Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 шілде — Жаз – Түркияның Эгей және Жерорта теңізінде көгілдір саяхат, ерекше желкенді тәжірибе үшін жылдың ең әдемі мезгілі. Түркегей мен Түрік Ривьерасын шектейтін әдемі шығанақтардан Эгей мен Жерорта теңізінің көріністерімен сіз айлақтарда хош иісті кештер мен түрік тағамдарын кездестіресіз. Түркиядағы алғашқы теңіздегі саяхаттың бағыты Түркег теңізі арқылы өтеді. Бодрум – Түркиядағы ең танымал көгілдір саяхаттар жасайтын аялдамаларының бірі. Гүмуслук, Битез, Яликавак, Аспат, Дженнет және Иассос – Түркиядағы көк саяхат концепциясының бастапқы шабыты Бодрумдағы ең танымал көк саяхат шығанақтары. Шығанақтарды қайықпен зерттегеннен кейін, 15-ші ғасырдағы Бодрум сарайы мен Бодрум су асты археология мұражайына саяхат жасау үшін тоқтай аласыз.…

Read More

CaspianLife, 12 шілде — Әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірі – Стамбұлдың басқалардан ерекшелігі бар. Шаһарда еуропалық және азиялық мәдениеттер үйлесім тапқан, өткені мен бүгіні тоғысқан. Стамбұлда әлемге әйгілі көрнекті орындар көп. Анадолы жағасы немесе Азия құрлығындағы бөілігі тыныш әрі қоңырсалқын, табиғаты сұлу, тарихи көрнекті орындар көп, түнгі өмірі қызықты, дәмді тағамдары мен көптеген сауда орындары бар. Егер көргіңіз келсе, қаланың Еуропа жағынан Мәрмәр теңізі арқылы пароммен Босфор бұғазын кесіп өту керек. Стамбұл Ханзада аралдарының таңғажайып аурасы бар. Стамбұлға жақын орналасқан Ханзада аралдары – арал өмірінің тыныштығы мен Стамбұлдың сән-салтанатын сезінгісі келетіндер үшін тамаша жер. Мәрмәр теңізінің ортасында, Стамбұлдың Анадолы жағынан…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Атырау облыстық балалар ауруханасының бірнеше пациентіне Түркиядан келген дәрігер күрделі ота жасады, деп хабаралайды CaspianLife. Балалар хирург-ортопеды, медицина ғылымдарының докторы Шенол Бекмез атыраулық мамандарға теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шеберлік сағатын өткізді. «Мен мұнда Атырау облыстық балалар ауруханасы басшылығының шақыртуымен келдім. Келгендегі басты мақсатым- шеберлік сағатын өткізіп, білгенімді тәжірибе жүзінде көрсетіп, тәжірибе алмасу. Кеше ота 14 жастағы қызға жасалды. Өте сәтті өтті деп ойлаймын. Кішкентай пациентіміздің жағдайы жақсарып кетеді деген үміттеміз» — деді хирург-ортопед Шенол Бекмез. Ауруына ем іздеп, қажет болса шетел асып жүрген жергілікті тұрғындар іздегендерінің жақыннан табылғанына аса қуанышты. Солардың бірі — Ақбаян Сәрсенбаева. 14…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Енді облыс әкімінің грантына түлектер ғана емес, жоғары курс студенттері де ие бола алады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған әкімдіктен оқу ақысына жеңілдік сұрайтын атыраулықтардың көбеюі себеп болып отыр. Аталмыш грантты алу үшін өтінішті мемлекеттік байқаудың шешімі шыққан кейін беруге болады. Грантқа биылғы түлектермен қатар, мектепті бұрын бітіргендер және колледжді тәмамдаған студенттер де ие бола алады. Қазіргі уақытта 268 атыраулық ЖОО-да жергілікті бюджет есебінен білім алып жүр. Облыс әкімінің гранты 2017 жылдан бастап беріліп келеді. 6 жыл ішінде педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылығы, теология мамандықтарына грант бөлінді. Маманның айтуынша, жергілікті бюджет есебінен білім алған студенттер оқуын аяқтағаннан кейін…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейітжан Атырауға іс-сапары барысында қаладағы санитарлық жұмыстарға жауапты «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің жұмысымен танысып қайтты, деп хабарлайды CaspianLife. Шаһардағы тұрмыстық қалдық жиналып, сұрыпталатын мекемеге ат басын тіреген халық қалаулысы «орташа» деген баға берді. Айтуынша, қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу жұмыстарын әлі де жақсарта түсу керек. «Бүгін свет өшіп жатыр дейді, тағы да басқа мәселелер болып жатыр дейді. Бұл әкімшіліктің , осы кәсіпорынның жұмысы, міндеті деп ойлаймын. Әрине, ыстыққа байланысты бұның барлығын болашақта болдырмауға тырысу керек. ++04:47 Жақсы, бәрі күшті деп те айта алмаймын. Жаман ойбай, бәрі қырылып жатыр, быт-шыт деп те айтпаймын. Жаман…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Қызылқоғада елорда күні «Жасай бер, жайна, Астана» деген атаумен тойланды, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараға жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев құттықтап, түрлі салада қызмет етіп жүрген 6 адамды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында аудан әкімдігі аппаратының қызметкері Сәндібек Ағашин , аудандық «Казсушар» өндірістік учаскесі, Индер-Миялы топтық су құбырының слесарь-жөндеушісі Бөкен Өтешев, Миялы ауылдық округінің қызметкері Наурызгүл Ожаева бар. «Астана тек қана өзінің үлкен жүйелігімен ғана емес мынау халықтың тұрақты мекендеп бақыт табатын ордасына айналды. Оған себеп, жыл сайын арман қуып Астанаға барған өзіміздің ауылдастырымыз да бар, отандастарымыз да бар сол жерден өз бақытын тауып,…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Құрманғазы ауданында 6 шілде – Астана күніне орай ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Орталықта бас қосқан аудан тұрғындары мен қонақтарын аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев құттықтады. «Күн санап көркейіп, жайнай түскен Астана жастықтың, жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапты. Әсем қаламызды барша қазақстандықтар, соның ішінде киелі мекен Құрманғазының барша тұрғындары да мақтаныш тұтып, Елорда мерейін асқақтатуға адал еңбегімен өз үлестерін қосуда. Жалпы Астана өзінің 25 жылдық тарихында уақытпен үндесе бой түзеп, әлем қызыққан Елордаға айналып отыр. Күн санап көркейген қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсті. Оған, қай-қайсымыз да…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Өз өзіңе көмектес» атты жоба аясында психологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Жетекшісі Гүлмира Шынтемірова 2 топтағы мүгедек. Өзі секілді жандарға жан-жақты көмек көрсетуді ойлаған ол әуелі кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. Кейін «Бизнес бастау» жобасына қатысып, 1 380 000 теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. «Бұл кабинет негізінен мүмкіндігі шекетеулі жандарға және ерекеше бала тәрбиелеп отырған аналарға психологиялық кеңес тегін беріледі. Кабинетімізде ораторлық курстар, смм, мобилография курстары тегін қызмет көрсетеді. Және де тренинг, семинарлар өткізіледі. Өздеріңіз білесіздер жол көлік оқиғасынан, травмадан кейін көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар күйзеліске түседі, психологиялық қолдауларды қажет етеді. Міне…

