Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 тамыз — Атырау осы сенбі-жексенбі күндері жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Caspian Life қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі 5-6 тамыз күндері Тұрғын үй қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында және «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында өтеді. «Бұл жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады», — делінген әкімдіктің хабарламасында. Фото: Рахим Қойлыбаев

Read More

CaspianLife, 4 тамыз — Құлсарыда болған төбелеске қатысқан 3 күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-не сілтеме жасап. Оқиға 1 тамыз күні түнгі 03:00 шамасында болған. 2003-2004 жылғы азаматтар сөзге келіп, артынша төбелескен екен. Салдарынан 19 жастағы азамат ауыр жарақат алды. Күдікті деп танылған 3 азамат қамауға алынды. Төбелеске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен, яғни бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Осыған дейін Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының ​ орынбасары​ қызметін атқарған​ Айнагүл​ Дүйсекенова Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды CaspianLife. Айнагүл Дүйсекенова жоғары білікті маман. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. ​Химия және биология магистрі. Еңбек жолын​ 2007 жылы ​ ​ Атырау қаласындағы ​ №23 орта мектептің химия, биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2008 — ​ 2011 жылдар ​ аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ​ ботаника және валеология кафедрасы оқытушы стажері, 2011 -​ 2012 жылдар ​ аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ауыл шаруашылығы мамандықтары кафедрасы оқытушысы, 2013 — 2014 жылдар…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Құрманғазы ауданында 2 жылдан бері экспонат болып тұрған құны 100 миллион теңгелік «БК-100» маркілі баркас жуықта халық игілігіне қызмет ете бастайды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны аудандық әкімдіктегілер айтып отыр. Жасталап пен Көптоғай ауылдарын байланыстыратын 30 тонналық жүзбелі көпір де, жасалғанына 70 жыл болған су көлігі тек әр жерін жамап-жасқаумен ілдәлдалап жүріп тұрғанын осыдан 2 жыл бұрын айтқан едік.Әкімдік сол жылы су көлігінің қазан-қараша айында пайдалануға берілетінін хабарлаған. Сол уақытта аудан әкімі қазір облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев болған. 2 жыл бұрын анықталған кемедегі ақау енді толығымен жөнделіп, ауылдық әкімдіктің балансына өтпек. Кейін ол сенімгерлік басқаруға беріледі.…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Маңғыстау облысындағы жабайы жағажайлар нағыз қоқыс алаңына айналуы мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы теңіз жағасындағы Сайн Шапағатов ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Мұнда келген демалушылар тастаған тұрмыстық қалдықтың алынбағанына екі айдай болған. Күні кеше ғана жеке компаниялар жағалауды жинастырып, төрт тонна қоқыс шығарыпты. Ауыл әкімінің сөзінше, жағалаудың тазалығына коммуналдық мекеме жауапты. Бірақ қазір компания мен әкімдік арасында сот процесі жүріп жатқандықтан, тазалық жағы қараусыз қалып отыр. Ауыл тұсындағы жағажайға келетін көлік саны демалыс күндері екі жүзден асып жығылады дейді әкім. Олар кеткен соң арттарында қап-қап қоқыс қалатын көрінеді. Жабайы жағажай жекеге тиесілі. Сондықтан бұл жер де…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Атыраудағы бином мектептерінде қазақ тілінде оқытатын 1-4 сыныптарда орын бар. Бірақ көп емес. Бұл бастауыш сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау аяқталған соң белгілі болды, деп хабарлайды CaspianLife. «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан «Әл-Фараби» атындағы мектепте екінші және үшінші сыныптың әрқайсысында 2 орыннан, төртінші сыныпта 10 орын бос тұр. Ал «Сарыарқа» ықшам ауданында орналасқан Д.Қонаев атындағы мектепте үшінші сыныпта 2 орын, төртінші сыныпта 1 орын бар. Бұған дейін мектеп басшылығы «тұрғылықты жеріне қарамастан балаларды қабылдай аламыз, бірақ бос орын қалса ғана» деп ескерткен. Қазір келген арыздың бәрі қаралу үстінде. Ал талапқа сәйкес келмегендері қабылданбайды. Оған құжаттардың толық болмауы немесе…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Биыл облыстық бюджеттен мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орындауға 2,6 млрд теңге бөлініпті. 10.000-нан астам бала түрлі үйірмемен қамтылған, деп хабарлайды CaspianLife. Осы жылы 900 адамға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін, көпшілік алдында сөйлеуді үйрету жоспарланған. Әзірге 282 адам аталған курстарды аяқтағандықтары туралы сертификат алыпты. Мұндай ақпаратты мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов брифинг кезінде айтты. Сондай-ақ жыл соңына дейін облыста 5 мәдениет үйінің құрылысы аяқталуы тиіс. Оның үшеуі Жылыойда, екеуі Құрманғазы ауданында. «Жалпы жылой ауданында Шоқпартоғайда, Майкөмген және Тұрғызба ауылында салынып жатыр. Бұлар бойынша сын ескертпеміз жоқ. Бәрі ретімен болады. Мәселе, Құрманғазыдағы, мысалы…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз — «Саяхаттау еш қашан кеш емес» Деген принципті ұстанған 73 жастағы жихангез Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралап шыққалы отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Ол алдағы үш айдан астам уақыт ішінде Ресей арқылы Грузия, Түркияны аралап, 2890 шақырымдай жер жүрмек. Ал келер жылы мамыр мен қыркүйек айы аралығында Түркия, Франция, ал тамыз-қазан айларында АҚШ-қа сапарламақшы. Одан бөлек Қытай мен Моңғолия өлкесін де аралап, сапарын 2025 жылы қорытындыламақ. Жолдың жалпы ұзақтығы 13000 шақырымдай. «Бірінші мақсатым Ұлытау өңірін қазақ тарихында алатын орыны. Сонау қола дәуірінен, біздің эрамызға дейін. Екінші мақсатым қолөнер шеберлеріне жол ашу. Юнескомен шартқа отырып, қолөнер шеберлерінің тізімін түгендеп,…

