Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 шілде — Атырау халықаралық әуежайында санитарлық қауіпсіздік мақсатындағы іс-шаралар қолға алына бастады, деп хабарлайды Caspian Life. Оған Египетте бірнеше адамның денге безгегін жұқтыруы себеп болды. Әсіресе шетелден келетін авиарейс жолаушыларына қатты мән берілуде. Денге безгегі гемаоррагиялық өткір вирустар қатарына жатады. Негізінен климаты қолайлы аймақтарда жиі кездеседі. Оны жұқтырған адамның буыны ауырып, қалтырай бастайды және денесінде бөртпелер пайда болып, лимфа бездері шошынады. Әдетте ауру жеңіл түрде өтеді немесе мүлде білінбейді. Адам екі апта ішінде айығып кетеді. Тек кей жағдайларда асқынып, жұқтырған жанның қайтыс болуы мүмкін Сондықтан мамандар шетелге шықпас бұрын баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайдан хабардар болған, қажет болса тіпті…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — 2014 жылы бастау алып, биыл мерейлі 10 жылдығы аталып жатырған ұлттық байқаудың қалалық кезеңінде 2023 жылы 6 отбасы бақ сынады, деп хабарлады Caspian Life. Байқау ережесіне сәйкес, 15 мамыр мен 1 шілде аралығында Қалалық ішкі саясат бөлімімен үміткер отбасылардың құжаттары жинақталып, 12 шілде күні Қала әкімдігі жанынан арнайы құрылған комиссия отырысы өткізілді. Комиссия шешімімен Бекеновтер отбасы және Оразғалиевтер отбасы жеңімпаз атанып, құжаттары конкурстың облыстық кезеңіне жолданды. Жеңімпаздарды марапаттау шарасында қала әкімінің орынбасары Н.Ермұханов отбасыларды бүгінгі мерейлі күнмен құттықтап, жеңімпаз дипломдары мен әкімнің алғыс хатын табыстады.

Read More

CaspianLife, 30 шілде — Әлеуметтік желіде Қазақстаннан Ресейге әскери техника тасымалданып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды CaspianLife inform.kz сайтына сілтеме жасап.  «Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі», — деп жазылған министрлік хабарламасында. Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Фото: adyrna.kz

Read More

CaspianLife, 28 шілде —Атыраудағы «АқЖайық» резерватына жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Өңір басшысы Серік Шапкенов қорықтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында осындай тапсырма берген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өз telegram-каналында жазды. Осы қаражатқа 2 жол тағамайтын көлік, жедел әрекет етуге арналған 2 көлік, 1 автосаты және басқа да қауіпсіздік техникалары сатып алынбақ. Ал «Орман шаруашылығы мекемелеріне 38 қосымша бірлік бөлінді. Еске салайық, жергілікті әкімдік бұған дейінде резерватты коммуналдық балансқа өткізу жайын бірнеше рет көтерген болатын. Бірақ мұны министрлік құптай қоймады. Соған қарамастан, министрлік қорықтың материалдық-техникалық базасын…

Read More

CaspianLife, 28 шілде —ҚР Ұлттық экономика министрі Атырауға іссапармен келді, деп хабарлайды CaspianLife. Әлібек Қуантыров жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, қордаланған мәселелерін тыңдады. Бизнес өкілдерінің көпшілігі ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүйесі ақсап тұр дейді. Одан бөлек, елді мекендерде бизнесті дөңгелетіп әкетуге кедергі болатын фактор бұдан да көп көрінеді. Әлібек Қуанторов ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту министрліктің басты назарында дейді.Оның айтуынша, бұған «Ауыл аманаты», «Бизнестің жол картасы» және биыл 200 млрд теңге бөлінген «Ауыл ел бесігі» жобасы дәлел. Бірақ, бизнес кәсіпкерге тек ақша әкеліп қана қоймай, жаңа жұмыс орнын ашып беруі тиіс деп атап өтті министр. Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР Ұлттық экономика…

Read More

CaspianLife, 28 шілде — Маңғыстауда прокурорлар мектептен 76 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшіні анықтады, деп хабарлайды CaspianLife Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Тексеруде штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстырды. Есепші 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеп келген. Осы факті бойынша прокурор қылмыстық іс қозғап, тергеу ЭТД-на тапсырды.Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толық мойындады.Сот үкімімен кінәлі адам ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бес жыл лауазымды қызмет атқара алмайды.

