Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 тамыз — «Алмагүл» ықшам ауданындағы жалғыз мемлекеттік балабақшаға барып жүрген кішкентайлар енді «Вокзал маңы» ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленбек, деп хабарлайды CaspianLife. Себебі тиісті орындар «балабақша ғимараты адам өміріне қауіпті» деген қорытынды шығарыпты. Қыркүйек жақындаған тұстағы бұл жаңалық ата-аналардың наразылығын тудырды. «Бұл садиктер біздің үйден алыс. Біріншіден, ертең жаңбырлы күні, қысты күні балаларды қалай тасымалдаймын? Автобустар жүрмейді. Баламды барып жүрген садигінен қозғамас едім. Неге техникалық ақауы бар ғимаратқа индигодан неге жолдама беріледі? Маған вокзал алыс. Маған автобус жүретін жерге бару керек. Неге ала жаздай бұл садикті басынан бастап бұл мәселені қозғамайды?Неге көктемнен бастап экспертиза шақырып, мәселесі…

Read More

CaspianLife, 8 тамыз — Қызылқоғалық шаруа — Салауат Мұратұлы биыл алғаш рет 1 гектар алқапқа егін салды, деп хабарлайды CaspianLife. Осы уақытқа дейін үйінің шарбағынан өнім алып жүрген Салауат әкімдік берген қолдаудың арқасында Секерсамай алқабына түрен салды. Екі мың түп қарбыз-қауын, мың түп қызанақ,екі мың түп қияр еккен. Нәтижесі көз де, көңіл де қуанарлықтай. Енід егіс алқабының көлемін ұлғайту жоспарында бар. «Огурцыдың өзінен 5 тонна огурцы алдық. Оны да халыққа ұсынып жатырмыз. Химикат жоқ, таза өнім. Биогумуспен шыққан. Одан кейін қарбызымызды да екі үш күн болды тасып жатырмыз. Жаман емес дәмі жақсы. Өнімнің шығуы жақсы биыл, бірақ маған бірінші жылым…

Read More

CaspianLife, 8 тамыз — Ақтауда теңіз жағасында құдық қазушыларға арналған архитектуралық мүсінінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Мүсіннің орнатылуына Freedom компаниялар тобы бастамашы болды. Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты. «Маңғыстау жері ежелден өзінің құрғақ және қатал ауа-райымен ерекшеленеді. Біздің ата – бабаларымыздың осы аймаққа бейімделуінде және одан кейінгі көшпелі өмірінде құдықшылардың рөлі ерекше. Себебі технология дамымаған заманда, тасты жерді ойып, тұшы су көздерін табу және құдық қазу таңданыс сезімін тудырады. Бүгінде біздің облыста құдық қазушылардың тікелей ұрпақтары тұрады, олар Ақтау қаласында ата-бабасының құрметіне мүсін орнатылғанына риза. Облыс…

Read More

CaspianLife, 8 тамыз — Облыс орталығындағы мектептерде білім алатын оқушыларды жаңа оқу жылында киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін 337 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Ақша ата-аналардың есепшотына аударылады. Нақтырақ айтқанда, қаражат мемлекеттік атаулы көмек алатын, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі. Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, қаражат тамыз айының 15-не дейін берілуі тиіс. Оған дейін ата-аналар қажетті құжаттарды жинақтап, тапсыру керек. Ата-аналардың есепшотына қатысты мәселе туындаса, сенімхат арқылы қаржыны туыстарының біріне…

Read More

CaspianLife, 8 тамыз — 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай Атырауда жастар апталығы басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Дүйсенбінің кешінде 20 мен 35 жас аралығындағы атыраулықтардың қатысуымен IQ Atyrau Quest ойыны өтті. Оған әрқайсысында 100-ге адам бар 20 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысуға өтініш бергендердің саны бұдан да көп болған. «Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай 100-ге жуық жастың қатысуы жастардың арасындағы үлкен қызығушылықты тудырады деп ойлаймын. Себебі, әрине, бізде 20-ға дейінгі тұрғындардан көп өтініш түсті. Бірақ, ережеге сай 20-дан жоғары жастар қатысады. Тіпті, 35-тен жоғарылар да өтініш берді. Бірақ, олардың өтініштерін ала алмадық» — деді «Жеті жарғы» ҚҚ төрағасы…

