Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife,  2 тамыз — Атырау облысында әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылардың балаларына арналған «Мектепке жол» акциясы басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл науқан қазір елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Жылдағыдан ерекшелігі — көмек бұрынғыдай заттай емес, ақшалай беріледі. Яғни ата-ананың немесе қамқоршының жеке шотына ақша аударылады. Биыл мектеп формасы мен сабақ құралын алу үшін әр балаға 40 567 теңге бөлінеді. Материалдық көмекті өңірдегі 14790 оқушы алғалы отыр. Бұл қатарда табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары мен жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. «Акцияда өзгерістер жоқ. Енді алдындағы акцияларға қарайтын болсақ, біз мұны мектеп формасымен құрал-жабдықтармен жабдықтап жатқан болатынбыз. Халықтан наразылық…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз  — Атырауда 7-12 шілде аралығында жастар апталығы өтеді, деп хабарлайды CaspianLife. Халықаралық жастар күніне арналған іс шара ауқымды болмақ, дейді ішкі саясат басқармасындағылар. Мысалы аптаның алғашқы күні «Atyrau Quest» интеллектуалды ойынынан басталады. Өтетін орны Ретро саябақ, уақыты кешкі жетіде. Ал сейсенбі күні Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында көңілді тапқырлар клубының ойыны әрі гала концерт болады. Басталу уақыты кешкі сағат жетіде. Сәрсенбіде атыраулықтар ең үлгілі «жас отбасыны » анықтайды. Конкурс түскі сағат үште Нұрмұхан Жантурин атындағы облыстық филармония ғимаратында өтеді. Бейсенбі күні өлең сүйер қауым Махамбет атындағы қазақ дарама театрына барып, «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз — Маңғыстау облысында табиғатты пайдаланушылар 300-ден астам заң бұзған. Және 400 миллион теңгедей қаржылық міндеттемені орындамапты, деп хабарлайды CaspianLife. Өңірде пайдалы қазбаны өндіріп, карьер қазумен айналысатын 258 кәсіпорын болса, оның 40 пайызының жұмысынан ақау анықталды. Заң бұзушылықтардың қатарында пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жылдық есеп беруге қатысты 12, жалпы алаңы 512 га карьерді рекультивациялау туралы келісім-шарт талабын орындамаудың 42 фактісі тіркелді. Одан бөлек, жалпы көлемі 100 гектар болатын лицензиялық және келісімшарттық аумақтардың шекарасын сақтамаудың 78 фактісі анықталды. «Келісімшарт бойынша табиғатты пайдаланушыларға арнайы аумақ бекітілген, ал бұл жерде жер қойнауын жеке пайдаланушылардың басып алғаны белгілі болды. Бұл фактілер бойынша…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз — Атырауда көкжөтелмен сырқаттанғандардың саны былтырғымен салыстырғанда 23%-ға өскен, деп хабарлайды CaspianLife. Жыл басынан бері өңірде осы жұқпалы аурумен 46 адам ауырыпты. Оның 41-і қалада, үшеуі Құрманғазы , екеуі Махамбет ауданында. Көкжөтелді жұқтырғандардың көбі 14жасқа дейінгі бала, олардың арасында тек 1 ересек бар. Мамандар инфекцияның адамнан адамға ауа арқылы жұғатынын айтады. Дәрігерлер бүгінгі күні аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы – вакцинация жасау деп отыр. Және олар аурудың көбеюін екпеден бас тартумен тікелей байланыстырады. «Жалпы көкжөтелеге ем-дом шаралары әртүрлі жүргізіледі. Симтоматияға байланысты. Яғни ол мұрын жұтқыншақтының сілекейлі қабығын қабындырады. Сол спазмаға қарсы дәрілер ингалияция ретінде қолдануға болады. Медикамоз…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз — Биыл Қиғаш өзенінің сағасындағы табиғаттың ғажап сыйы саналатын, көргенге таңғажайып әсер қалдыратын лотос алқабын көруге келгендердің саны артқан, деп хабарлайды CaspianLife. Шыны керек, судың бетінде гүлдеп тұрған, қауызы жуан жұдырықтай өсімдіктің әдемілігін тек көзбен көрген дұрыс. Лотостың дәл осы ал қызыл түсті түрі әлемде сирек кездеседі. Биіктігі 150 сантиметрге дейін жететін лотос шілде айының ортасынан тамыздың соңына дейін гүлдейді. Айдын бетін абат баққа бөлеп тұрған, көп дінде тазалықтың символы есептелетін гүлді жұлуға болмайды. Себебі бұл еліміздегі сирек кездесетін өсімдіктердің тізімінде. Бұл алқапқа жету үшін ең алдымен аудан орталығына жақын орналасқан Теңіз ауылынан жалдамалы қайыққа отыру керек.…

