Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 шілде – Қазақстан ғалымдары Каспий теңізін қазіргі қалпында сақтап қалу үшін Жайық-Каспий бассейнін зерттейтін институтты тез арада құру керектігін айтып, дабыл қағуда, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Ал, кей сарапшылар теңіздің таяздануы табиғи құбылыс, сондықтан оған адам араласқанмен жағдай өзгермейді дегенді алға тартады. Әзірбайжан география институтының профессоры Әмір Әлиев Каспий теңізінің деңгейін көп жыл бойы бақылап, зерттеп келеді. Оның айтуынша, алдағы 10 жылдықта дария бұдан да бетер таяздануы мүмкін. Шетелдік маман теңіздегі су деңгейі жыл сайын 20 см-ге төмен түсіп барады дейді. Дегенмен, бұл аса алаңдайтын жайт емес. Керісінше, қалыпты көрінеді. Не десек те, Ақтау қаласының тағдыры теңізбен тікелей…

Read More

CaspianLife, 24 шілде – «Термомодернизациядан өтіп жатқан үйлерді қайта жөндеу қажет». Сарыарқа ықшам ауданындағы 33-інші және Сәтбаев даңғылы бойындағы 13, 32-нші үй тұрғындарының пікірі осындай, — деп хабарлайды caspianlife.kz. Олардың бұлай айтуына толық негіз бар. Былтыр басталған жұмыс жыл соңына дейін тапсырылуы керек еді. Алайда, жұмыс созылып, әлі бітер емес. Жертөлелер толық тазартылмаған, подъездердегі кафельдер сынып, электр сымдары дұрыс бекітілмеген. Кем-кетік мұнымен бітпейді. Мысалы, Сәтбаев даңғылының бойындағы 32 үйдің әр подъезіне ашылатын терезенің салынбауы, жертөледе вентилияцияның болмауы, тағысын тағы. Ал Сарыарқа ықшам ауданындағы 33-інші үйдің төбесі қоқыс алаңына айналған. Тұрғындар сапасыз жасалған жұмыс үшін 10 жыл бойы ақша төлегілері келмейді.…

Read More

CaspianLife, 24 шілде — Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары құбыр бар болса да, ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Осыдан үш жыл бұрын тартылған құбырды облыс әкімі келіп, салтанатты түрде пайдалануға беріпті. Тұрғындардың айтуынша, бұның бәрі ауыл шенеуніктерінің жасап отырған көзбояушылығы. Себебі, әкім кеткен бойда су да тоқтаған. Содан бері бір тамшы аққан емес дейді ауыл халқы. «С.Трұмов келді облыс әкімі, аудан әкімі сосын осы ауылдың әкімдері, ақсақалдарды жинап келді. Газды ашты. Газбен бірге суды қосты. Ағызып көрсетіп, болды. Сонымен кетті. СКЛ: (01:04-01:11) — Сол кеткеннен мол кетті. Су деген әкімнен бұрын кетіп қалды. Содан бері су жоқ» -…

Read More

CaspianLife, 24 шілде — 17-19 шілде аралығында Құрманғазы ауданында “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды CaspianLife. Оған 40-қа жуық полицей, білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы орган және жастар ұйымынан 10-ға жуық адам атсалысты. Рейд кезінде көшеде бейуақытта жүрген жасөспірімдер аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, іле-шала ата-аналары да шақыртылды. Полицейлер оларға заңдылықты түсіндіріп, іс-шара туралы айтты. Және есепте бұрыннан тұрған балалар да қайта тексерілді. «Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған қолайсыз отбасылардың мекен-жайлары тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.Түнгі сағат 23:00 ден таңғы 06:00 ге дейін кәмелет жасқа толмаған жасөспірім заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүргені үшін, профилактикалық жұмыстар…