Read More

CaspianLife, 8 тамыз — Ақтау қаласының әкімдігі 5 қоғамдық әжетхананы атып алып, орнату үшін 87 миллион теңге жұмсады, деп хабарлайды CaspianLife. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің сөзінше, олардың әрқайсысы 12 миллион теңге тұрады. Туалеттер теңіздің облыс орталығы тұсындағы жағалауына қойылмақ. Ақтау қаласының тұрғындары бұған дейін жағадағы әжетханалардың жұмыс істемейтінін айтып, мәселені шешуді талап етіп жүрген еді. Мәселенің шешілгені әрине жақсы. Бірақ қалалықтарды тағы бір нәрсе алаңдатып отыр. Ол — әрқайсысы екі бөлмелі пәтердің құнына пара пар туалеттердің бағасы. Және әкімдік бастапқыда бар жұмысты 55 миллион теңгеге бағалаған, бірақ бұл сан күтпеген жерден тағы 32 миллион теңгеге өсіп кетті. Фото: GOV.KZ

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Атырауда ерекше балаларды дамытумен айналысатын қоғамдық бірлестік арнайы орталық ашты, деп хабарлайды CaspianLife. Мұндағы мамандар сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндердің физикалық және интелектуалдық жағынан дамуына көмектеседі. «Балалар – елдің болашағы» деп аталатын ҚБ мүмкіндігі шектеулі кішкентайлармен 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Осы орталықтың басшыларына алғысым шексіз. Балам мамандарды қатты ұнатады. Ол мында қуана келеді. Өзімнің қызым атоникалық-астатикалық түріне шалдыққан. Осында мамыр айынан бері келеміз. Нәтиже жаман емес. Қазір өздігінен жүріп-тұрады» — деді ата-ана Айнагүл Әубәкірова. Орталық қызметкерлері ерекше балаларды дамыту үшін өздері ойлап тапқан авторлық әдіс-тәсілді қолданады. Мекеменің негізін қалаушылардың бірі Лаура Құрманаева әдістемелік-көмекші құралды жазу…

Read More

[spacing size=»»]ҚР Үкіметі Маңғыстау облысының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Үкімет резервінен Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту»  жобасын аяқтауға 5,08 млрд теңге қаражат бөлінді. ҚР Премьер-министрі Ә.Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Атыраулық оқушылар Caspian News телеарнасының жұмысымен танысты. Болашақ журналистер Atyrau Bilim Media жобасы аясында телеарна ғимаратын аралап, кәсіби мамандардың жұмысын көрді, деп хабарлайды CaspianLife. Арна редакторлары жасөсіпірімдерді ақпараттық бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқушылар жаңалықтың дайындалу сәтінен бастап эфирге дейінгі процесті бақылады. Тіпті диктор болып, камера алдында мәтін де оқыды. Atyrau Bilim Media жобасы мектеп журналистикасын дамытып, оқушыларды қоғамдық өмірге араластыруға бағытталған. Тәжірибе жинауға мүмкіндік берген экскурсияға 10 мектептің оқушылары  қатысты. Каспиан ньюс телеарнасының қызметкерлері болашақ әріптестерін мамандықтың қыр-сырына баулуға, үйретуге дайын екендіктерін жеткізді. Жоба жетекшілері енді радио және газет редакцияларына да экскурсия ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев жұмыс сапарымен Исатай ауданына барып, шаруалармен, кәсіпкерлермен кездесті. Оларға мемлекет тарапынан берілетін қолдау туралы түсіндіріліп, түйткілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды CaspianLife. Басқарма басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы да мәлімет берді. Ол төрт санатқа бөлінген. Біріншісі — кәсіпкердің қарамағындағы жұмысшылардың жартысы мүгедек, көпбалалы, зейнеткер, зейнет алды жастағы болуы қажет. Екіншісі — осал топқа жататын жандар шығарған өнімді өткізетін кәсіпкер. Үшінші санаттағылар осал топқа қызмет көрсетеді. Төртінші санат — білім, мәдениет, спорт саласына қызмет көрсететін кәсіпкерлер салықтан босатылады. Жиынға «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері де қатысып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы айтты. Бағдарламаға ауылдық жерде мал-егін…

Read More