CaspianLife, 20 шілде – Құрманғазы ауданында салынып жатқан 2 медициналық пункттің құрылысы күзде аяқталады деп хабарлайды caspianlife.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрманғазы ауданында екі медициналық пункттің құрылысы басталды. Қос нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтермек. Жаңаталап ауылына қарасты Шағырлы елді мекеніндегі медициналық нысанның іргетасы қалануда. Ал Орлы ауылындағы Алтыншы елді мекенінде белгіленген жерді тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі медициналық пункттің мердігер мекемесі — «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.