Read More

CaspianLife, 31 шілде — Ертең Атырауда бірнеше көшеде электр жарығы болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, 01.08.2023ж. электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында аталған мекен-жайларда сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді. 09.00-17.00 Еркінқала, Есқалиев к., Аманов к., Вокзал маңы ы.а 5, 16, 17 үй 10.00-17.00 Еркінқала-2, 41, 42, 44, 45 к., Наурызалиев к. 10.00-18.00 Балауса ы.ш., 1, 2, 20, 22, 25, 26, 30, 31, 32, 39, 44 к., Әбілхайырхан к., Тілеумашев к.

Read More

CaspianLife, 31 шілде — Атырауда 76 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Caspian Life қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың ұсыныстарына сәйкес жасақталған «100 аула» жобасы 2022 жылы қолға алынған болатын. Жасақталған жоба ішінде тұрғын үй аулаларының автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, балалар ойын алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату қарастырылған. Қала әкімінің орынбасары Серік Нсанбаев «Огородный», «Вокзал маңы», «Алмагүл» ықшам ауданындағы тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Read More

CaspianLife, 31 шілде — Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сарсембаевпен және жауапты бөлім басшыларымен бірге Балауса ықшам ауданында құрылысы жүріп жатырған жаяу жүргіншілер жолының сапасын қадағалады, деп хабарлайды Caspian Life қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шаһар басшысы мердігер мекеме және техникалық қадағалаушыға құрылыс барысын қатаң бақылауда екендігін айтып, ескерту жасады. Және округ әкімдеріне жұмыс сапасын қадағалап, есеп беру керектігін жеткізді.

Read More

CaspianLife, 31 шілде — Атырауда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда, деп хабарлайды Caspian Life қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Хамидуллаев «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін жөндеу, сырлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады. Биыл аталған аумақтағы 16 үйді сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар шілде айында басталды. Оған «Ер-Нұр Строй и К», «Сенім»2016 және «РимСтройСервис» ЖШС-тері жауапты. Сонымен қатар, Исатай Тайманов 58 және Бақтыкерей Құлманов 107 тұрғын үйлерінің қасбеттері жөнделуде. Жөндеу жұмыстарын «Жайық Сити» мердігер мекемесі атқаруда. Жөндеу, сырлау жұмыстары қазан айына дейін аяқталады.…

Read More

CaspianLife, 31 шілде — Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы биыл 7119 істі қарап, шешім шығарған. Бұл көрсеткіш былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 25,9 пайызға артыпты, деп хабарлайды Caspian Life. Алқа төрағасы Мәтен Ерғазиевтің айтуынша, олардың арасында кәмелетке толмағандардың ісі көбейген. 1000-ға жуық іс екі тараптың татуласуымен аяқталса, аппеляциялық шағым негізінде 422 іс қайта қаралып, 29-ның күші жойылған және 51 шешімге өзгеріс енгізіліпті. Бұдан өзге 6 ай ішінде 776 тұлғаға қатысты 616 қылмыстық іс қаралған. Бұл былтырмен салыстырғанда 124-ке көп. 539 тұлғаға 399 үкім шықса, оның 39-ы ақталған. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық фактісімен сотталған 6 тұлғаға айыппұл салынып,…

Read More