Read More

CaspianLife, 28 шілде — Атырау қаласында жыл басынан бері 365 кәсіпкердің құқығы бұзылған, деп хабарлайды CaspianLife  Хабар 24 сілтеме жасап. Мемлекеттік кіріс органдары 269 кәсіпкердің банктегі шотын жабу туралы заңсыз ұйғарым шығарыпты. Оған қоса талап бойынша кем-кетікті жойған 4 кәсіпкердің есеп-шотын бірнеше күнге дейін ашпай, кәсіп иелерін әбігерге салған. Мұнымен қоймай, Wipon қосымшасы арқылы кәсіпкерлердің үстінен өздері арыз жазып, кейін оны өздері тексерген. Бұл іске прокурорлар араласып, 36 кәсіпкерден заңсыз алынған 11 млн теңге иелеріне қайтарды. Алмат Сүйеуов, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры — Салық органының қызметкерлері өздерінің тарапынан кәсіпкерлерден анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлама жолдап, өздері тексеріс ашу фактілері орын алды.…

Read More

CaspianLife, 28 шілде — Былтыр Атырау облысында жұмсалуы тиіс 632 млрд теңгенің 12 млрд-ы игерілмей қалған. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы мәслихат депутаттарының кезекті үшінші сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife.  Оның айтуынша, қаражатты игермегендердің қатарында білім басқармасы «көш бастап тұр». Аталмыш мемлекеттік орган 3 млрд теңгеден астам ақшаны келісім-шарттың кеш тіркелуі себепті жұмсап үлгермепті. Ал, құрылыс басқармасы түрлі нысанның уақытында салынбауынан 182 млн теңгені игермеген. Одан бөлек, уақытында жұмсалмаған қаражаттың ішінде республикалық бюджетке аударылмаған сома да бар.  Алдағы уақытта аймақтық бюджеттің басым бөлігі облыстағы инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалмақ. 2023-2025 жылдардағы облыстық бюджетті нақтылау жоспарына сәйкес, өңірді сумен жабдықтауға 267…

Read More

CaspianLife, 28 шілде — Малайзия елінің Милака қаласында каратэден өткен Азия чемпионатынан атыраулық Әбілмансұр Батырғали мен Дамир Нұрберген күміс жүлдемен оралды, деп хабарлайды CaspianLife. Жарысқа 32 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Біздің каратэшілер Иран, Филиппин, Тайланд, Кувейт елінің спортшыларымен 4 кездесу өткізді. Халықаралық жарыста командалық есеп бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Жапония, ал үшінші орынды Иран елінің спортшылары жеңіп алды.

Read More

CaspianLife, 28 шілде — Түркістан облысында күдіктілерге қысым көрсеткен 6 полицейдің соты айқай-шуға ұласты, деп хабарлайды CaspianLife «Хабар 24» сілтеме жасап. Айта кетейік, бір жыл бұрын Сауран аудандық Полиция бөлімінің бұрынғы қызметкерлеріне 2 тұрғынды ұрып-соғып, мал ұрлығы бойынша қылмысты мойындатпақ болды деген айып тағылған еді. Содан бері тергеуде болғандарға қатысты бүгін сот үкімі шықты. Бесеуі 4 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы бір тәртіп сақшысы 3,5 жылға қамауға алынды. Сот үкімімен барлығы шенінен айырылып, құқық қорғау органдарынан шеттетілді.Ал жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім оқылған кезде айыпталушылардың туыстары мен қорғаушылары сот залында шу шығарды. Айтуларынша, тергеу барысы мен…

Read More