Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 тамыз — Хиуаз аулының тұрғындары жол құрылысынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Құрманғазы ауылына қарасты Хиуаз ауылының орталық көшесінде тұратындар тезере ашудан қалған. Кешкілік көшеде отыру да мүмкін емес. Өйткені, осыдан 2 жыл бұрын ауыл ішіне жол саламыз деп бар асфальтты қырып тастаған. Енді ауылдағы ағайын шаң-тозаңға тұншығып отыр. Су уақытылы шашылмайды, техника үнемі бұзылып қала береді дейді тұрғындар. «Жолдың бастығы уақытында шашып тұру керек қой. Сол үшін ақша алып отыр. Ойбай шашып жатырмыз, тегістеп жатырмыз. Техникалар дірілідеп кетіп бара жатыр. Көргеніміз қорлық» — деді Хиуаз ауылының тұрғыны Шалқар Сапарғалиев. «Кешке қарай демалып отырайын десең, оған мүмкіндік…

Read More

Бүгін “Атырау-Астрахань” пойызында 13 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды CaspianLife. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастап, жедел жәрдем шақырылды. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады. Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды. Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Облыс көлеміндегі жазғы лагерьлердегі жағдай қандай? Атырау облыстық білім беру басқармасы пресс-тур ұйымдастырып, журналистерді Индер және Махамбет ауданындағы лагерьлерге апарды, деп хабарлайды CaspianLife. Онда балалардың тыныс-тіршілігі, санитарлық-эпидемиологиялық норманың сақталуы, өрт қауіпсіздігі, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағына мән берілді.   Бұл — Индер ауданына қарасты Елтай селосында орналасқан «Жас өркен» жазғы демалыс лагері. 2010 жылы ашылған. Сол уақыттан бері үздіксіз жазғы уақытта балаларды қабылдап келеді. 6 кезең бойынша аудандағы 16 мектептен, 1008 баланы қабылдау жоспарда. Мұнда көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардың балалары қабылданады. Мектеп оқушылары өздеріне бар жағдайдың жасалғандығын, бірақ үйді сағынып жүргендіктерін айтып, көздеріне жас…

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Халықаралық сән сарапшысы атыраулықтарға шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Атыраулық арулар әдемі әрі үйлесімді киініп, әлемдік сәннен қалыспай келеді. Бұған белгілі байер, сән сарапшысы Лилия Рахпен жергілікті сәнқойлармен өткізген кездесуі дәлел. Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал ол өз стилін қалыптастырған нәзік жандылар үшін шеберлік сабағын өткізді. «Сәннен қалыспаймыз деп, киім мен аксессуарға көп ақша жұмсаймыз. Сосын келіп «сән — бұл шығын» деген түсінік қалыптасады. Мүлдем олай емес. Егер өз стиліңізді тапсаңыз, ол үшін көп қаражат жұмсамайсыз. Керісінше, өзіңізге керектіні ғана сатып алып, үнемдейтін боласыз. Трендтің артынан ермей, сізді ашатын стильді қалыптастыру керек. Мен соны…

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Атыраулық белсенділер Жайық өзенінің сағасын тереңдету жұмысын тоқтатып, теңіз тамағына гидротехникалық нысан салған жөн дейді, деп хабарлайды CaspianLife. «Суды Каспийге қосу емес,суды сақтаудың амалын қарауымыз керек. Суды жинауымыз керек. Баяғыдан бері ұсынысым теңізге қосатын жерге үлкен шлюз салып, регулировкасы бар, судың деңгейі көтерілген кезде жәйлап жіберіп тұратын бір рыбоходный канал жасап, сол каналмен деңгейді түсірмейтін канал жасау керек. Басқа амал жоқ. Қазір 2 облыстың халқын сусыз қалдырайын деп отырсыздар» — дейді белсенді Дидар Хамзин. Бұл мәселе AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалының жанындағы аймақтық экология жөніндегі кеңес отырысында көтерілді.  «Балықшылардың жағдайын ойлаймыз деп, қарашаны ауыз судан қақпауымыз…

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Атырауда қазақ күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовтың жүлдесіне арналған жарысқа 12 өңірден келген 110-ға жуық ер мен әйел қатысты. Оның ішінде қырық адам — жергілікті спортшы. «Әрине осындай жарыстар арқылы біздің ұлттық күресіміз, қазақ күресін Атырау өңірінде, дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сондықтан осындай жарыс жылма жыл өзінің жалғасын табатын болады. Және біздің палуандарымыз Азия, Әлем біріншіліктеріне жолдама алуға үлкен мүмкіншіліктер бар» — деді Атырау облыстық «Тарлан» қазақ күресІ федерациясының атқарушы директоры Аманбай Қыздарбаев. Турнирді дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Тарлан» қазақ…

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — 1 қыркүйектен бастап үйдегі ит-мысық есепке алынады. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес, қожайыны оларды чиптеуге міндетті, деп хабаралайды CaspianLife. Жаңа ереже бойынша талап та қатаңдамақ. Тұрғындардың басым бөлігі заңға мұндай өзгерістің енгізілгеніне қуанышты. Келіспейтіндер де бар. Мысалы екі ит асырап отырған Вадилия Сапарова чиптеуді міндеттеу — бұралқы ит-мысықтың санын арттыратынына сенімді. Өйткені бұл процедураны жасатуға барлығының жағдайы жете бермеуі мүмкін. «Менің екі итім де Чехиядан чиптеліп келді. Бірақ мен бұларды чиптеуге қарсымын. Біріншіден — зиян, екіншіден бұл процедураны жасату үшін ақша керек, оны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді» — деді Атырау қаласының тұрғыны Вадилия Сапарова.…

Read More

CaspianLife, 4 тамыз — Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Caspian Life. Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған. Зардап шеккен 32 және 26 жастағы жұмысшылар ауруханаға жеткізілді. Күйік ауруының шок кезеңі — 2-3. Фосформен термохимиялық күйік — 22 пайыз. Ашық дереккөздердің мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.

Read More

CaspianLife, 4 тамыз — Ертең Атырауда жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, 7 тамыз күні мына көшелерді жарық сөнідіріледі. 09.00-17.00 Еркінқала а.о., Есқалиев к., Аманов к. 09.00-18.00 Самал ы.а., 2, 4, 7, 13 ө. 26, 27, 28 к., Абдрашит Сыдыханов к., Үлкенбайұлы к., Адгам Каримов к., Әбілхайыр хан к., Бейбарыс Сұлтан д., Самал-2 ы.а., 16 к., Әуежай трасасы, Нұрсая ы.а., Елорда к. 10.00-18.00 Жұмыскер ы.а., Ақтау к., Жастар к., Тәттімбет күйші ө., Панфилов к., Четвертый ө., Абдрахманов к.

Read More

CaspianLife, 4 тамыз — Маңғыстауда 9 маусымда «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында шыққан өрт әлі де сөнген жоқ, деп хабарлайды Caspian Life. Қазіргі таңда отты ауыздықтау жұмыстарымен «Бозашы мұнай» ЖШС, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің «Ақ Берен» Маңғыстау облыстық филиалы, «Өртке қарсы қызмет & Fare Safety» ЖШС және басқа да компаниялардың басшылығынан құралған штаб айналысуда. Одан бөлек, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығымен арнайы комиссия құрды. «2023 жылы 9 маусымда Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында болған өрттен кейін барлық қолда бар ресурстар жұмылдырылды.Сондай-ақ халықаралық Halliburton және Schlumberger компанияларымен кеңесу барысында апатты жоюдың түрлі тәсілдері қарастырылды», — делінген…

Read More