CaspianLife, 26 маусым — Атыраудағы мектептердің бірін басқарып отырған директор мен оның орынбасары жақын туыстарын жұмысқа алып, мемлекетке 23 миллион теңге көлемінде залал келтірген,-деп хабарлайды caspianlife.kz. Анығын айтқанда, басшылардың жақындары жұмысқа келмей айлық алып отырыпты. Мұндай фактті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті анықтады. Қазіргі уақытта қос басшы — өз қызметтерінде. Себебі, антикор қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 26 маусым — 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай тілшілер мен сала ардагерлері марапатталды,-деп хабарлайды caspianlife.kz. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан журналистер одағының Атырау облысындағы өкілдері «АқЖайық» газетінің бас редакторы Михиал Паличевтің өңіріне «Қазақстанның құрметті журналисі» медалін тақса, «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалі Мәди Өтеғалиевке табысталды. Бір топ сала қызметкері журналистер одағының «Құрмет грамотасына» және облыстық филиалдың, «Бас редакторлар клубының» алғыс хатына ие болды. Ұлығыланған журналистердің қатарында Caspian News телеарнасының «Тақырыптық» бөлімнің редакторы Жамал Қадырқызы, Арайлым Аманжанова мен CaspianLife веб-редакторы Рахим Қойлыбаев бар.
CaspianLife, 26 маусым — Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжін бітірген 390-ға жуық студент диплом алды,-деп хабарлайды caspianlife.kz. Оның 9-ы үздік студент. Одан бөлек тәжірибеден өтіп жұмысқа орналасқан жас мамандарға еңбек кітапшасын табыстау рәсімі өтті. Түлектерге құжатты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Әділет Тұрысханұлы табыстады. Салтанатты іс-шараға оқу орнының серіктестері — жергілікті мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты. Қазіргі уақытта Саламат Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжінде 2000-ға жуық студент 22 мамандық бойынша білім алып жүр.
CaspianLife, 26 маусым —«Атырау Жарық» АҚ-ның Қалалық электр жүйелері 26 маусым күні апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көрсетілген мекен-жайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін қаперге береді,-деп хабарлайды caspianlife.kz Уақыты: 10.00-14.00 Томарлы, Гагарина көшесі,4 өткел Уақыты: 14.00-18.00 Лесхоз, Төлесін Әлиев көшесі 22,23 Медеубаева көшесі, Лесхоз 31,32үй
CaspianLife, 26 маусым —«Прикаспийская коммуна» газетінің алдағы жарты жылдығына жазылу басталды, деп хабарлайды caspianlife.kz Осыған орай газет ұжымы жазылушыларды санын арттыру мақсатында «Оқырмандар күнін» өткізді. Сауда орталықтарының бірінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар арасында викториналық ойын ойналды. «Прикаспийская коммуна» газетінің жарыққа көргеніне биыл 103 жыл толды. Басылым алғаш рет 1920 жылы 8 қаңтарда «Красный Гурьевский вестник» деген атаумен шыққан. Қазіргі таңда басылымның тиражы 2000-2500 дана аралығында.
CaspianLife, 23 маусым — Биыл Талдыкөл ауылының 6,2 шақырым кірме жолына күрделі жөндеу жасалады деп хабарлайды caspianlife.kz. Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 59 млн. теңге. Биылға облыстық бюджеттен 302 млн. теңге қаржы бөлінген. «Кірме жолға жөндеу жүргізуді халық көп жылдан бері сұрап келеді. Өткен жылы барлық жобалық құжат аяқталды. Биыл аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жөндеу жұмыстары басталғалы отыр. Кірме жолмен қатар ауылішілік жолдар да салынып, көше жарығы тартылады. Бұған қоса балабақшаның алдына көлік тұрағы салынады»,- деді Талдыкөл ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев. Ал аудандық тұрғын үй-коммуналды…
CaspianLife, 23 маусым –«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсына құжат қабылдау мерзімі 1 шілдеге дейін ұзартылды деп хабарлайды caspianlife.kz. Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар керек. 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі; 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) заңды…
CaspianLife, 22 маусым – Мақатта “Атырау жарық” АҚ қызметкері қызмет бабында қаза тапты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оқиға 21 маусым күні түстен кейін Алаш көшесіндегі қосалқы трансформатор станциясының маңында болды. Сол жерде 60 жастағы электромонтерді тоқ ұрған. Оның қасында болған тағы бір қызметкер қазір Мақат ауданының орталық ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты, — дейді дәрігерлер. Осы жағдайдан кейін «Атырау жарық» АҚ басшылығы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына оқиғаның болғанын хабарлаған. Тергеп-тексеру жұмыстары басталды. «Қазіргі таңда осы жазатайым оқиғаның мән жайларын анықтау үшін басқарма тарапынан арнайы тергеп-тексеру комиссяисын құру жұмыстары ұйымдастырылуда. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғанннан кейін жазатайым оқиға туралы акт шығады. Ол акт құжаттармен бірге…
CaspianLife, 22 маусым – Атырауда үлескерлерді сазға отырғызған «Ақмаржан» және «Жібек жолы» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды сaspianlife.kz Олар 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Және 5 жыл материалды жауапты лауазымды атқара алмайды. Және сот айыпталушы екеуді жәбірленуші тараптың қаражатын бөліп төлеуге міндеттеді. Еске сала кетейік, екі сотталушыға алаяқтық жасады және сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкін иеленді деген айып тағылды. Олар тұрғын үй кешенін саламыз деп 271 адамнан 2 млрд теңгедей жинап алған. Алайда құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Ал үлескерлер болса ақшасыз және пәтерсіз әлі жүр.
CaspianLife, 22 маусым – Атырау облысында үйірлі шегірткеге қарсы 28 200 гектар жерге химиялық препарат себу жоспарланып отыр деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл жұмыс Құрманғазы, Исатай аудандарындағы шабындық және жайылымдық жерлерде жасалады. Қазір саяқ жүретін қауіпті шегіртке — итальян прусына қарсы 5600 гектар жер уланған. Ал азия шегірткесінен сақтану мақсатында 22 600 гектар жер химиялық өңдеуден өтуде. Сонымен қатар қала маңындағы Кеңөзек ауылдық округіне қарасты 500 гектар жер уланады. Мұның барлығы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. «Саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарына қаржы жергілікті атқарушы орган бөлу керек. Бірақ биыл саяқ шегірткеге болжам жоқ. Олардан қауіп жоқ. Ал үйірлі шегірткеден қауіп көп. Өйткені, үйірлі…
