CaspianLife, 18 шілде – 17 шілдеден бастап полиция қызметкерлері барлығы 218 шетелдік нөмірлі көлік иелерінен уақытша есепке қою туралы өтініштерін қабылдады деп хабарлайды caspianlife.kz.
КР Үкіметінің №13 қаулысына өзгертулер енгізіліп, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген өзге елдің есебінен шықпаған автокөліктерді уақытша тіркеу процесі басталды. Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында есептен шықпаған шетелдік көліктерді тіркеу бойынша қызмет көрсету жалғасып жатыр. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында полиция қызметкерлеріне тиісті құжаттарыңызды тапсырып, заңдылығы тексерілгеннен кейін, өтінім кері беріледі. Орталықтағы криминалист мамандармен автокөлік тексерілгеннен кейін 15 мың теңге мөлшерінде алым төленіп, 5 жылға уақытша есепке қойылады.Уакытша есепке кою кезінде ҚР көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері берілетін болады. Тіркеу туралы куәлікте «уакытша есепке алу, иеліктен шығару және ҚР тыс жерлерге шығу кұкығынсыз» деген жазбалар көрсетіледі.
Фото polisia.kz сайтынан алынды