Тексеріс кезінде су көлігі жүргізушілерінің құжаттары дұп-дұрыс, катерлердің де жағдайы талапқа сай боп шықты. Полицейлер мен инспекторлар Жайық өзенінде жүрген су көліктерін шолу-тексеру…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — 10 шілде күні Атырау қаласының 10-ға жуық көшесінде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, 10.07 электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында аталған мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді. Сағат 09.00-18.00 аралығында Береке елді мекеніндегі Қобыланды және Уәлиханов көшелері Сағат 10.00-14.00 аралығында Құлманов 1,1а және Әйтеке би 57 үй Сағат 10.00-17.00 аралығында Еркінқала селосы, Есқалиев көшесі және Алмалы селосы, Жастар көшесі Сағат 10.00-17.30 аралығында Самал шағын ауданы

Read More

CaspianLife, 5 шілде — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайлов пен ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов іссапармен Атырауға келді, деп хабарлайды Caspian Life. Министрлер кабинетінің өкілдері бірден Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, жағдаймен танысты. Үкімет басшысы Смайлов кәсіпорын директорына автономдық газ турбиналы электрстанциясын салуды жеделдету және бұл жұмысты 2-3 жылдың ішінде аяқтау керек екендігін айтты. МАЭК-те 3 шілде күні болған болған апат салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта кәсіпорынды қайта іске қосу жұмысы жалғасуда. Жарықтың аяқасты сөнуі себепті биыл зауытқа 6,6 млрд теңге шығын келген. Әлихан Смайлов пен Болат Ақшолақов кейін Karabatan Utility Colutions мекемесіне бармақ.

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Прокурорлар Құрманғазы атындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмысының заңсыз жасалып жатқандығын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. Әкімдіктегілер құны жарты миллиард теңгеге бағаланған шаруаны лицензиясы жоқ компанияға сеніп тапсырған. Нақтырақ айтқанда, 449 миллион теңгеге күрделі жөндеу жасаймын деп тендерді ұтып алған мекеменің ғылыми-реставрация жұмысын жүргізуге рұқсат беретін лицензиясы болмай шықты. Яғни, әкімдік мердігер мекемеге қойылатын талапты дұрыс жасақтамаған. Нысанның тарихи-мәдени маңызы бар екендігі және күрделі жөндеу кезінде оның негізгі сәндік элементтерінің зақымдануы мүмкін екендігі де ескерілмепті. Заңсыздықты анықтаған қалалық прокуратура қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мәдениет үйі мен мердігер арасындағы шартты бұзу туралы…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Жанұядағы зорлық-зомбылықты азайту мақсатында 1-шілдеден бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдағаннан кейін 4 күнде 50-ден астам іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Caspian Life. Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін, яғни 4 күн ішінде Атырау облысында 57 іс тіркеліп, оның 55-і сотқа жіберіліпті. Полицейлердің айтуынша, бұған дейін күніне 50 тұрғын хабарласқанмен, оның жартысынан көбі арыз жазбайтын көрінеді. Ал Атырау облысында жыл басынан бері отбасы мүшесінен жәбір көрген адамдардан 4097 шақырту түскен. Оның 70-80 пайызы арыз жазудан бас тартқан немесе жазған арызын қайтып алған. Заңға енігізілген өзгерістер бойынша енді полицейлер жәбірленушінің арызынсыз-ақ істі тіркей алады. Және екі тараптың татуласуы…

Read More