CaspianLife, 8 тамыз — Ақтау қаласының әкімдігі 5 қоғамдық әжетхананы атып алып, орнату үшін 87 миллион теңге жұмсады, деп хабарлайды CaspianLife.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлерінің сөзінше, олардың әрқайсысы 12 миллион теңге тұрады. Туалеттер теңіздің облыс орталығы тұсындағы жағалауына қойылмақ. Ақтау қаласының тұрғындары бұған дейін жағадағы әжетханалардың жұмыс істемейтінін айтып, мәселені шешуді талап етіп жүрген еді.
Мәселенің шешілгені әрине жақсы. Бірақ қалалықтарды тағы бір нәрсе алаңдатып отыр. Ол — әрқайсысы екі бөлмелі пәтердің құнына пара пар туалеттердің бағасы. Және әкімдік бастапқыда бар жұмысты 55 миллион теңгеге бағалаған, бірақ бұл сан күтпеген жерден тағы 32 миллион теңгеге өсіп кетті.
Фото: GOV.KZ