CaspianLife, 30 маусым —Мүмкіндігі шектеулі атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру үшін жол карталарын жаңартылған жүйеге тіркеу керек,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Smart Qala мұндай хабарламаны мамыр айында айтқан еді. Жалпы ерекше адамдар картасын жүйеге 1-ші шілдеге дейін кері тіркеу қажет болған. Алайда, 2 айда бар жоғы 1 мыңға жуық адам ғана жүйедегі ақпаратын жаңартқан. Ал 2019 жылдан бастап жол жүру картасын 1-2 топтағы 6мың адам, 3-топқа жататын 2 мың адам алған. Сондықтан, Smart Qala мекемесі Атырау қаласы әкімдігімен келісіп, жолаушылар картасын жүйеге кері тіркеу уақытын 15 шілдеге дейін ұзартты. Ал ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар жеңілдетілген жол жүру картасын 1-тамызға дейін кері тіркеу керек. Smart Qala ЖШС басшысының айтуынша, қазіргі уақытта 1-2 топтағы мүгедектер мен ерекше бала тәрбиелеп отырғандар қоғамдық көлікте тегін қатынаса, 3-топқа жататын ерекше жандарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Фото: /azh.kz/