CaspianLife, 23 мамыр — Атырауда «Алмагүл» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 1994 жылы туған азамат құлап кетті деп хабарлайды caspianlife.kz. Өкінішке қарай, әйел адам қайтыс болды. Оқиға 23 мамыр 11:30 шамасында болған. Қазір марқұмның қай жерден құлағанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге оның суицид жасағаны немесе құлап кеткені белгісіз. Атырау облыстық ПД хабарлауынша, қайтыс болған әйел жүйке ауруларымен есепте тұрған. Фото әлеуметтік желіден
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 мамыр — Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар Атырау облысы әкімдігінің алдына жиналды. Олар өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды, тұрғын үй мәселесін шешуді талап етіп отыр деп хабарлайды caspianlife.kz. «Біз балаларымызға жағдай жасалғанын қалаймыз. 4 жылдан бері кішкентайларымыздың мәселесін көтеріп келеміз. Бірақ, әлі күнге дейін шешілмей келеді. Қала әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының да қабылдауында болдық. Алайда, нәтиже жоқ», — дейді ерекше баланың анасы Гүлжан Хұсайынова. Және ортопедиялық аяқ киім де — проблеманың бірі. Жетіспейтіндігі өз алдына, сапасы да көңіл көншітпейтін көрінеді. «Бізді аямаса да, балаларымызды аяса қайтті?! Таңертең 8:00-ден бері әкімдіктің алдын жағалап жүрміз. Былтыр онлайн өтініш беріп, аяқ киім…
CaspianLife, 22 мамыр — 21 мамыр — мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні. Соған орай Атырауда музей және мәдениет үйінің мамандары арасында спартакиада өтті деп хабарлайды caspianlife.kz. Жарысқа Алмалы және Құрманғазы мәдениет үйлері мен облыстық өлкетану және Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы өнер музейінің қызметкерлері қатысты. Олар 100 метрден эстафеталық жүгіру, қол күресі, арқан тарту және «Көңілді старт» эстафетасы сынды кезеңдер бойынша бақ сынасты. «Біздің командамызда спортпен шұғылданатындар бар. Өзім айналыспаймын. Дегенмен, топта спортпен күнделікті шұғылданатын ерлер де, әйелдер де бар. Көптеген концерттің артында жүрген біздер бір ұжымбыз. Әріптестеріме сәттілік, денсаулық тілеймін. Күшті-күшті концерттеріміз көп болсын», — деді Алмалы мәдениет үйінің әдіскері…
CaspianLife, 22 мамыр — Ерекше бала тәрбиелеп отырған атыраулық ата-аналар қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Мұны Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты деп хабарлайды caspianlife.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін талабын айтып әкімдік алдына жиналған аналармен облыс әкімінің орынбасары кездесті. Жасұлан Бисембиев бүгіннен бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікпен тегін қатынайтынын айтты. «Қазіргі таңда қоғамдық көліктерде тегін жүрушілер қатарына өзгерістер енгізіп, мүмкіндігі шектеулі жанмен бірге жүретін адамды да тегін қатынауы үшін әкімдіктен қаржы бөлу мәселесі мәслихат отырысында қаралады. Бұл — күн тәртібіндегі басты мәселе. Елімізде бірнеше жылдан бері әлеуметтік портал жұмыс істеп тұр. Сол арқылы…
CaspianLife, 22 мамыр — Атырау 4 айда АИТВ инфекциясын 17 адам жұқтырған деп хабарлайды caspianlife.kz. AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазір орталықта адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған 328 адам диспансерлік есепте тұр. Дәрігерлердің айтуынша, инфекцияны жұқтырған саны азайып жатыр. Мәселен, былтыр осы уақытта 25 адамнан қауіпті инфекция анықталған. «Биыл 17 адам тіркелсе, соның бесеуі әйел. Атырау облысында алғаш рет АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі 1993 жылы анықталған. Сол уақыттан бері бұл дерттен 13 адам көз жұмды. Айта кетейік, АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласады. Бұл дертті жұқтырғандар жазылмайды. Ауырған пациенттердің…