Read More

CaspianLife, 11 шілде — Атыраулық жасөспірімдер жекпе жектен Түркістан облысында өткен ҚР чемпионатынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды CaspianLife. Жарысқа 15 облыстың спортшылары қатысқан еді. Соның ішінде атыраулықтар 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте 4-ші орынға тұрақтады. «4 бой өткізіп, 3-уін уақытынан бұрын аяқтадым. Соңғы финалдағы сопернигім қиын болды. Төрешілер шешімімен ұттым. Жарысқа жақсы дайындалдым. Осы жарысқа дайындаған Ануарбек Батаевқа рақметімді айтамын және де бізді қолдаған, спонсор болған Дамбы БЖСМ спорт мектебіне рахметімді айтамын. Және де директор Серік Нұржанұлына алғысымды білдіреміз. Тағыда тоқтамаймыз, Әлем чемпионы боламыз» — деді спортшы Диас Жұмабай. Жекпе жек — 2009 жылы ұлттық…

Read More

CaspianLife, 10 шілде — Каспий теңізі жағалауындағы 830 гектар жердегі қамыс жанып кетті, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Асхат Ержанов мәлімдеді. Өртті сөндіруге департамент пен «Ақжайық» табиғи резерватының 100-ге жуық қызметкері жұмылдырылып, 20-дан астам техника пайдаланылды. Сондай-ақ құтқарушыларға қызылордалық әріптестері көмекке келді. Олар МИ-8 тікұшағымен 300 тоннадай су шашып, тілсіз жаудың 80 пайызын сөндірді. Қазіргі уақытта 18 гектар жердегі қамыс әлі бықсып жатыр. «Өрттің өршуіне ыстық ауа райы мен жел қатты жел әсер етті. Соңғы күндері жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетті. 4 шілдеде Қазгидромет мамандарынан ауа райының қолайсыздығы туралы хабарлама алдық. Демалыс күндері…

Read More