Read More

CaspianLife, 2 тамыз — Атырау және Түркістан облысының әкімдігі бірлесе отырып, қос аймақтағы туризмді дамытуды қолға алды, деп хабаралайды CaspianLife. Осыған орай Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Туризм және қызмет көрсету» салалық кеңесі меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс жасайтын болып келісті. Атырауда өткен Road show-welcome to Turkistan атты іс-шара кезінде Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының өкілдері презентация арқылы өңірдің туристік әлеуетін халыққа насихаттап, таныстырды. «Қазіргі таңда біздің әріптестеріміз Орал, Ақтөбе облыстарында дәл осындай мақсатта іс-шара ұйымдастырылып отыр. Ақпараттық турды жүргізіп отыр. Одан бөлек өңірге көршілес Өзбекстан елінің Ташкент қаласында да жалғасын тауып сонда…

Read More

CaspianLife,  2 тамыз — Атырау облысында әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылардың балаларына арналған «Мектепке жол» акциясы басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл науқан қазір елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Жылдағыдан ерекшелігі — көмек бұрынғыдай заттай емес, ақшалай беріледі. Яғни ата-ананың немесе қамқоршының жеке шотына ақша аударылады. Биыл мектеп формасы мен сабақ құралын алу үшін әр балаға 40 567 теңге бөлінеді. Материалдық көмекті өңірдегі 14790 оқушы алғалы отыр. Бұл қатарда табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары мен жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. «Акцияда өзгерістер жоқ. Енді алдындағы акцияларға қарайтын болсақ, біз мұны мектеп формасымен құрал-жабдықтармен жабдықтап жатқан болатынбыз. Халықтан наразылық…

Read More