CaspianLife, 17 мамыр — Атырауда жазушы, драматург Берік Қорқытовтың шығармашылығына арналған облыстық фестиваль басталды, деп хабаралайды CaspianLife. «Шынайы шымылдық» атты іс-шараға облыстағы 16 халықтық театр мен 4 драма ұжымы қатысуда. Сахнаға алғаш боп Құрманғазы ауданынан келген «Орлы» халықтық театры шықты. Ұжым бұл фестивальға үшінші рет қатысуда. Алғаш 2014 жылы «халықтық театр» атағын алған еді. Ал, үш жыл бұрын «Абай сот» спектаклін қойған. Биыл «16 желтоқсан» көрінісін сахналады. «Бұл көріністе 86 жылы не болғанын білесіздер, үлкен көтеріліс болды. Сол көріністен құттай ғана эпизод. Шағын ғана коллективпен қойып отырмыз. Әрине бұған уақыт көп кетеді. 3-4 айдай дайындаламыз. Дайындық көп керек. Тірі дауыста,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 мамыр — «Маңғыстау облысындағы тарихи объектілер қараусыз жатыр», деп хабарлайды CaspianLife. Аймақтағы қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағуда. Олардың айтуынша, өңірдегі туристік нысандардың бірі де қорғалмаған. Бұл мәселе Торыш шатқалында болған оқиғадан кейін көтеріліп отыр. Себебі, шатқалдан тас ұрлағандар жазасыз қалды. «Қараусыз жатқан аймақтан тастар бірінші рет ұрланып тұрған жоқ. Қалада мұндай тастарды қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да жерлерде декор ретінде пайдаланып отыр. Ал, оған рұқсатты кім берді? Ол үшін рұқсат алу керек пе? Бұл сұрақтарға ешкім жауап бермейді. Себебі, табиғи туристік нысандар «қорғалатын аумақ» қатарына жатпайды» — деді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин. Күні кеше…
CaspianLife, 17 мамыр — Атырау қаласындағы нөмірі 41-ші мектеп-гимназияға халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды CaspianLife. Салтанатты іс-шараға жазушының тума-туыстары, ұстаздар мен оқушылар, жергілікті билік өкілдері қатысты. Жиналғандарға жазушының ұлы Дәулет Кекілбаев рахмет айтып, ризашылық білдірді. «Қала әкіміне, білім басқармасына, арнайы осы мектептің директоры мен мұғалімдеріне үлкен рахмет айтқым келеді. Қазіргі таңда «Әбіш әлемі» деген түсінік бар. Сол әбіш әлемін зерттейтін де, оқитын да, танысатын да, елге таныстыратын да – өздеріңсіңдер, айналайындар,биіктен көрініңдер» — деді Ә.Кекілбаевтың ұлы Дәулет Кекілбаев. Әбіш Кекілбаев Маңғыстау облысындағы Оңды ауылында 1939 жылы дүниеге келді. «Үркер» , «Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде…
CaspianLife, 17 мамыр — Атырауда алғаш рет аналар шеруі өтті, деп хабарлайды CaspianLife. «Дарынды бала тәрбиелеген отбасы» атты іс-шараға республикалық, халықаралық жарыстарда облыстын намысын қорғап жүрген оқушылар мен студенттер және олардың аналары қатысты. Салтанатты жиын барысында отбасының ұйытқысы болып отырған нәзік жандылар марапатталып, сыйлықтар табысталды. «Іс-шараның мақсаты – балаларымыздың жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп, тәрбиелеп отырған аналарды ұлығылау, құрмет көрсету. Осылайша ананың біздің қоғамда қандай рөл атқаратынының тағы бір мәрте көрсеткіміз келді. Бір қуанарлығы, қазір өскелең ұрпақ түрлі жарысқа, олимпиадаларға қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр. Ал, олардың мұндай жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсететін аналары тасада қалып жатады» — деді Атырау…
CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде алғаш рет «Қоғамдық музейлер қазынасы» атты көрме-байқау өтуде, деп хабарлайды CaspianLife. Оған аймақтағы мектептердің жанынан ашылған 13 мұражайдың жетекшілері қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде олар өз музейлерінің портфолиясын, жасаған жұмыстарын бейнеролик арқылы таныстырды. АЛ келесі айналымда әр мұражай жәдігерлерін көпшілік назарына ұсынбақ. «Мұражайдың ішінде Кеңес одағының батыры Б. Нысанбаев бабамыздың сол кездегі қолданған жаңағы ыдыс-аяқтары, өзінің қару-жарақтары, көшірмелері сонымен қатар мұражайдың делегациясы Покров ауданы, леска деревнясында саяхатындасол бабамыздың баснынан алып келген топырағы мен тас жәдігерлері бар» — деді Б. Нысанбаев атындағы жалпы орта мектептің мұражай жетекшісі Аманғали Енбаев. Байқаудың басты мақсаты – білім…
CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облысында былтыр білім саласына бөлінген 4 млрд теңгеге жуық қаржы игерілмей қалған, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Жиында шенеуніктер 2022 жылы әлеуметтік жобалар, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу және тағы басқа да мақсаттарға бөлінген қаражаттар туралы есеп берді. Ал, білім басқармасындағылар болса, жағдайды былай деп түсіндірді. «Оның ішінде игерілмеген 3 млрды 9 садиктің құрылысы договорды тіркей алмауы себебінен. Қалған 400 млн-ы капремонтқа бөлінген ақша, уақытында бітпеуі себебі мердігер компаниялар соттасып, сол себептен игерілмеген» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошев. Мемлекет ақшасын игере алмағандардың қатарында, облыстық жолаушылар…
CaspianLife, 17 мамыр — Атыраудағы полиция қызметкерлері жеке тұлғаларды негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны Атырау қалалық прокуратурасы хабарлады. Полицейлер жүргізушілерден өзімен алып жүруге міндетті емес құжаттарды талап еткен. Нақтырақ айтқанда, көлік иелерінен жеке басын куәландыратын құжатты сұрап, болмаған жағдайда айыппұл салған. Прокурорлардың сөзінше, полиция қызметкерлері автокөліктің иесінің деректерін мобильді планшеттері арқылы анықтай алады. Талдау жұмыстарының нәтижесінде 1079 әкімшілік қаулының күші жойылыпты. ««Жеке басын куәланадыратын құжаттар» туралы заңға сәйкес электронды нұсқадағы құжаттар қағаз құжаттармен бірдей. Сол себепті полиция қызметкерлері тарапынан жеке басын анықтайтын құжаты жоқ деген толтырулар заңсыз болып табылады. Осыған байланысты қала прокуратурасы наразылық енгізді. 1079 әкімшілік…
CaspianLife, 17 мамыр — Мейірбек Төлегенов панкратионнан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды CaspianLife. Ташкентте өткен халықаралық додада спортшы 62 келі салмақ дәржесінде бақ сынасқан. Елге оралған жеңімпазды туыстары мен достары әуежайдан күтіп алды. Мейірбек Төлегенов – алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. Ал оның спорт саласында жүргеніне 7 жыл. Ол осы біріншілікке шамамен 2 ай үзбестен дайындық жасапты. «Өте қызық сезім болды. Біріншіден өз-өзіме сенбедім. Ақырында жеттім ау дегендей. 2-3 күн өткеннен кейін барып сезілді. Қазақтың туын желбірету арманым еді. Сол арманымның бірі орындалды» — деді панкратионнан әлем чемпионы Мейірбек Төлегенов.
CaspianLife, 17 мамыр — Құрманғазы ауданында халықаралық отбасы күніне орай бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Соның бірі — аудандық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылған кешкі бұқаралық серуен жиналғандардың көңілінен шықты. Ата-аналарымен бірге серуенге шыққан балалар тәттіге қарқ болса, ойын-сауық алаңдары оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бағдарлама аясында өнерлі отбасылар концерт қойды. «Мереке құтты болсын! Кең көлемде аталып өтіп жатыр. Бәріміз де бақыттымыз. Өзім немерелерімді, жиендерімді ертіп келіп жатырмын. 12 немерем, 13 жиенім, 9 шөберем бар. Шөберелерімнің қолынан дәм тату бұйырып жатыр. Деніміз сау, еліміз тыныш болсын! Той құтты болсын. Жылма-жыл осы мерекені тойлау жазсын» — деді Құрманғазы ауданының тұрғыны Дәржан…
CaspianLife, 17 мамыр — «Азаттық» даңғылындағы 65 ағаш кесіліп, 15 терек басқа жерге көшіріледі, деп хабарлайды CaspianLife. Нақтырақ айтқанда, бұл ағаштың барлығы №6 Мұрат Мөңкеұлы атындағы мектеп пен «Арна» жанармай құю бекеті арасындағы аумақтан ғайып болмақ. Өйткені, дәл осы аумақтың ені басқа учаскелерден қысқалау. Ағаштарды кесіп, оны көшіру жұмыстарымен айналысатын компания алғашында ағаштардың өмірін механикалық жолмен, яғни арнайы техниканың көмегімен басқа аумаққа қайта еккісі келген. Бірақ, талдардың тамырларына жақын орналасқан коммуналдық желілер көшірудің бұл әдісіне мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан, мамандар ағаштарды мұқият зерделеп, оларды қарапайым жолмен көшіреді. Барынша кесілетін ағаштардың санын азайтып, қайта егілетін желектердің қатарын көбейтуге тырыспақ. «Біздің жобада…
