CaspianLife, 26 шілде —Қазақстанда мұнай өнімдерін шетелге теңіз арқылы заңсыз тасымалдауды жолға қойғандар ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «А» арнаулы мақсатының қызметкерлері Түркістан облыстық прокуратурасымен бірлесе отырып, заңсыздықтың жолын кесті. Қазіргі кезде Түркістан және Маңғыстау облыстарында, Астана, Шымкент қалаларының аумағында жедел тергеу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мына бейнекадрларға қарағанда арнайы жасақтың күдіктілерді кемеден ұстағанын көруге болады. Фото: Sputnic.kz
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 26 шілде —Атырауда «100 аула» жобасы бойынша басталған жұмыс кейбір учаскелерде тоқтап тұр, деп хабарлайды CaspianLife. Тұрғындар әдеттегідей алғашында тым жақсы қарқынмен басталған шаруаның неге саябырсып қалғанын түсінбей дал. Мердігерлер үйлердің ауласындағы асфальттың алғашқы қабатын қырып тастап, тротуарлардың негізін, ойын алаңын салуды бастағанмен бітетін түрі көрінбейді. Жалпы биыл қаладағы «Авангард», «Лесхоз», «Огородный», «Вокзал маңы», «Алмагүл» сынды бірнеше ықшам аудандағы 76 үйдің ауласын абаттандыру басталған. Бұл жұмыспен 3 мердігер мекеме айналысып жатыр. Тұрғындар бір кварталдағы жұмысты аяқтамай, келесісіне кірісуге асықпау керек еді дейді. Әкімдіктегілер кейбір ықшам аудандардағы жұмыстың саябырсуына себеп бар дейді. Нақтырақ айтқанда, 2 мердігердің бірнеше жобасына түзету-толықтыру енгізіліп…
CaspianLife, 26 шілде —Атырауда самокат мінген балалар көлік астына түсті, деп хабарлайды CaspianLife Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға 24 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында Әбілхайырхан даңғылы бойында болған. Hyundai Accent маркалы машинаның жүргізушісі самокат айдаған жеткіншектермен соқтығысқан. Олардың бірі он жаста болса, екіншісі алтыда. Соққының салдарынан 2017ж.туған бала дене жарақатын алып, жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Тәртіп сақшыларының сөзінше, тиісті құжаттар жинақталып, қалалық полиция басқармасына тапсырылған. Фото: Almaty.tv
CaspianLife, 26 шілде —Енді өңірдегі 82 аудандық және ауылдық мәдениет үйін электронды картадан көруге болады, деп хабарлайды CaspianLife. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодқа бағыттаса жеткілікті. Мұны Атырау облыстық мәдениет басқармасы ресми парақшасында жариялады.
CaspianLife, 25 шілде – Экологтар Жайық өзеніне Ерік Мостовой каналынан құйылып жатқан судан сынама алды, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. Оның нәтижесі су құрамында хлоридтің және құрғақ қалдық көрсеткішінің нормадан асып кеткендігін көрсетті. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы шешімі бойынша су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын құятын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстың тасталуына жол берілмейді. Осыны негізге алған экологтар қала әкіміне каналдан Жайық өзеніне ағып жатқан суды тоқтатып, канал жағасын, ішін қалдықтан тазалау туралы хат жолдады.
CaspianLife, 25 шілде — Атырау облысында ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 1 млрд. 504 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Қаржылай қолдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында көрсетілмек. Жалпы бағдарлама аясында 188 кредит беріліп, 200-ге жуық жұмыс орнын құрылу керек. Алайда, 20 маусымнан бері түскен өтініш саны – 80. Қазіргі уақытта 10 адамның тапсырған құжаты түгел. Қалғаны қажетті қағаздарды жинақтап жатыр. Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында несие алу үшін қажетті құжаттардың санын қысқарту туралы ұсыныс айтылды. Өйткені, олардың бәрін дайындау шаруа қамымен ауылдықтарға қиын соғады. «Ауыл аманаты» жобасына барлық ауыл тұрғындары қатысып, бес немесе жеті жылға берілетін несиені ала алады.…
CaspianLife, 25 шілде — Атырауда дарынды жастарды қолдау мақсатында музыкалық зертхана ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Kilen hub орталығының ұйымдастыруымен ашылған зертханада демалыс күндері кастинг өткізіліп, оған 50-ге жуық жас қатысты. Солардың бірі Жанболат Шынғали. Ол өзі қаладағы кофейнялардың бірінде барИста болып жұмыс жасайды. Жоба туралы өзінің досынан естіп кепті. Кәсіби әнші болғысы келетін көрінеді. СНХ-РУС0172: Жанболат ШЫНҒАЛИ, кастингке қатысушы Мен кастингте 3 ән айттым, екеуі қазақ, біреуі ағылшын тілінде. Қатысушылардың бәрі шығармашыл, дарынды жастар. Бәрі әнді жақсы айтады. Бір-бірімізбен тез достасып, шынайы араласып кеттік. Маған осындай шығармашыл адамдардың атмосферасы қатты ұнайды. Кастинг жеңімпаздарымен білікті мамандар жұмыс жасайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ олар…
CaspianLife, 25 шілде – Атырау облысында 2023-2024 оқу жылында 15 мыңдай бүлдіршін 1-ші сыныпқа қабылданады деп жоспаланып отыр, — деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 14 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 6,5 мыңы Атырау қаласына тиесілі. Бұл процесс 1 тамызға дейін жалғаспақ. Білім беру басқармасындағылардың айтуынша, ата-аналар электронды цифрлы кілт көмегімен Егов.порталы арқылы мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Құжатында мәселе бар немесе басқа елдің тұрғыны болып табылатын ата-аналардың балалары үшін мектептерде қағаз түрінде құжатты қабылдау жалғасуда. 1 тамыз күні портал жабылатынын ата-аналардың қаперіне бергіміз келеді. Былтырғы…
CaspianLife, 25 шілде – Ресей бидайы қазақстандық өнім ретінде Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға экспортталып келген, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мұны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. «ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті тауарды экспорттау үшін жалған келісімшарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықтаған. Атаулы тұлға 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне қазақстандық өнім ретінде жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
CaspianLife, 25 шілде – Атырауда жас қызды соққыға жыққан рестобардың күзетшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Күдіктілер «топ болып, бұзақылық жасау» бабы бойынша тергелуде. Жағдай 11 шілде күні болған. Жәбірленуші әлеуметтік желідегі өз парақшасында олардың алдымен танысуға тырысқанын, кейін «шылымды лақтырмадың» дегенді желеу етіп ішке кіргізбегенін айтады. Содан соң екі арада жанжал шығып, жігіттер оған қол көтерген.
