CaspianLife, 16 маусым — 10 шілдеден бастап Ақтау қаласындағы және шаһардан Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатынайтын автобустарда жолақы төлеудің сараланған тарифі енгізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев хабарлады.
Оның айтуынша, электрондық төлем жолақы жүйесін оңтайландырады. Жыл басынан бері қала ішінде және аудандарға қатынайтын коғамдық көліктер – 9 миллион 600 мыннан астам жолаушы тасымалдаған. Соның ішінде жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеудің үлесі 52 пайызға жетіп отыр. Жол ақысын электронды төлеу Kaspi QR, кез-келген банк карталары мен «O-city» көлік картасы арқылы жүзеге асады. Сараланған тариф аясында жолақыны қолма қол ақшамен төлеу қымбатқа шықса, ал электронды төлем арзан болады. Мәселен, «Ақтау – Қызылтөбе – Ақтау» бағытындағы маршрутта қолма-қол төлеу кезіндегі жол ақысы 230 теңге, электронды төлем 130 теңге болмақ. Жалпы 7-15 жас аралығындағы балалар тарифі электронды төлем кезінде барлық маршруттарда бірыңғай 35 теңге, ал қолма-қол төлеу кезінде сол маршрутта белгіленген тарифтің 50%-ын құрайды.
Фото: lada.kz