CaspianLife, 30 маусым — «Білім-инновация» мектеп-лицейінің оқушысы Аят Абдуллаев Албания астанасы Тиранада математикадан өткен 27-нші халықаралық Балқан олимпиадасында үшінші орын алып, қола медаль иеленді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Дарынды оқушыны ата-анасы, ұстаздары күтіп алды. Балқан олимпиадасына 20 мемлекеттен 130-ға жуық жасөспірім қатысты. Бұл білім додасы негізінен Балқан түбегі мемлекеттерінің оқушыларына арналған. Оған қонақ ел ретінде қатысқан қазақстандықтардың қоржынында 6 медаль бар.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 30 маусым —Мүмкіндігі шектеулі атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру үшін жол карталарын жаңартылған жүйеге тіркеу керек,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Smart Qala мұндай хабарламаны мамыр айында айтқан еді. Жалпы ерекше адамдар картасын жүйеге 1-ші шілдеге дейін кері тіркеу қажет болған. Алайда, 2 айда бар жоғы 1 мыңға жуық адам ғана жүйедегі ақпаратын жаңартқан. Ал 2019 жылдан бастап жол жүру картасын 1-2 топтағы 6мың адам, 3-топқа жататын 2 мың адам алған. Сондықтан, Smart Qala мекемесі Атырау қаласы әкімдігімен келісіп, жолаушылар картасын жүйеге кері тіркеу уақытын 15 шілдеге дейін ұзартты. Ал ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар жеңілдетілген жол жүру картасын…
CaspianLife, 30 маусым —Атырау жұрты өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездесті,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Іс-шарада «Жұлдыз» ықшам ауданының тұрғындары кәріз жүйесі мәселесін шешуді, кәсіпкерлер катерлердің жүру уақытын шектемеуді сұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандар министрліктің бұйрығындағы өздеріне көрсетілетін қызмет тізімін толықтыру керек дейді. Өйткені инватакси оларды ең қажет деген жерлерге апармайтын көрінеді. Министр мырза бұйрықты қайта қарап, қажет болса тізімді толықтырамыз дегенді айтты. Және инватакси қызметін көрсететін мекемелермен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндіреміз деп отыр. Осы орайда министрліктің мойнындағы ауыр жүк ретінде есептелетін «Атырау-Астрахань» тасжолындағы жұмыс жайлы. Ведомства басшысының сөзіне сенсек, жұмыс жүріп жатыр. Исатай ауданына…
CaspianLife, 30 маусым —Атырауда жол ережесін бұзғанымен қоймай, көлік салығын төлемей жүргендер де көп,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Салықшылардың айтуынша 4700-ден астам атыраулық салық төлемей қашып жүр. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 354 млн теңгеге жеткен. Бұл соманы мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында салықшылар мен полицейлер және сот орындаушылары бірігіп, рейд өткізіп жатыр. Мамандар қымбат маркілі авто мінгендердің арасында салық төлемейтіндер көп дейді. Мына лексус маркілі машина иесінің мемлекетке берешегі 190 000 теңгеге жуық. Ал Атырау қаласы бойынша ең жоғары берешек – 3 миллион теңгеден асады. Мұндай бірлескен рейд жыл басынан бері бірнеше рет ұйымдастырылып, 158 млн теңге мәжбүрлі түрде өндірілген. Мамандар салығы төленбеген…
CaspianLife, 30 маусым —Квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдар 153 кәсіпкерлік субъектісіне 1 миллиард теңгеге жуық берешек төлеген,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Мұны Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаментінің басшысы брифинг барысында айтты. Еркебұлан Серікқалиевтің сөзінше, бизнесмендердің қызметін пайдаланып, кейін ақысын беруге асықпайтын мекеме көп. Кәсіпкерлердің проблемасы мұнымен бітпейді. Мысалы оған қаланың оң жағының инфрамқұрылыммен толық қамтылмағанын және алаң, аллеяларда ойын-сауық қызметтерін ұйымдастыру кезіндегі қиындықтарды жатқызуға болады. Мысалы, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңдаығ кәсіпкерлер әкімшілік кедергілерге көп кездеседі. Кәсіпкерлер көбіне жер қатынастары, салық және бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігіне шағымданады.
