Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 шілде —Атыраулық экологтар жарты жыл бойы жасаған жұмысты қорытындылап, брифинг өткізді. Олар 6 ай ішінде табиғат пайдаланушы мекемелерге қатысты 68 әкімшілік іс қозғап, 7 миллиард теңгеден астам айыппұл салыпты, деп хабарлайды CaspianLife. Кейбірі сот шешімі шыққанға дейін тоқтатылған. Мысалы экологтар қазір NCOC компаниясына қатысты бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспей, аппелияциялық шағым түсіріпті. Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегеновтың сөзінше, олар былтыр жыл соңында «Қашаған» кен орнына профилактикалық бақылау жасап, 10 заңсыздықты анықтаған. Оның бесеуі күкіртке байланысты. Брифингте көтерілген тағы бір тақырып KUS ЖШС маңында орналасқан көлшікке қатысты. Компания жасанды көлшікті шілде айының соңына дейін құрғатуы тиіс. Экологтар мекеме…

Read More

CaspianLife, 27 шілде —28 шілде күні Атырау қаласының кей аумақтарында жарық болмайды, деп хабарлайды CaspianLife. «Атырау Жарық» АҚ-сілтеме жасап. Уақыт: 09.00-17.00 С.Еркінқала Есқалиева, Аманова көшесі Уақыт: 10.00-14.00 Жұлдыз көшесі, 18,19,51 Уақыты: 10.00-15.00 Еркінқала, 46 көше Уақыты: 10.00-17.00 Құрмашева, Ищанова, Набережная көшесі Уақыты:10.00-18.00 Жұмыскер ы/а, Ақтау, Жастар көшесі СМП-136 үй. 1,2,3,4,5,6,7,8, 2, Қоғалы, С.Датов, Қабанбай батыр, Құттығай батыр, Уалиханов, Элеваторная көшесі Уақыты: 14.00-17.00 Көктем ы/а, 11көшесі , Жангереев көшесі, Қайыршакты а.о,Садовод 4 Уақыты: 14.00-18.00 Азаттық, Қарымсақов, Шарипов ,Ауэзов, Алтай көшесі п-д.Мирный

Read More

CaspianLife, 27 шілде —Атырау облыстық білім басқармасы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің бірінші басшысы лауазымына конкурс жариялады, деп хабарлайды CaspianLife Нақтылай кетсек, мына білім ошақтарына директор қажет. №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп Жамбыл атындағы орта мектеп, IT мектеп-лицей Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия №37 орта мектеп (уақытша 01.09.2025ж. Дейін), №15 Абай атындағы орта мектеп №24 орта мектеп, И.Тайманов атындағы орта мектеп №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп №17 мектеп-лицей Атырау облысы  Білім беру басқармасы 060010, Атырау  қаласы Айтеке би 77, анықтама үшін телефондары/факс: 354327 e-mail: obl.bilim@atyrau.gov.kz,

Read More

CaspianLife, 2 шілде —Атыраулық зейнеткерлер ағылшын тілін тегін оқып жүр, деп хабарлайды CaspianLife. Құрметті демалысқа шыққанымен, өзін-өзі дамытуды тоқтатпаған үлкендер «Тіл» оқу орталығында білім алады. Қазір мұнда 30-дан астам зейнеткерді 10-ға жуық маман оқытып жатыр. Мұндай бастама былтыр облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен қолға алынған. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына қазір 60-75 жас аралығындағы 30-дан астам зейнеткер келіп жүр. Мұнда тек ағылшынды емес, қазақ және орыс тілін де оқытады. Былтыр орталықтан 870 тұрғын қазақ, орыс және ағылшын тілін оқып, сертификат алған. Ал биыл 900 атыраулыққа тіл үйрету жоспарланып отыр.

Read More

СaspianLife, 27 шілде —Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданының сұлу табиғаты түсірілген бейнеролик тарады, деп хабарлайды CaspianLife. Видео: azamat_temirsultan әлеуметтік желісінен алынды.

Read More

CaspianLife, 27 шілде —Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы трассаның Атырау-Доссор бөлігі қайта жөнделмек, деп хабарлайды CaspianLife. Себебі, былтыр желтоқсанда қолданысқа берілген жолдың беткі қабаты ұшып кеткен. Қазіргі уақытта жол белгілері орнатылып, асфальт беті қырылып жатыр. Сондықтан, алдағы екі аптада бұл бағыттағы көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Мамандардың сөзінше бастапқыда жолда кемшілік болмаған, бірақ ауа райы мен көлік ағынының көп болуына байланысты бүлінген. Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы тас жолдың 553-598 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмысын «Маңғыстау жол құрылысы материалдар комбинаты» АҚ өз жауапкершілігіне алды. Енді мердігер 12 шақырым жолдың беткі қабатын қайта төсеуі тиіс.

Read More

CaspianLife, 26 шілде —21-23 шілде аралығында Қонаев қаласында І Халықаралық туризм және медиа форум өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараға әлемнің 15-ке жуық мемлекетінен және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық журналист қатысты. Форумның мақсаты — медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру. Сондай-ақ, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік, отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.

Read More

CaspianLife, 26 шілде —Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткіні сақтаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. 25 жастағы азамат Абай облысының тұрғыны. Оны Атырау облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұстаған. Медициналық сараптама қорытындысы тәркіленген есірткінің салмағы 487,75 грамм немесе 1500 доза «Мефедрон» екенін анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің «аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Read More

CaspianLife, 26 шілде —Атырау қаласындағы нысандардың 80%-на мүмкіндігі шектеулі жандар кіріп-шыға алмайды, деп хабарлайды CaspianLife. Мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істейтін «Біз де адамбыз» қоғамдық қор мүшелері осылай дейді. Олар «Кедергісіз Атырау» жобасы аясында облыс орталығындағы түрлі ғимараттың өздеріне қаншалықты қолжетімді екендігін анықтау мақсатында әлеуметтік мониторинг жүргізген екен. Нәтижесі көңіл көншітпепті. Мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу кезінде өздеріне жағдайдың тек қағаз жүзінде жасалатындығын айтып, басшылардан көмек сұрады. Қор мүшелері инклюзивтілікті дамыту қажеттігін, әсіресе талапқа сай келмейтін пандусы бар нысан иелерін жауапқа тарту керектігі айтылды. Фото: Dostupnaya-Strana.ru

Read More

CaspianLife, 26 шілде —Қазақстанда мұнай өнімдерін шетелге теңіз арқылы заңсыз тасымалдауды жолға қойғандар ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «А» арнаулы мақсатының қызметкерлері Түркістан облыстық прокуратурасымен бірлесе отырып, заңсыздықтың жолын кесті. Қазіргі кезде Түркістан және Маңғыстау облыстарында, Астана, Шымкент қалаларының аумағында жедел тергеу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мына бейнекадрларға қарағанда арнайы жасақтың күдіктілерді кемеден ұстағанын көруге болады. Фото: Sputnic.kz

Read More