Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 шілде — Құрманғазы ауданына әкім тағайындалды, деп хабарлайды CaspianLife. Ауданның жаңа басшысы Абат Жанғалиевті жергілікті активке облыс әкімі Серік Шәпкенов таныстырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Абат Жанғалиев 46 жаста. 2021 жылдың наурызынан бастап күні бүгінге дейін АШМ-не қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану» мамандығы, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1999 жылы шаруа қожалығында тері өңдеуші болып бастады. 2000-2021 жылдар аралығында Атырау облыстық аймақтық басқармасының шекарадағы мал дәрігерлік-фитосанитариялық қадағалау бекетінің мемлекеттік фитосанитариялық инспекторының…

Read More

CaspianLife, 10 шілде — Теңіз кенішінде жұмыс жасайтын Arctic group international ЖШС ұжымы Жылыойдағы «Мерген» спорт клубына қажетті құрал-жабдық алып берді, деп хабарлайды CaspianLife. Клуб жасөспірімдерді спорттың грэпплинг, ММА және ережесіз жекпе-жек секілді түрі бойынша жаттықтырады. Спортшыларға үш түрлі тренажер сыйға тартқан мекеме бұған дейін де аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіп жүр. «Біздің Арктик мекемесінің Теңіз кенішінде жұмыс істеп келе жатқанына 22 жыл болды . Мекемедегі жұмысшылардың көбі Жылыой ауданынан, сол себепті ауданның дамуына ықпал ету – міндетіміз деп білеміз. Мұндай иігілікті іс алдағы уақытта жалғасады, әлі де демеушілік көрсетеміз» — деді Arctic…

Read More

CaspianLife, 10 шілде — Атырау халқы Елорда күнін атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Бейбарыс сұлтан атындағы алаңға жиналған қауым «Елорда — елімнің айнасы» атты мерекелік концертті тамашалады. Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы ұйымдастырған мерекелік концертке өңірге белгілі өнер иелері қатысты. Олар екі сағат бойы елордаға арналған және өздерінің репертуарындағы шығармаларды орындап, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Астана күні құтты болсын. Біз мына жанұямызбенен, балдарымызбенен осы концертке келіп жатырмыз. Концерт өте жақсы өтіп жатыр. Бәріне қуаныштымыз. Еліміз тыныш болсын, аман болайық. Жұртымыз тыныш, нанымыз мол болсын. Бәріне ризамыз, жақсымыз, көп рахмет» — деді Атырау қаласының тұрғыны Әлима Наурызбаева.

Read More

CaspianLife, 10 шілде — Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Енді бұл қызметті бұрынғы ҚР Сауда және интеграция министрлігіндегі Сауда департаментінің басшысы Шәкір Кейкін атқарады, деп хабарлайды CaspianLife. 53 жастағы жаңа әкім Жылыой ауданында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастаған. 2008 жылы мемлекеттік қызметке араласа бастады. Атап айтсақ, сол жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының әкімі, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары және 2009 жылы Құлсары қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, кейін Атырау қаласы…

Read More

CaspianLife, 9 шілде — Атырауда қамыс өртімен 100-ге жуық құтқарушы күресуде, деп хабарлайды Caspian Life. Сонымен бірге, жалынды ауыздықтауға 15 техника, 4 мотопомпа мен МИ-8 тікұшағы тартылған. ТЖД-нің хабарлауынша, жану аймағы ұлғайған. «9 шілде 08:00 сағаттағы ақпарат бойынша Атырау облысында қамыстың жану аумағы  690 га құрайды. Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталмады. Алайда қамыстың бықсуы орын алуда», — делінген департамент хабарламасында. Қазірге дейін тікұшақ көмегімен 11 рет су төгілді.

Read More

CaspianLife, 8 шілді — Атырауда 410 гектар қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды Caspian Life ТЖД-не сілтеме жасап. «Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша аэровизуалды тексеруден кейін қабылданған шаралардың арқасында жану аумағы 40 га төмендегені анықталды», — делінген департамент хабарламасында. Өрт сөндіруге МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытқа дейін көлемі 60 тоннаға жуық су төгілген. Батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғуда дейді құтқарушылар.

Read More

CaspianLife, 8 шілде — Атырауда арнайы комиссия Миялы ауданындағы Ойыл өзеніндегі балық өлімі туралы ақпаратты тексеруде, деп хабарлайды Caspian Life. Балық шаруашалығы комитетінің дерегінше, кеше 23:00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат келген. Бұл туралы барлық жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке хабарланды    «Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты», — делінген комитет хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 8 шілде — 60-тан астам атыраулық жасөспірім  байдарка мен каноэде ескек есуден жарысуда, деп CaspianLife. Атырауда Астана күніне орай байдарка және каноэда ескек есуден қалалық чемпионат өтуде. Байдарка чемпионатына 2005-2010 жылғы ұлдар 1000, 500, 200 м, 2011 жылдан төмен туған ұлдар 200 м, 2007-2010 жылғы қыздар 500, 200 м қашықтықта бақтарын сынайды. Ал, каноэ бойынша 2008-2010 жылы туған және одан кіші ұлдар, 2008 жылы туған және одан кіші қыздар 500,200 м қашықтықта жарысады. Қалалық біріншілік екі күнге созылады.

Read More

CaspianLife, 8 шілде — Атырауда қамыс өртінің аумағы 450 гектарға жетті, деп хабарлайды Caspian Life ТЖД-іне сілтеме жасап. «8 шілде күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 450 га құрайды. Оның ішінде 50 га көлемінде ашық отпен жануда», — делінген департамент хабарламасында. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақ Жайық» МТР қызметкерлері мен құралдары жұмылдырылды.

Read More

CaspianLife, 7 шілде — МАЭК-тегі энергоблок қайтадан істен шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Кәсіпорынның хабарлауынша, кеше сағат 05:51 шамасында комбинаттағы ЖЭС №1 энергоблок жөнделіп, іске қосылған. Алайда, 12 сағаттан кейін құрылғы қайта жұмысын тоқтатыпты. Қазіргі уақытта, жөндеу жұмыстары жүруде. «Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ», — делінген кәсіпорын хабарламасында. Энергоблокты 10 шілдеге дейін қосу жоспарланған.

Read More