CaspianLife, 14 шілде — Атырау облысына 185 дәрігер қажет, деп хабарлайды CaspianLife. Атап айтсақ, өңірге анестезиолог-реанимотолог, жалпы практикалық дәрігер, акушер-гинеколог, пульмонолог және инфекционист секілді мамандар керек. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Қайсар Абдалиев брифинг кезінде мәлімдеді. Оның сөзінше, соңғы 6 айда облыста туу көрсеткіші төмендеген. Жыл басынан бері 7973 нәресте дүниеге келген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға аз. Алты ай ішінде 64 нәресте шетінеген. «2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімінің абсолютті көрсеткіші 5 сәбиге азайып отыр. Көрсеткіш 7 пайызға төмендеді. Нәресте өлімінің негізгі себептері нәрестелік кезеңнің себептерінен 70 пайыз, туа біткен ақау 8 пайыз, тыныс алу ауруларының себебінен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 14 шілде — Атырау облысында 19 мың адам жұмыссыз жүр, деп хабарлайды CaspianLife. Нұртас Айтқалиев дипломын қолына жақында алған жас маман. 4 жыл бойы «қозғалысты ұйымдастыру, көлікті басқару және логистика» мамандығын меңгерген. Әзірге жұмыс табыла қоймапты. Еңбек жолын өз мамандығы бойынша бастамақ ниетте бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне түйіндемесін алып келіпті. «Жалпы мағлұмат алдым. Менің мамандығым енді-енді дамып жатқандықтан логистика бойынша. Мысалы, жүктерді тасымалдау, бәрі осы логистика мамандығына жатады. Сондықтан, осы мамандықты таңдап түстім. Проблемамыз деп айтайын, қазіргі таңда жастардың көбі жұмыссыз. Бәрі де дипломын алады да, үйде шаң басып жатады. Осылай ұйымдастырылып тұрса, жастарға осылай мүмкіншілік берсе, бәлкім ілініп…
CaspianLife, 14 шілде — Шілденің жиырмасы Атырау қаласындағы «Нұрсая» және «Сарыарқа» аудандарында жаңадан салынған BINOM мектептеріне өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау уақытымен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін BINOM мектептерінің 1-11 сыныптарына өтініштер қабылдау жарияланады. Жаңа білім ұялары бірінші қыркүйектен бастап жұмыс істейтін болады. Өтініштерді қабылдау кезең-кезеңімен сыныптар бойынша белгіленген күндерде онлайн форматта https://mektep.snation.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. 20-21, 24 шілде күндері – 1-4 сыныптар (сенбі, жексенбі – демалыс күндері, сайт істемейді); ал 2-4 тамыз күндері – 5-9 сыныптар және 14, 15 тамыз күндері – 10-11 сыныптарға өтініштер қабылданады. Баспасөз қызметінің мәлім етуінше, онда 1-8 сыныптар қазақ және орыс, ал…
CaspianLife, 14 шілде — Атырау облысының прокурорлары жарты жыл ішінде жасалған жұмысты қорытындылап, брифинг өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың айтуынша заңсыз жарияланған бірнеше мемлекеттік сатып алу конкурсының өтуіне тосқауыл қойылған. Нәтижесінде жалпы сомасы 200 миллион теңгеден асатын мемлекет қаржысы қазынада қалды. Бұдан бөлек прокурорлар 4200-ден астам кәсіпкердің мүддесін қорғап, оларға тиесілі 286 млн теңгенің қайтарылуына ықпал етіпті. Сондай-ақ, бизнес саласындағы 3 қылмыстық және 28 әкімшілік істі тоқтатқан. Заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ететін мамандар кәсіпкерлерге қатысты мәслихат шешімінің де күшін жойыпты. «Кәсіпкерліктердің белгілі бағамен тұрмыстық қалдықтарды жинау жөніндегі қызметтерге шарттар жасасуға мәжбүр болған. Ол бүгінгі таңда экологиялық қоршаған ортаның…
