CaspianLife, 18 шілде – Тауман Амандосов көшесінің бойында тұратын тұрғындар жауаптылардан «автобус аялдамасы» деген белгі орнатуды сұрайды деп хабарлайды caspianlife.kz. Тұрғындардың айтуынша, жол кеңейтілгеннен кейін қоғамдық көліктердің барлығы халық аузында «Әсемгүл» және «Чехов» аталып кеткен аялдамаларға тоқтамайтын болыпты. Енді автобусқа міну үшін 1 шақырым жаяу жүру керек. Бұл, әсіресе,үлкендерге қиын болып отыр. «Бәрінің айтатын жауабы бір: қаралып жатыр, қаралып жатыр, қаралып жатыр. Одан артық ештеңе айтпайды. Бұл мәселенің шешілмей келе жатқанына үш жыл болады. Жолды салып жатқан кезде автобус тоқтайтын аялдама болу керектігін айттық. Естір құлақ болмады»,- дейді қала тұрғыны Светлана Ізтілеуова. Екі жолақты жол 2021 жылы төрт жолақты болып…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 шілде – 18 шілдеден бастап «Жұлдыз 3 -Дина базары» бағытында жүретін № 58 автобус Индер трассасымен жүретін болды деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұрын маршруттағы автобустар Доссор трассасымен қатынайды еді. Әкімдіктегілердің айтуынша, мұндай өзгеріске халықтың ұсыныс-тілегі себеп болған.
CaspianLife, 17 шілде – Құрманғазы ауылындағы ангардың құрылысы күзде аяқталады деп хабарлайды caspianlife.kz. Құрманғазы ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Абат Жанғалиев Құрманғазы ауылындағы қоқыс полигоны айналасындағы тазалық жұмыстарымен танысты.Құрманғазы ауылындағы қоқыс алаңы ауылдан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан, жер көлемі 13,65 га. Жер телімі аудан әкімдігінің қаулысымен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне берілген. Аудан басшысы аталған полигон алаңында болып, алаңның ережеге сәйкес көгалдандыру, жан-жағын қоршау, жол төсеу жұмыстарын бақылады.Сонымен қатар, аудан басшысы жуық арада құрылысы басталған ангар қондырғысының жұмысымен танысып, жұмысшылармен жүздесті. Биыл басталған ангардың құрылысын «Нур-Тех.Сервис» жеке кәсіпкерлігі жүргізуде.…
CaspianLife, 17 шілде – Атыраулықтар «Qazaqstan дауысы. Балалар» ІІ маусымында жеңіске жеткен Нұршат Құсанованы әуежайдан күтіп алды деп хабарлайды caspianlife.kz. Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша 4 финалистің арасынан үздік шыққан Нұршат мегажобаның алғашқы кезеңінде композитор Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнін, жартылай финалда «Толғауды», ал финалда Қанай мен Калифарнияның «Ритм-такт» әнін орындады. Бастапқы кезеңде-ақ 2 тәлімгерді өзіне қаратқан ол әнші Жұбаныш Жексенұлының тобында өнер көрсеткен еді. «Сайыс өте керемет өтті. Мен өзімнің ұтқаныма әлі сене алмай жүрмін. Алдағы уақытта шетелдегі үлкен сахналарды бағындырғым келеді. Өзімнің мақсатыма жетемін деп ойлаймын», — Qazaqstan дауысы. Балалар жобасының жеңімпазы Нұршат Құсанова. Биылғы жобаға қатысу үшін…
CaspianLife, 17 шілде – «Ерік Мостовой» каналындағы сасық су Жайық өзеніне қайта құйылып жатыр деп хабарлайды caspianlife.kz. Жергілікті балықшылардың айтуынша, көктемде Жайықтың суы каналды толтырып, кейін тартылып қалған. Енді канал бойындағы лас су «Жайық» өзеніне қайта құйылып жатыр. Өкінішке қарай, қалалық әкімдік қоқысқа толып, жағымсыз иіс шығатын бұл каналдың тағдырының қандай болатынын дөп басып айта алмай отыр. Жергілікті атқарушы орган алғашында каналды жерасты суының деңгейін төмендетіп, жауын-шашын кезінде қаланы су баспас үшін пайдаланамыз деп жоспарланған. Ерік Мостовой қаланы айналып өтіп, бір шеті Каспий теңізіне қосылуы тиіс еді. Бірақ, басталған жұмыс мақсатына жетпеді.
CaspianLife, 17 шілде – Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне Р. есімді азаматты «азаптап, қинады» деген айып тағылды деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады. Құқық қорғау органының жариялаған ақпаратына сүйенсек, күдіктілер осы жылдың ақпанында алдын ала сөз байласып азамат Р. есімді азаматты қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерді қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар бабы бойынша айып тағылып отыр.Айта кетейік,…
CaspianLife, 17 шілде – Облыс орталығын жаяу аралауға кіріскен аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Вокзал маңы» ықшам ауданына барып, көпқабатты үйлердің жағдайын көзбен көрді деп хабарлайды caspianlife.kz. Халықпен тілдескен әкім үйлердің жертөлесін реттеулі тапсырды. Өйткені, тұрғындардың кейбірі көп үйдің төменгі қабаты суға толып тұрғанын айтып, мәселені шешіп беруді сұрады. Бұдан басқа, ПИК жұмысы, термомодернизация, электр қуаты және аулаларды абаттандыру мәселелері көтерілді. «Қалалық әкімдік жертөлені бір рет дұрыстап, тазалап береді. Әрі қарай оның тазалағы тұрғындарда немесе ПИК жұмысы деуге болады. Жалпы бұл жұмыс әкімдіктің емес, осындағы тұрғындардың міндеті»,- деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
CaspianLife, 17 шілде – Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында жаппай төбелес болды деп хабарлайды caspianlife.kz. Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұсталғанын хабарлады ПД баспасөз қызметі.Telegram арналарда жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.Полицейлер 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. halyq-uni.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, фактке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Фото gov.kz порталынан алынды
Бүгін сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан. Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция департаменті тиісті іс-құжаттарды жинақтауда. “Құрметті тұрғындар, көлік жүргізушілері, жолаушылар! Жол апатының арты ауыр зардаптарға әкеп соқтырады! Өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз! Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны…
CaspianLife, 14 шілде — Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов аймаққа ресми жұмыс сапарымен келген Грузия мемлекеті Боржоми қаласының мэрі Отар Арболишвили бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды CaspianLife. Серік Шәпкенов Отар Арболишвилиге ілтипат білдіре отырып, өзара ынтымақтастықтың екі жаққа да табысты болғанын айтып, оны дамытуда қос тарап бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар Боржоми қаласы атыраулықтар үшін туристік-сауықтыру мекеніне айналғанын атап өтті. «Жалпы Атырау қаласынан «Атырау-Кутаиси» бағыты бойынша аптасына 3 рейс орындалады. 2022 жылы Грузияға демалу үшін Атыраудан 18 мыңнан астам турист барса, оның 6 мыңға жуығы «Borjomi Palace» санаторийінде ем алды. Ал осы жылдың төрт айында 10 мыңға жуық…
