Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 шілде — Мүгедектік тағайындалған 19 мыңға жуық атыраулықтың жәрдемақысы өсті. Олар шілде айынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны әдеттегіден көптеу алады, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. Нақтырақ айтқанда, осыған дейін 77 мың теңге алып жүрген 1 топқа жататын ерекше жандарға енді 89 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Ал 2 топтағы мүгедектерге төленетін көмектің мөлшері 62 мыңнан 71 мың теңгеге артты. «3-ші топтағы мүгедектер осыған дейін 42 мың теңге алды, шілде айынан бастап бұл сома 48 мыңға дейін өсті. Сонымен бірге, бұрын «Батыр ана» атанғандар 25 мың теңге алады. Жерлеу жәрдемақысы да өсті. Бұрын бұл үшін…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Күні кеше Жайық өзенінде тұрғындарды серуендететін қайықтар соқтығысқаннан кейін полицейлер мен көлік инспекциясының қызметкерлері бірігіп, рейдке шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Олар кешкілік өзен бетінде жүрген су көліктерін тоқтатып, жүргізушілердің, катерлердің құжатын тексерді. «Су көлігін жүргізетін адамның рұқсат беретін куәлігі болуы керек. Ал, егер катер басқа біреудің атында болса сенімхат қажет. Сондай-ақ, жолаушыларға мінер алдында нұсқаулық беру қажет және құтқару жилеті болуы міндетті», — деді Атырау облыстық ПД бөлім басшысының орынбасары Ришат Берікқалиев. Тексеріс кезінде су көлігі жүргізушілерінің құжаттары дұп-дұрыс, катерлердің де жағдайы талапқа сай боп шықты. Полицейлер мен инспекторлар Жайық өзенінде жүрген су көліктерін шолу-тексеру…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — 10 шілде күні Атырау қаласының 10-ға жуық көшесінде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, 10.07 электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында аталған мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді. Сағат 09.00-18.00 аралығында Береке елді мекеніндегі Қобыланды және Уәлиханов көшелері Сағат 10.00-14.00 аралығында Құлманов 1,1а және Әйтеке би 57 үй Сағат 10.00-17.00 аралығында Еркінқала селосы, Есқалиев көшесі және Алмалы селосы, Жастар көшесі Сағат 10.00-17.30 аралығында Самал шағын ауданы

Read More

CaspianLife, 5 шілде — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайлов пен ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов іссапармен Атырауға келді, деп хабарлайды Caspian Life. Министрлер кабинетінің өкілдері бірден Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, жағдаймен танысты. Үкімет басшысы Смайлов кәсіпорын директорына автономдық газ турбиналы электрстанциясын салуды жеделдету және бұл жұмысты 2-3 жылдың ішінде аяқтау керек екендігін айтты. МАЭК-те 3 шілде күні болған болған апат салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта кәсіпорынды қайта іске қосу жұмысы жалғасуда. Жарықтың аяқасты сөнуі себепті биыл зауытқа 6,6 млрд теңге шығын келген. Әлихан Смайлов пен Болат Ақшолақов кейін Karabatan Utility Colutions мекемесіне бармақ.

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Прокурорлар Құрманғазы атындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмысының заңсыз жасалып жатқандығын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. Әкімдіктегілер құны жарты миллиард теңгеге бағаланған шаруаны лицензиясы жоқ компанияға сеніп тапсырған. Нақтырақ айтқанда, 449 миллион теңгеге күрделі жөндеу жасаймын деп тендерді ұтып алған мекеменің ғылыми-реставрация жұмысын жүргізуге рұқсат беретін лицензиясы болмай шықты. Яғни, әкімдік мердігер мекемеге қойылатын талапты дұрыс жасақтамаған. Нысанның тарихи-мәдени маңызы бар екендігі және күрделі жөндеу кезінде оның негізгі сәндік элементтерінің зақымдануы мүмкін екендігі де ескерілмепті. Заңсыздықты анықтаған қалалық прокуратура қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мәдениет үйі мен мердігер арасындағы шартты бұзу туралы…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Жанұядағы зорлық-зомбылықты азайту мақсатында 1-шілдеден бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдағаннан кейін 4 күнде 50-ден астам іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Caspian Life. Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін, яғни 4 күн ішінде Атырау облысында 57 іс тіркеліп, оның 55-і сотқа жіберіліпті. Полицейлердің айтуынша, бұған дейін күніне 50 тұрғын хабарласқанмен, оның жартысынан көбі арыз жазбайтын көрінеді. Ал Атырау облысында жыл басынан бері отбасы мүшесінен жәбір көрген адамдардан 4097 шақырту түскен. Оның 70-80 пайызы арыз жазудан бас тартқан немесе жазған арызын қайтып алған. Заңға енігізілген өзгерістер бойынша енді полицейлер жәбірленушінің арызынсыз-ақ істі тіркей алады. Және екі тараптың татуласуы…

