CaspianLife, 20 шілде – «Водниково-2» тұрғындары «Балықшы» ықшам ауданына жете алмай жүр деп хабарлайды caspianlife.kz. Табысының көп бөлігін таксиге төлеп шаршаған жұрт орталық саналатын 9-ыншы көшемен қоғамдық көлік жүрсе екен дейді. Себебі, ауыл ішіне кірмейтін №8, №51 бағыттағы автобустардың аялдамалары ауылдан алыс. Қысы-жазы қиналып жүрген мұндағы ағайын атқамінерлерден көмек сұрайды. «Балаларымыз Маслопромдағы 8 школда оқиды. Өте қиын баруға. Биыл қар көп болды. Апайдан сұрана беруге ұят. Мен мына жерден жолай машина жүретінін білмеймін. Мен таксиді үйге шақырамын. 1300-1500 теңге. Күнде 2 баланы солай жіберемін», — деді «Водниково-2»ықшам ауданының тұрғыны Жанаргүл «1 маршурт берсін. Мынандай уақытта жүреді десе соны күтіп отырамыз…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 шілде – Атырау облыстық сотының төрағасы боп Мұхтар Парменов тағайындалды деп хабарлайды caspianlife.kz. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов өңірдің сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Мұхтар Парменовты таныстырды.Ә.Жүкенов М.Парменовты таныстыра отырып, ол өзінің кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін сот төрелігін сапалы жүзеге асыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру үшін пайдаланатынына сенім білдірді. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратына сүйенсек, облыстық соттың жаңа төрағасы 1967 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1991-1993 жж. – Шу көлік прокурорының аға көмекшісі. 1993-1994 жж. –…
CaspianLife, 20 шілде – Құрманғазы ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 6 млн теңгеден асатын 14 жер учаскесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды caspianlife.kz. Нақтырақ айтқанда, аудан прокуратурасы жайылымдық жерлердің мақсатты пайдаланынылып жатқанына талдау жүргізген. Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы пайдаға аспай жатқан жер учаскелерінің барын анықтапты. Осыған орай, аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. Аудан прокуроры магилан рахимовтың айтуынша, мемлекетке қайтарылған жердің аумағы 2,8 мың гектарды құрайды.Сондай-ақ, 2021 жылы сатылған жер учаскелерінің сатып алу құнын өтемеу деректері анықталып, бюджетке 3,8 млн теңге өндірілді. Фото inbusiness.kz сайтынан алынды
CaspianLife, 20 шілде –Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп хабарлайды caspianlife.kz. Комитеттің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалы жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталмаған. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді деп жазды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Фото gov.kz порталынан алынды
CaspianLife, 19 шілде – Атырау облысына 1500 нысаналы грант бөлінді деп хабарлайды caspianlife.kz. облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құжаттарды қабылдау 13 шілде басталған. 20 шілде күні кешке аяқталады. Атыраудағы мектеп бітіруші түлектерге педагогика ғылымдары бойынша 283 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша 49 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына 561 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша 607 грант бөлінді. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті. Нысаналы грант конкурсына қатысатын үміткерлер жалпы грант конкурсына да құжат тапсыра алады. Бірақ нысаналы грант арқылы талапкер төрт қаланы және сол қаладағы…
CaspianLife, 19 шілде – Атырауда сот құны 6 миллиард теңгеге жуықтайтын медициналық орталықтың құрылысын тоқтатты деп хабарлайды caspianlife.kz. Қазір нысан жартылай салынған күйі қала ортасында қаңырап тұр. 2019 жылы бұрынғы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының орнында басталған ғимараттың құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс еді. Жобаны жеке инвестор және «Атырау» кәсіпкерлік корпорациясы бірлесе салатын боп келіскен. Бірақ, шаруа тым жақсы қарқынмен басталғанмен, көпке ұзамай мүлде тоқтады. Соттың құрылыс жұмыстарын тоқтатуына жер учаскесінің мақсатты түрде пайдаланылмауы себеп болыпты. Енді Атырау кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы жұмысты жалғастыру үшін қала әкімінен телімді пайдалану мақсатын өзгертуді сұрап отыр. «Атырау ӘКК» негізгі үлесі 48 пайызды құрайды. Яғни біз…
CaspianLife, 19 шілде – Үкімет МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4,9 млрд теңге қаржы бөлді деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл қаражатқа комбинаттың апатты жағдайда тұрған қосалқы жабдықтары мен компонеттері ауыстырылады. Осыдан кейін электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу барынша азайып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де болған апат себебін тексерген мемлекеттік комиссия аталған кәсіпорындар жұмысынан жүйелік кемшілікті анықтаған еді. Келешекте мұндай дағдарыс болмас үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараны қолға алмақ. Олардың қатарында МАЭК-ті жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту, АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда жеке энергия…
CaspianLife, 19 шілде – Атырау облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Енді облыстың білім беру сапасы пен саладағы мәселелерді шешуге Ерлан Сламбеков жауапты болмақ. Ол Теміртау қаласының тумасы. Негізгі мамандығы – тарихшы. Түркия мемлекетінде білім алған.Білім беру саласында түрлі қызметте болған. 40 жастағы жаңа басшы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы басшысының орынбасары боп жұмыс істеген. Айта кетейік, Атырау аймағы республика бойынша білім беру сапасы төмен өңірлеріндің қатарында. Және 3 ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі мен күрделі жөндеуді қажет ететін білім ордаларының мәселесі әлі күнге толық…
CaspianLife, 18 шілде – 17 шілдеден бастап полиция қызметкерлері барлығы 218 шетелдік нөмірлі көлік иелерінен уақытша есепке қою туралы өтініштерін қабылдады деп хабарлайды caspianlife.kz. КР Үкіметінің №13 қаулысына өзгертулер енгізіліп, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген өзге елдің есебінен шықпаған автокөліктерді уақытша тіркеу процесі басталды. Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында есептен шықпаған шетелдік көліктерді тіркеу бойынша қызмет көрсету жалғасып жатыр. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында полиция қызметкерлеріне тиісті құжаттарыңызды тапсырып, заңдылығы тексерілгеннен кейін, өтінім кері беріледі. Орталықтағы криминалист мамандармен автокөлік тексерілгеннен кейін 15 мың теңге мөлшерінде алым төленіп, 5 жылға уақытша есепке қойылады.Уакытша есепке кою кезінде…
CaspianLife, 18 шілде – Биыл жалпыға ортақ декларациялаудың екінші кезеңі бойынша 65 000 атыраулық өзінің кірісі мен мүлкі туралы есеп беруі тиіс деп хабарлайды caspianlife.kz. Салықшылардың дерегінше, бүгінде оның 95 пайызы кіріс-шығыстары туралы деректі беріп үлгерді. Декларацияны тапсыру мерзімі 15 шілдеде аяқталғанымен, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсыруға мүмкіндік бар. Биыл 1 қаңтардан бастап жалпыға ортақ декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Ол бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары кіріс-шығысы және мүлкі туралы ақпарат беруі тиіс. Жалпыға бірдей декларациялаудың басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күресу және заңсыз табыс мөлшерін айқындау. Мамандар декларациялаудың әр кезеңінде есеп беруі керек тұлғалардың тізімі толықтырылатынын…
