CaspianLife, 10 тамыз — Атырауда халықаралық жастар күні қарсаңында жас отбасылар арасында байқау өтті, деп хабарлайды CaspianLife. «Отбасы – ұлағат ұясы, ұлт айнасы» атты іс-шараға аймақтан жиналған 7 жанұя қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Алғашқы айналымда қатысушылар өздері жайында дайындаған бейнеролик көрсетсе, екінші айналымда ән-биден шашу шашты. «Шара туралы таратылғаннан кейін бізге өтініштер келіп түсті. Өтінім тастағандардың арасынан 4 турға бөлінеді. Біріншісі видео түсіру керек болды таныстыру, соны инстаграм парақшасына сала отырып, біздің қатысушымыз атанды. Олар екінші турға, яғни, бүгінгі шараға өткен болатын. Өте талантты жастар, әсіресе, жас отбасылар. Бұлар жай ғана жас отбасы емес, өнерде жүрген сол салада қызмет…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 10 тамыз — Ақтауда 5 тамызда халықаралық шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Атыраулық TOP DANCE KZ би студиясының бишілері байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кубок иеленді. Бишілердің қоржынында «Ең үлкен отбасы үшін» деп аталатын маңызды кубок бар. Бұл топтың өнерін қалада өткізілетін концерттер мен іс-шаралардан жиі көруге болады. Көптеген республикалық, халықаралық байқау-фестивальдың лауретаты, жүлдегері атанған топтың жетекшісі — талантты хореограф Зарина Қаметова. Байқаудан кейін балалар экскурсияға шығып, билерін таспаға түсіріп, теңізге барып демалды. Олар қазір өздерінің мерейтойлық концертіне дайындық үстінде.
CaspianLife, 10 тамыз — Бүгін Абай күнінде атыраулықтар ұлы ақынның 178 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Абай ескерткішінің алдында өткен мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Жиын Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры әртістерінің театрландырылған прологымен ашылды. Марат Мурзиев жиылғандарды құттықтап, қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлғаны ұлықтап, насихаттау – парыз екенін айтты. «Әр ұлттың біртуар перзенті – өз халқына қашан да мақтаныш. Ал, біздің мақтанышымыз, әрине — Абай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, «Хакім Абайды біртұтас ұлт болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз. Ұлы Абай — біздің еліміздің…
CaspianLife, 10 тамыз — Атырауда жұмысқа орналастырып беремін деп 40 адамды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаңтар-наурыз айларында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, қомақты ақша қаражатын жымқырған 35 жастағы күдіктіні анықтады. Күдікті тұрғындарды ірі мұнай компанияларына жұмысқа орналастырамын деп әр адамнан 100-150 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алып отырған. Нәтижесінде 40-қа жуық қала тұрғынынан 4 млн-ға жуық теңгені алаяқтық жолмен жинаған. Аталған факті бойынша 35 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілді. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындап уақытша ұстау изоляторына қамауға…
CaspianLife, 10 тамыз — Бұл туралы Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі уақытта облыстың 8 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді аяқтау мерзімі 6 айға дейін деп бекітілген. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екі білім беру нысанын аяқтау жоспарлануда. «Атап айтқанда Атырау қаласы бойынша – 5 мектеп, Исатай ауданы бойынша – 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 білім беру нысанын аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы мектептердің оқушыларының оқу орындарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде оқу процесі уақтылы басталады деп…
