CaspianLife, 17 мамыр — Ардагерлер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Спорттық сайысты облыстық ардагерлер кеңесі мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Турнирге қаладан және Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Мақат, Жылыой аудандарынан 50 ардагер қатысты. Сайыс респуликалық чемпионатқа іріктеу аясында өткізілді. «Ең үлкен кісі 77-дегі ағамыз бар. Мұның бәрі қимыл — қозғалыс. Үстел теннисінің денсаулыққа пайдасы зор. Бір жағынан уақытты тиімді өткізу мен салауатты өмір салтын ұстану. Алдағы республикалық чемпионатқа дайындаймыз, жақсы көрсеткіштерді» — деді «Ардагерлер» қоғамдық қорының жетекшісі Сәрсенбай Мыңбаев. Турнир қорытындысында жас ерекшеліктері бойынша 6 адам республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ауқымды іс-шара 22-25 маусым…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 мамыр — Атыраулық байкерлер «Менің елім» деп аталатын республикалық мото шеруге ат салыспақ, деп хабаралайды CaspianLife. Ұлттық мото шеру биыл 10-шы рет Wheels Brothers MC мотоклубы мен Атырау облысының автомотоспорт федерациясының ұйымдастыруымен өткізілуде. 9 адамнан құралған топ Қазақстанды түгел аралап шығуды жоспарлап отыр. Байкерлер осылайша еліміздің табиғаты мен тарихи жерлерін әлеуметтік желі арқылы өзгелерге де таныстырып, көптің рухани дүниетанымын кеңейтуге үлес қосамыз дейді. «Біз Қазақстанды аралап шықпақпыз. Шеру Ақтау қаласынан басталды. Әрі қарай Шығыс, Оңтүстік және Солтүстік аймақтарды аралап, Ақтауға қайтып келмекпіз.. 22 күн ішінде 13 мың шақырым жол жүреміз деген ойымыз бар. Біз осы жоба арқылы елімізге…
CaspianLife, 29 мамыр – Атырауда келіншек орталық көпірден секірмекке оқталды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оны түнгі сағат 04:00 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері байқаған. Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған 40 жастағы азаматшаны сабырға шақырып, ажалдан аман алып қалды.
CaspianLife, 29 мамыр – Әлеуметтік желіде иттердің өлекселері үйілген видео тарап кетті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл өлекселердің арасында «Авангард» ықшам ауданының тұрғыны Юлия Ефремованың да төртаяқтысы бар. Ол екі күн іздеген итін өлі күйде қала шетіндегі мал қорымынан тапқан. Ол жұма күні жоғалып кеткен үй жануарын осындай күйде көргенде «төбеме тас түскендей» күй кештім дейді. Бұл қорымда зооқорғаушы Венера Манасованың қоғамдық қоры қамқорлығына алған иттер де бар. Белсенді оларға стерилизация жасалып, қажетті екпенің салынғанын айтады. Бірақ әкімдік олардың құлағында белгісі бар екеніне қарамастан өлтіріп отыр дейді ол. Ал, әкімдік стерилизациядан өткен иттерді аулауға тұрғындардың өтініші себеп болғандығын жеткізді. Маманның сөзінше,…
CaspianLife, 29 мамыр – Атырауда робототехникадан Qazrobosports атты чемпионат өтті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған 6 мен 18 жас аралығындағы 156 адам қатысты.Чемпионаттың мақсаты – робототехникаға бейім талантты мектеп оқушыларын анықтап, қолдау көрсету, жастар арасында техникалық мамандықтарды насихаттау. Робототехника чемпионатына қатысқандардың жас шамасы әртүрлі. Бірі біршама тәжірибе жинақтаған болса, өзгелері бұл бағытты енді-енді меңгеріп келеді. Облыстық деңгейдегі сайыстан үздік шыққандар қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.