CaspianLife, 14 шілде — Батыс аймағындағы электр желісін күшейту жобасын іске асыру жұмысы созылып кеткен, деп хабаралайды CaspianLife. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, әсіресе МАЭК-тегі апат қаупі жоғары. Станса жабдықтары әбден тозған. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттың себебін тексеру жұмыстарының барысы қаралды. Үкіметбасы Karabatan Utility Solutions ЖШС-нің жаңа бу-газ жылу стансасының жұмысына да қатысты сұрақтың және Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау схемасында айтарлықтай ақаудың бар екендігін де айтты. «Қазіргі кезде осы апатқа қатысы бар болуы мүмкін деген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары…
CaspianLife, 14 шілде — Атырау облысындағы мұнай-газ кен орындары саудаланған аукцион қорытындысы белгілі болды, деп хабарлады CaspianLife. Бұл туралы ресми құжаттарға сүйенген енерджи монитор телеграм каналы жазды. Балықшы және Пустынное кен орындарын Мәтен Петролеуммен байланысы бар Priority Oil &Gas сатып алған. Пустынное кен орнының бастапқы құны 139 миллион теңге деп белгіленгенмен, он есе қымбатқа — 1 миллиард 367 миллион теңгеге сатылды. Ең аз зерттелген және ең арзан учаскелер – Оңтүстік Қожа мен Тастөбенің әрқайсысы 25 миллион теңгеге саудаланды. Бұл екеуіне енді Бердығожиндер отбасына қатысы бар Петрогаз Даблью Ка и Номад Вест Ойл компнаиясы иелік етпек. Жұмыс істеп тұрған «Шалва» кен…
CaspianLife, 14 шілде. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Гүлназ Космурзиева қатысқан пресс-тур барысында «Атырауинжстрой» (АИС) ЖШС айтты. Бүгінде компания Атырау облысындағы жол құрылысын он шақты елді мекенде жүргізеді. Дәлірек айтқанда, АИС компаниясы: — Өрлік Индер мен Жалғансай Махамбет аудандарында күрделі жөндеу жұмыстары; — С.Датов көшесі, Азаттық даңғылы мен Қызылқұм ауданындағы Индер-Қарабау трасса жолдарында қайта жөндеу істерін жүргізеді; — Еркінқала ауыл округында жолдар салады — Еркінқала ауылында, Еркінқала-1, Еркінқала-2, Еркінқала-3, Балауса, Ракуш; — Кайыршахтинск округы — Талғайран және Томарлы ауылдарында жолдар салады; — Алмалы ауыл округынде — Алмалы ауылындағы екі құрылыс алаңында жолдар салады. Сонымен қатар, суб мердігер компания көмегімен жолды…
Caspianlife, 14 шілде — Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Caspianlife. «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адамның 5 жасар қызды қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады. Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне қыз бала жоғалғанын хабарлап, арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты. «Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай…
Caspianlife, 14 шілде — Кеше сағат 16:00-де Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауындағы 910 га құраған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды Caspianlife. «Қазақстан Ғарыш сапары» космомониторингіне негізделген «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 910 га құрады. Айта кетейік, 7 шілде күні сағат 09:30-да Атырау қаласының Кеңөзек селолық округінен 30 шақырым жерде Каспий теңізі жағалауының сулы, батпақты жерінде қамыс жанды. Жану ошақтары анықталғаннан кейін Атырау облысы ТЖД мен «Ақжайық» МТР күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жұмылдырылған болатын. Өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың өсуі өрт сөндірушілердің…
Caspianlife, 14 шілде — Әлеуметтік желі қолданушысы Tree of life демалыс базасында кішкентай баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Видеода ер адам баланың қайтыс болуына байланысты демалыс орталығына келушілердің барлығына кіруге рұқсат берілмегенін айтты. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 15:12-де 102 кезекшінің пультіне демалыс базасының бассейніне баланың батып кеткені туралы шақыру түскен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, 9 жасар баланың бассейнге батып кеткенін анықтады. Демалыс базасында баламен бірге ата-анасы да болған. Фото: Media.az
