Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 14 шілде — Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты, деп хабарлайды Caspianlife. Қайғылы жағдай Жаңа Қаратон кенті аумағында орын алған. Оны кент тұрғыны хабарлаған. Жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы  хабар кеше сағат 09:42-де түскен. «Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсететін болды. «Оқиға орнына келген уақытта кәріз құдығына жөндеу жұмыстарын кезінде 2 жұмысшы тереңдігі 7-8 метрлік құдықта өлі күйінде жатырғаны анықталды» — делінген хабарламада. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Фото: Егемен Қазақстан

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Қызылқоғаға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, “Аманат” партиясының фракция мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов келіп, тұрғындармен кездесті, деп хабаралайды Caspianlife. Аудан әкімдігінде өткен жиында өңір үшін аса өзекті — су мәселесі талқыланды. Жергілікті депутаттар мәжілісменнен су тасқыны кезінде жырылған Қарабау-Миялы тас жолына тезірек көпір салу, Миялыдағы су айдау насосын іске қосу үшін ықпал етуді сұрады. Бұдан кейін Дүйсенбай Тұрғанов тұрғындарды жеке қабылдады. Сағыз ауылынан арнайы келген Жәнібек Аралбаев Сағыз ауылына айналма жол салу, Миялы-Сағыз тасжолын күрделі жөндеуден өткізу, малдың жем-шөбін субсидиялауға қатысты ереже-талапты өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Сонымен қоса, тоқтың жиі сөніп, әбігерге салатындығын айтуды да ұмытпады. «Жап жаңа міне…

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Көп ұзамай АИ-95 жанармайы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Caspianlife. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жанармай құю бекеттері АИ-95 бензинінің бағасын өсіруге құқылы. Дегенмен, министрлік олардан АИ-95-тің бағасын күрт қымбаттатпауды сұрап отыр. Елімізде АИ-95 жанармай бағасының өсетіні туралы Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жағдайдан кейін айтыла бастаған еді. Еске салайық, 1 шілде күні Шымкенттегі зауыт 3-14 шілде аралығында жоспарлы жөндеу үшін жұмысын тоқтатқан еді. Сондықтан, Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-95 бензинін өндіру көлемін 20 мыңнан 45 мың тоннаға дейін көтерді. Алайда, 4 шілде күні Атырау мұнай өңдеу зауыты да МАЭК-тегі апат салдарынан…

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Бүгін сағат 13:32-де Атырау қаласының Махамбет Өтемісұлы көшесінде орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Caspianlife. Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерлердің біріндегі асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен бесінші қабаттың балконынан 71 жастағы тұрғынды құтқарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тілсіз жаудың салдарынан жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайтын пәтердің 9 шаршы метр асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттар жанған. Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ. Оны сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Атырауда жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне арналған тренинг өтті, деп хабарлайды Caspianlife. Іс-шара 14 шілдеге дейін жалғасады. Семинарды ұйымдастырған облыс әкімдігі республикаға танымал тренерлерді шақырыпты. Ұйымдастырушылардың сөзінше жастардың басын қосып, тренинг өткізгендегі мақсат – оларға қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жұмыс істеу дағдыларын үйрету, жетілдіру. Тренингке 25 адам қатысты. Әуелі бір-бірімен танысқан олар кейін өзі, айналысатын кәсібі туралы айтты. «Жан-жақтан жалпы осы облыс көлемінен, аудандардан, түрлі өзіміз секілді жас мамандар, басшылармен бас қосып жатырмыз. Мұндай бас қосулар жастар үшін пайдасы өте зор деп ойлаймыз. Себебі әрбір жаңа бас қосулар, жаңа таныстық, жаңа идеяларға түрткі болатыны ол сөзсіз.…

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Атырауда бірқатар БАҚ өкілі марапатталды, деп хабарлайды Caspianlife. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жарлығымен берілген марапатты иелеріне облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев табыс етті. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне «Қазақстан РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының режиссеры Ақшолпан Байқұтова және Caspian news телеарнасының продюсері, әріптесіміз Талғат Өтеғұлов ие болды. «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин мен «Қазақстан РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы жарнама қызметінің аға-менеджері Жанаргүл Жұмахановаға «Құрмет грамотасы» табысталды. Ал «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің контентмейкері Еламан Нухин мен Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакуповаға «Алғыс хат» берілді.