CaspianLife, 10 тамыз — Жаңаөзен қаласының 55 жылдығы қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек, деп хабарлайды CaspianLife. Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соның шеңберінде қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 спорттық алаң салынбақ. Ауқымды жұмысты атқару үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлінген. «Жаңаөзен қаласына балалардың болашағына байланысты біздерде үлкен мәселе.Көптеген микрорайондамызы, сосын Жаңаөзен қаласына қарасты 4 ауылымыз бар, бұл жерлерде балалар ойын алаңы шынымен де тапшы. Былтырдың өзінде демеушілік көмектер алдық. Биыл міне қазір осы «Халық» қайырымдылық қоры біздерге осы 20 балалар ойын алаңдары мен воркаут, футбол площадкаларымен 20-сын осы қзан айының…
CaspianLife, 10 тамыз — Биылғы қыстың қарлы, көктемнің жауын- шашынды болуы ата кәсіпті нәсіп еткендер үшін қолайлы болып тұр. Қызылқоғалық шаруалар көк майсаға орақ салуды бастап та кетті, деп хабарлайды CaspianLife. Өнім көңіл қуантарлық. Қазіргі таңда биылғы жылға жоспарланған 105325 тонна мал азығының 27672 тоннасы дайындалды. Жоспар бойынша ауданға биыл 138 000 тоннаға жуық мал азығы қажет. Былтырдан қалған 32 000 тонна шөпті қоспағанда, енді 105 325 тонна жем-шөп дайындалуы қажет. Бұл жұмысқа 123 трактор, 93 тіркеме,109 шабу агрегаты пайдаланылуда. Шөпке алғаш боп орақ салғандардың бірі — Саламат Қаленов. Техникасын сайлап, қыстың қамына кіріскен шаруа биыл 150-200 тонна шөп жинауым тиіс дейді.…
CaspianLife, 10 тамыз — Атырауда құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын жергілікті өндірушілердің көрмесі алғаш рет өтті, деп хабарлайды CaspianLife. 20 дан астам кәсіпорын қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдері туралы мағлұмат беріп, таныстырды. Солардың арасында 14 жылдан бері жарық шамдарын шығарумен айналысатын компанияның өкілі Руслан Әубәкіров те бар. Оның сөзінше, мұндай іс-шара арқылы кәсіпкерлік қарым-қатынасты арттырып, ірі жобаларға қатысуға әбден болады. «Біздің ерекшелігіміз енді Қазақстан бойынша осындай өндіріс бізде ғана деп айтуға болады. Қазір өндірісімізде 130-150 адам жұмыс жасап жатыр. Және де бізде баға, сапа, гарантиямыз бар. Осы көрмеден біз енді Атыраудағы ірі жобаларға қатысқымыз келеді. Сол себептен біз былай қарасаң…
CaspianLife, 10 тамыз — Азаматтық қоғамды дамыту, жастарды қолдау, ақпараттық саясат және ұлтаралық келісім. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы биыл алты айда жасаған жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды CaspianLife. Гүлнұр Сүйеуованың айтуынша соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жаңа деңгейге көтерілген. «Біздің жалпы өңірде Азаматтық қоғамды дамыту орталығы, оның бірқатар келелі мәселелерін шешу бағытында 700-дің үстінде үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Соның облыс бойынша 190-ға жуығы белсенді түрде қызмет атқарып келеді. Олардың ең көбі 600-ге жуығы Атырау қаласында болатын болса, 100-дің үстіндегі ол біздің аудандарда өз қызметтерін жасап келеді» — деді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова. Тағы…
CaspianLife, 10 тамыз — Атырауда «Жастар апталығы» аясында көңілді тапқырлар клубының республикалық фестивалі өтіп, жайдарманшылар Атырау облысы әкімінің кубогын сарапқа салды, деп хабарлайды CaspianLife. Қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастырған жастардың өнерін тамашалауға келген адамның қарасы көп болды. Залда «ине шаншар орынның болмауы» жастар арасында жайдарман ойындарының өте танымал екендігін білдірсе керек. «Көңілді тапқырлар ойыны жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл жер – жастардың көп шоғырланатын орны. Сондықтан, бұның жастар арасында маңызы өте жоғары деп ойлаймын. Бұл жоба жылдан жылға жалғасып келе жатыр. Жастардың, қатысушылардың әлеуеті көтеріліп, шеберліктері шыңдалып, жылдан жылға жақсы болып келе жатыр» — деді Атырау облыстық ішкі…
