CaspianLife, 4 тамыз — Құлсарыда болған төбелеске қатысқан 3 күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Оқиға 1 тамыз күні түнгі 03:00 шамасында болған. 2003-2004 жылғы азаматтар сөзге келіп, артынша төбелескен екен. Салдарынан 19 жастағы азамат ауыр жарақат алды. Күдікті деп танылған 3 азамат қамауға алынды. Төбелеске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен, яғни бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.