CaspianLife, 30 маусым —Елімізде жаңа мереке пайда болды. 2 ақпан – ұлттық басылым күні болып бекітілді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Мұндай жағымды жаңалықты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялыларының бастамасымен жарық көрген еді. Естеріңізге салайық, 2019 жылы «28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні», 2021 жылы «1 қазан — Радио қызметкерлерінің күні» болып жарияланған еді. Бұл мейрамның күз айында аталып өтуіне негіз бар. Өйткені, қазақ жерінде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған.
CaspianLife, 29 маусым —Атырауда 9 сыныпты аяқтаған оқушылардың біріне аттестат түлектер кеші өтіп кеткеннен кейін берілді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Айкөркем Нұрымова сал ауруына шалдыққан. Ерекше бала. Қаладағы Әбіш Кекілбаев атындағы нөмірі 41-інші мектеп-гимназиясының оқушысы. Оқу орнына төртінші тоқсанда келген. Ата-анасының сөзінше, түлектер кешінің қай күні нешеде өтетінін ешкім айтпаған. Ақырында балам қатарластарымен бірге болып, қызық сәтті тамашалай алмады, деп ренжиді Айкөркемнің әкесі.Мектеп директоры бұл жайтты жоққа шығарды. Оған сенсек, іс-шараның болатындығы туралы ата-аналарға бір күн бұрын айтылған. Бірақ Айкөркемнің әке-шешесі аттестатты кейін өздері келіп алып кететінін айтқан көрінеді.Дегенмен мектеп ұжымы Айкөркем үшін салтанатты кеш ұйымдастырып, негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы…
CaspianLife, 29 маусым —Атырауда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқысы келетін жанұялар қажетті құжатты 1-ші шілдеге дейін тапсыра алады,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Осы уақытқа дейін қала бойынша 53 отбасы өтініш берген. Тиісті құжаттарды аудандық немесе қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары қабылдайды. Конкурсқа қатысу үшін жеке төлқұжаттың, неке қию, балалардың туу туралы куәлігінің, отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы жетістіктерін куаландыратын құжаттардың көшірмесі және т.б қажет. Ескертетін жайт — ҚР аумағында тиым салынған ұйымдардың құрамына мүшелікке өткен және сотты болған мүшесі бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурс – отбасылық құндылықты жаңғыртып, насихаттау және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру жалпы еліміздегі жанұялардың имиджін көтеру мақсатында…
CaspianLife, 29 маусым — Атырауда өрт сөндіру-құтқару спортынан балалар мен жасөспірімдер арасында ХІІІ чемпионат басталды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, төтенше жағдай департаменті басшысының міндетін уақытша атқарып жүрген Асхат Ержанов пен құтқарушылар қатысты. Чемпионатқа әр өңірден 16 команда немесе 130-ға жуық адам қатысуда. Олар кедергіге толы 100 метр жолдан өту, дайындық мұнарасының 2-3-інші қабатына арнайы сатымен көтерілу, өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю секілді кезең бойынша бақ сынайды. Чемпионатта үздік шыққандар ұлттық құрама сапына алынып, Ресейдің Саранск қаласында өтетін әлем чемпионатына барады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Қазақстан құрамасы әлем бойынша үздік бестіктің қатарына енген көрінеді.Чемпионаттың…
CaspianLife, 29 маусым —Құрбан айт мерекесіне орай қаладағы ерлер түрмесінде сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті,- деп хабарлайды caspianlife.kz. 60 шақты азамат 6 топқа бөлініп, спорттың гір көтеру, қол күресі, арқан тарту және қазақша күрес секілді түрінен өзара мықтыны анықтады. Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерінің сөзінше тәрбиелік мәні бар мұндай іс-шара ай сайын өткізіледі. Сайыс соңында жүлделі орын алғандарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Қауіпсіздігі орташа деңгейдегі ерлер түрмесінде қазіргі уақытта 400-ден астам азамат жазасын өтеп жүр.