CaspianLife, 29 мамыр – Демалыс күндері облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті деп, хабарлайды сaspianlife.kz. Оған 40-қа жуық маман қатысты. Араларында заңгер, адвокаттардан өзге 30-ға жуық мемлекеттік орган басшылары және квазимемлекеттік ұйым өкілдері болды. Сауда орталығына шаруасымен келген атыраулықтар ойламаған жерден заң кеңесін тегін алып, алдағы уақытта қандай іс әрекет ету керектігін білді. Қалалықтардың тарапынан қойылған сұрақтардың көбі — балабақшаға тіркеу, жұмысқа орналасу, мүгедектік алу, шағын бизнес пен грант, тұрғын үй мен жер мәселесіне қатысты болды. Жылына бір рет өтетін акцияны Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырды. Былтырғы акция кезінде мамандар 100-ге жуық…
CaspianLife, 29 мамыр — Атырауда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған, -деп хабарлайды сaspianlife.kz Бұған уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетсіздігі себеп. Мұны прокурорлар талдау нәтижесінде анықтапты. Осы іс бойынша тиісті бақылау жүргізбеген қалалық білім бөлімінің 3 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды. Заң бойынша балалар мемлекеттің қамқорлығына алынған күннен бастап 3 ай ішінде пәтер кезегіне тіркелуі тиіс.
CaspianLife, 29 мамыр – Судан әбден тарыққан ақтаулықтар облыс әкімінен көмек сұраудың тың тәсілін ойлап тапты. 4-ші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде және балконында «Ноғаев мырза, су қайда?» деген жазба демалыс күні пайда болып, әлеуметтік желіде тарап кетті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. 11 қабаттық үйдің тұрғындары суға жарымай отырмыз деп ашынады. Сондықтан осындай қадамға барғаннан басқа амалымыз қалмады дейді. Су сұраған жазба кешке дейін ілініп тұрды. Кейін оны пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері алып тастапты. Осы жағдайдан кейін шенеуніктер кеп, халықпен тілдесіп, мәселенің шешілетіндігін айтқан. Оларға сенсек, көпқабатты үйдегі су сорғысының дұрыс жұмыс жасамауынан тұрғындар зардап шегіп отыр. Сондықтан су сорғылары қондырылуда.
CaspianLife, 26 мамыр – Былтыр Атырау облысында тонау фактісі 2 есе көбейіп, бұзақылық 57, ұрлық 2 пайызға артқан. Ал, кісі өлтіру фактісі 31, зорлау 60 пайызға азайыпты хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл туралы атыраулықтармен кездескен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Оның сөзіне сенсек, елдегі әрбір үшінші қылмысты бұрын сотталғандар, жұмыссыздар және ішімдік ішкендер жасайды. Министр бұл көрсеткішті төмендету үшін кінәлілермен емес, себептермен күресу қажет дейді. «Қарап отырсақ, сол қылмысқа әкеліп соқтыратын себептер – әлеуметтік-экономикалық факторлар. Оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Енді біз әрине, біздің басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыспен күресу, оны анықтау, ашып,…
CaspianLife, 26 мамыр –Атырау қаласының №2 соты «Атырау мұнай өңдеу зауытының» бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ақтады хабарлайды сaspianlife.kz. Шухрат Данбай 2022 жылдың ақпан айында қамауға алынып, оған «қызметтік өкілеттігін пайда табу үшін теріс пайдаланды, сондай-ақ «Мұнайды терең өңдеу кешенін» салу кезінде зауыттың талабын бұзып, мердігерден ақауы бар құрылғыны ауыстыруды талап етпеді» деген айып тағылды. Келтірілген зиян көлемі 3 миллиард теңгеге бағаланған болатын. Сот процесі кезінде айыптаушы тарап Шухрат Данбайды 4 жарым жылға соттауды сұраған еді. Еске салайық, Шухрат Данбай бұған дейін де істі болып, бас бостандығы үш жарым жылға шектелген. Павлодарлық тергеушілер «Данбай Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы қызметін атқарған кезде …