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Атырау облысында осы аптада ыстықтың беті қайтады. 13-15 шілде аралығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Caspianlife. Қазгидрометтің дерегінше, 14-15 шілде күндері облыстың батысы мен оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Сондай-ақ, аймақтың басым бөлігінде жұмыс күндері жел күшейіп, секундына 20 метрге дейін, ал оңтүстігінде 23 метрге дейін жетеді. Осы аптаның соңына дейін ауа температурасы күндіз 25 -33, түнде 15-20 градус аралығында болады, — дейді синоптиктер. Фото: Егемен Қазақстан

Read More

Caspianlife, 13 шілде — Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт әлі сөндірілген жоқ, деп хабарлайды Caspianlife.  Құтқарушылардың сөзінше жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында жасалып жатқан жұмыс әзірге нәтиже бермей тұрған көрінеді. Енді жақында ұңғымадан 100-150 метрдей жерден еңістеп бір шақырымға дейін бұрғылау жұмысы басталмақ. Содан кейін газ бен суы аралас атқылап жатқан фонтанның аузына ауыр бетон ерітіндісі құйылады. «Жұмыс жасалатын учаске 100 пайыз дайын тұр. Бұрғылауға қажетті қондырғылар да жеткізілді. Жұмыс осы аптада басталады және 15-20 күнгей дейін созылуы мүмкін деп отырмыз» — деді Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы Мұрат Мұханов. Естеріңізге салайық, «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт 9 маусым күні басталды.…

Read More

CaspianLife, 12 шілде — Мақат ауданында дала өрті кент шетінде орналасқан тұрғын үйлерге қауіп төндірді, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өрт аумағын қоршауға алды. Кейін құтқарушылар ерікті өрт сөндіру жасағымен бірге отты өшіруге кірісті. Аудандық телекоммуникация торабының қызметкерлері жедел штабтың жұмысын қамтамасыз етіп, байланыс желісін орнатты. Жалынды сөндіру кезінде еріктілердің бірі зардап шегіп, оған шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар «АтырауЖарық» компаниясының қызметкерлері оттың тоқ бағандарына шаппауына күш салса, «Атырау Су Арнасы» су таситын, «Доссормұнайгаз» МГӨБ жанар — жағармай көлігімен қолұшын созды. Осылайша аудандағы мекемелер қауіптің алдын алуға арналған оқу-жаттығуды жұмыла жүріп, ойдағыдай өткізді. «Оқу-жаттығудың…

Read More

CaspianLife, 12 шілде — Мұнай-газ кен орындарындағы жұмысшылардың вахта мерзімін қысқарту, көгалдандыру мен рекультивация. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары «Теңізшевройл» және NCOC компаниясының өкілдерімен кездесіп, осы мәселелерді көтерді, деп хабарлайды CaspianLife. Мәжілісмендер вахта уақытын 28 күннен 14 күнге дейін азайтуды ұсынды. Сондай-ақ, ТШО компаниясының Жылыой ауданындағы проблемаларды шешуге ат салысуын сұрады. «Қалай болғанда да Жылой ваше детище.Сондықтан да мына Жылыойға жандарыңыз ашыса дейміз. Бүгінгі күні Жылыойда КОС жоқ. Бұлар ана кәрізді тікелей қаланың сыртына лақтырып отыр. Халық үлкен наразылық білдіріп отыр соған қатысты. Сондықтан КОС-ты өз тараптарыңыздан салып берсеңіздер жақсы болар еді.Себебі КОС-тың суын көгалдандыру жұмыстарына пайдаланар еді» — деді ҚР…

Read More