CaspianLife, 22 мамыр — Атырау қаласының әкімі ауылдарға жол салып жатқан компанияның жұмысымен танысты деп хабарлайды caspianlife.kz. Еркінқаладағы жол салу жұмыстарының барысын көзбен көрген қала әкімі Мейірім Қалауи сапаға назар аудару керектігін ескертті. Атырау қалалық әкімдігінің ресми хабарлаған ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Еркінқала ауылында жалпы ұзындығы 17,9 шақырымды құрайтын жол салынып жатыр. Бұл жұмыспен «Атырауинжстрой» ЖШС айналысуда. Сондай-ақ, Еркінқала-2 ауылына жалпы ұзындығы 60,2 шақырымды құрайтын 46 көшенің тас жол құрылысы жалғасуда. Күні бүгінге дейін 38,5 км құрайтын 27 көшенің негізгі қабаттары салынып, оның 16,2 км бөлігіне ірі түйірлі асфальт жабындысы төселді. Ал, Балауса ықшам ауданының 34 көшесіне жол салынып, аталған…
CaspianLife, 22 мамыр — «100 аула» жобасы аясында Атыраудағы көпқабатты үйлердің аулалары жаңарып жатыр деп хабарлайды caspianlife.kz. Өткен аптада шахар басшысы Мейірім Қалауи «Алмагүл» және «Вокзал маңы» ықшам аудандарына барды. Жұмыс барысын бақылаған қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне әлеуметтік маңызды нысандардың сапалы салынып, уақытылы тапсырылуы қатаң қадағалауда болатынын айтты.Сондай-ақ, әкім Тайманов 58 мекен жайында ағымдық жөндеу жүріп жатырған тұрғын үй қасбетінің құрылысына барып, мердігерлермен кездесті. Аталған аумақ тұрғындары 10 жылдан бері үй қасбетін жөндеу мәселесін көтеріп келе жатырғанын айтқан қала әкімі қала аумағында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасатынын жеткізді. Айта кетейік, 100 ауламен қатар биыл қосымша 150 ауланы абаттандыру үшін…
CaspianLife, 22 мамыр — Атырау қаласында жазғы су құбырын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды caspianlife.kz. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы барлық ауылдық округте жазғы су құбырын жұмыстары басталды. 2022 жылы Дамбы ауылындағы 3 көшеге су құбыры жүргізілген . Ал, биыл Дамбы ауылындағы 10 көше, Амангелді ауылындағы 4 көшеге және 7 әлеуметтік нысанға ұзындығы 9950 метрді құрайтын тұрбалар тарту үшін қаражат бөлінді. Енді мемлекеттік сатып алу порталына тендер жарияланбақ. Ал, Алмалы ауылына 2022 жылы 3,5 км орталық көше мен мекемелерге темір құбырлар пластикке ауыстырылып, сусорғы қондырылды. Осы жылы Алмалы ауылын ауылын толық қамту үшін 19,4 шақырымға, Берекедегі 3,5 шақырымды құрайтын орталық…
CaspianLife, 22 мамыр — Ерекше балалардың аналары облыс әкімінің өздерімен кездесуін талап етіп, әкімдік алдына жиналды деп хабарлайды caspianlife.kz. Базынасын аймақ басшысының өзіне жеткізіп, кездескісі келген аналардың алдына қала әкімінің орынбасары шықты. Кейін оның қатарына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қосылды.
CaspianLife, 17 мамыр — Биыл облыстағы 78 мың оқушы жазғы лагерьде демалады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 564 миллион теңге бөлінбек. Мұны облыстық білім беру басқармасының басшылары хабарлады. Басқарма ұйымдастырған жазғы лагерьлерде демалуға аз қамтылған, көпбалалы жанұядан шыққан оқушыларға және мүмкіндігі шектеулі балалар мен үздік оқушыларға басымдық беріледі. Кішкентайлардың жазғы демалысы 149 мектеп жанындағы және қала сыртындағы 3 лагерьде ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Жазғы сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында ауылдағы 1000 бала Каспий мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Айналайын» лагерінде демалады. Тағы 1277 оқушыға басқа мемлекеттердегі демалыс орындарына жолдама беру жоспарланып отыр. Жалпы 2022-2023 оқу жылын 141 мыңнан…