Read More

CaspianLife, 24 шілде — Биыл Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына әртүрлі мекеме жұмысшыларынан 1000-нан астам өтініш түскен, деп хабарлайды CaspianLife. Олардың басым көпшілігі жалақы, еңбек демалысы, жұмыстан заңсыз шығару мәселесіне байланысты арызданыпты. Еңбек инспекторлары жыл басынан бері 124 рет тексеру жүргізіп, нәтижесінде еңбек заңнамасының162 рет бұзылғанын анықтаған. Кәсіпорындарға 7,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Әзірге оның 5,7 млн теңгесі өндіріліпті. «Өңірде орналасқан кәсіпорындарда орын алған 38 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 16 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 3 жұмысшы қаза болды. Жұмыс орнында жазатайым жағдайға тап болған жұмысшылар бойынша міндетті түрде арнаулы комиссия құрылып, тергеу болады. Материалдар полицияға жіберіледі. Полиция…

Read More

CaspianLife, 21 шілде –  «Бином» мектебіне құжат тапсыра алмағандар платформа жұмысына наразы деп хабарлайды caspianlife.kz. 1 ауысымда 2000 балаға білім беруге қауқарлы БИНОМ мектебінде оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан, кез келген ата-ана өз баласын осында оқытқысы келеді. «Олардың арасында алыс ықшам аудан тұрғындары да бар. Содан болса керек, жақын маңда тұратындардың кейбірі өздеріне тиесілі орыннан айрылып қалдық» дейді. Балалардың құжатын қабылдайтын портал жұмысын таңғы сағат тоғызда бастағанымен, екі минуттан кейін жабылып қалған көрінеді. «Орысша класста оқитын немерелеріміз өтпей қалды. Сондықтан, бір немеремді үшінші класс болған соң қазақша сыныпқа салдық. Бүгін қарасақ орысша сынып ашылып тұр екен. Енді кері ауыстырайын…

Read More

CaspianLife, 21 шілде –  Атырау қаласында тағы да 2 BINOM мектебі салынады деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм каналына жазды. Заманауи мектептердің бірі «Авангард» ықшам ауданынан бой көтерсе, енді бірі Шоқан Уәлиханов көшесімен байланысатын Жәңгір хан, Тұмар ханша өткелдері қиылысқан аумақта  салынбақ. Қазіргі уақытта қажетті жер телімдерін анықтау, бекіту жұмыстары жүруде.Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады . 2 мың орындық қос мектеп мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында салынғалы отыр.

Read More

CaspianLife, 21 шілде –  ҰҚК түркістандық прокурорлармен бірлесіп, еліміздегі мұнай өнімдерін заңсыз шетелге шығаратын каналдың жолын кесті деп хабарлайды caspianlife.kz. комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтқанда, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметі Түркістан облысының прокуратурасымен бірлесіп, қазақстандық мұнай өнімдерін теңіз арқылы шығару арнасына тоқтау салды. Қазіргі уақыта Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Фото ҚР ҰҚК сайтынан алынды

Read More

CaspianLife, 21 шілде –  Атырау қаласындағы BINOM мектептеріне тапсырылған өтініштердің 40% ғана мақұлданған деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл құжат қабылдаудың алғашқы күнінің нәтижесі. 1 күнде жаңа білім ордасының әрқайсысына 1900 өтініш түскен. Жалпы барлық өтінімнің 40 пайызы мақұлданған. Көпшіліктің өтінішінің қабылданбауына оның дұрыс толтырылмауы және балалардың тұрғылықты мекен-жайының сәйкес келмеуі себеп дейді білім беру басқармасындағылар.Тексеруден кейін 1000-нан астам бос орын ашылған. Қосымша өтініштер 21 шілде күні сағат 9.00-де қабылданып бастайды. 1900 бос орын 21 шілдеде толмаса, 24 шілдеде тағы да қосымша қабылдау жүргізіледі. Төменде Бином мектептеріне қабылдау кезеңдері берілген: 20, 21 және 24 шілде – 1-4 сыныптар 2-4 тамыз – 5-9…

Read More

CaspianLife, 20 шілде – Құрманғазы ауданында салынып жатқан 2 медициналық пункттің құрылысы күзде аяқталады деп хабарлайды caspianlife.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрманғазы ауданында екі медициналық пункттің құрылысы басталды. Қос нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтермек. Жаңаталап ауылына қарасты Шағырлы елді мекеніндегі медициналық нысанның іргетасы қалануда. Ал Орлы ауылындағы  Алтыншы елді мекенінде белгіленген жерді тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.  Екі медициналық пункттің мердігер мекемесі — «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.

Read More