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Аймақтық «Caspian News» телеарнасы «Тұмар – 2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының «Үздік аймақтық телеарна» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Caspian Life. Комиссия мүшелеріне үздік тележурналист, үздік тележүргізуші, үздік әлеуметтік жоба, үздік спорт комментаторы, үздік журналисттік зерттеу секілді барлығы 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтініш түскен. Әділқазылар ұсынылған материалдарды жабық дауыс беру арқылы анықтады. Жеңімпаздарға «Тұмар» статуэткасы және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталды. 2018 жылы ашылған Caspian News телеарнасы еліміздің батыс аймағының және Каспий жағалауындағы елдердің ақпаратын тарататын телеарна. Телеарнаның өнімдерін «Отау ТВ» отандық жерсеріктік телевизиясынан, «AlmaTV» кабельдік желісінен, «BeeTV»-дан, IDTV-дан және ЦЭТВ желісінен таашалауға болады.

Read More

CaspianLife, 4 маусым — Маңғыстау атом электр комбинатында болған жағдайдың себебін анықтау жөніндегі облыстық комиссия құрылды, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News телеарнасына сілтеме жасап. Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған жұмыс тобы апат болған электр станциясына барды. Қазір №1 энергоблоктағы қазандық салқындату процесінде тұр. Ол 5-ші шілдеге дейін жөнделіп, толық іске қосылуы тиіс. Нұрлан Ноғаев апаттың салдары халыққа әсер етпегенін, алайда ірі өндірістік компаниялардың экономикалық шығынға ұшырағанын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Оның төрағасы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов басқарады. Болған істің мән-жайын анықтап, қандай шешім қабылдайтыны жөнінде ұсыныс қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет МАЭК мекемесінде…

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Атырауда кей көшелерді 4 күн ыстық су болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау жылу жүйелері» АҚ  хабарлауынша, 10 шілде мен 14 шілденің аралығында күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру (ревизия) бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай аталған мекен-жайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды: «Жарық»  ОЖП-нен – Азаттық 102, 104, 106, 108, 110, 112а, 114, 116, 118, 120, 122, 124, 126,   130, 131а, 132, 133б, 134, 136, 138, Әуезов 55, 57, 59, 61, 63, 63а,  Алтай 1, 3, 5, 7, 9. «Егоров ат.» ОЖП-нен – Привокзальный 3а мкр  № 1а, 2а, 4а, 5а,…

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Ертең Атыраудың 40-тан астам көшесінде жарық болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Атырау Жарық» АҚ Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, 05.07 электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында аталған мекен-жайларда жарық  сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді. Уақыты: 10.00-14.00 с.Дамба, ул.1, ул.Наурыз, ул. Кабышева, ул.Кокарна, ул.Новая, ул.Махмуда, ул.Р.Мырзагалиева, ул.М.Арыстанов, ул.Махамбета, ул.М.Досмагамбетова, ул. Жангелдин,   ул.Абай Уақыты: 10.00-17.00 с.Еркинкала ул.Ескалиева   Уақыты: 10.00-18.00 мкр.Жумыскер ул.20, ул.Сатыбалдиева, ул.Баймуханова, ул.Актау, ул.Жастар, ул.Сланова, ул.Абишева, ул.Бекмагамбетова, ул.Муталиева, ул.Муханжанова, ул.Кунанбаева, ул.Гарышкер,   ул.Мерген, ул.Кожахметова, ул.Омарова, мкр.Оркен ул.43, ул.Акын Сара, мкр.Рембаза ул.Гумарова, ул.Конырбаева, ул.Спутник, ул.Нсанбаева, ул.Алдан Исаева, ул.Кожахметова, п.Ракуша ул.Казахстан   Уақыты: 14.00-17.00 Привокзальный…

Read More