CaspianLife, 15 мамыр — Атыраулық спортшы Әбіл Ғалиев Бангкокте муай-тайдан өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды CaspianLife. Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан, Израиль мен Италиядан келген спортшылардан басым түскенмен, ақтық сында түркиялық былғары қолғап шеберінен ұтылып қалды. Жалпы чемпионатта ел намысын қорғаған спортшылардың үшеуі – атыраулық. «Дайындығымызды Атырау қаласынан бастадық. Бірінші этап, сбор дейді ғой осы жақтан бастадық. Содан кейін Тайланд елінде островта екінші сборымыз болды. Екі аптаға созылған сбор сол жақта өтті. Одан кейін жарысқа бардық сразу. +Бапкерлеріме алғысыз шексіз. «Қайсар» спорт клубының бапкерлеріне үлкен алғыс айтқым келемін» — деді муай-тайдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбіл…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 мамыр — ҚР Жоғары сотының шешімімен АМӨЗ меншігіне «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің» 50 пайыздық үлесі қайтарылды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл еліміздің бас прокуратурасында өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Сондай-ақ, отырыс кезінде мемлекетке 760 млрд теңгеге тең активтер, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллардың қайтарылғаны айтылды. Ресми басылымдардың кейбірі «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» акциясының тең жартысы қазақстандық олигарх, тұңғыш президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын жазуда. Жалпы Жоғары сот бұрын олигополия субьектілерінің пайдасына негізсіз шығарылған шешімдерге қатысты бас прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Фото: Атырау газеті
CaspianLife, 15 мамыр — Батыс аймақтық «Бекіре» акциясы басталғалы бері 7 тонна балық тәркіленді. Оның 750 келісі бекіре тұқымдас, деп хабарлайды CaspianLife. Сондай-ақ айналымнан 30 келіге жуық уылдырық алынды. Жалпы акцияға жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір жарым айдың ішінде 635 құқық бұзушылық дерегін анықтапты. Олар 462 әкімшілік хаттама толтырып, бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулауға қатысты 26 қылмыстық іс қозғаған. Заң бұзған тұлғаларға салынған айыппұл көлемі — 10 миллион теңгеге жуық. Браконьерлер жиі торуылдайтын аумақтың бірі – «Ақ Жайық» табиғи резерваты. Қазір мұнда 4 жерге бекет қойылған. «Қазіргі уақытта Ақжайық мемелекеттік табиғи резерваты акцияға қатысты жыл бойына мына бізде 4…
CaspianLife, 15 мамыр — Атыраулық журналист Виктор Сутягинның көлігін өртеуін мүмкін деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Оны криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп қолға түсіріпті. Бұл туралы Полиция кз. телеграм арнасы хабарлады. Қазіргі уақытта дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Еске сала кетейік, өткен аптада белгілі журналист, қоғам белсендісі Виктор Сутягинның үйінің алдында тұрған Лексус маркілі машинасын белгісіз біреу өртеп кеткен еді.
CaspianLife, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай қазақ күресінен жасөспірім ұл-қыздар арасында қалалық турнир өтті, деп хабаралайды CaspianLife. Жарысқа облыс орталығындағы және ауыл-аудандардағы спорт мектептерінен 160 шақты спортшы қатысты. «Мен осындай жарыстарға қатыстым. Алғашқы кезеңде бір қарсыласымды ұттым. Финалға шығатыныма сенімдімін» — деді спортшы Мансур Төлеу. Іс-шараны Атырау қалалық мәдениет бөлімі ұйымдастырды. Олардың сөзінше, мұндай турнирлер балалардың шеберліктерін одан әрі шыңдауға ықпал етеді. «Бұл жерде біздің бірінші мақсатымыз – өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Және де отбасылық құндылықты насихаттау. Балаларымыздың жалпы ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру» — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынға 29…
CaspianLife, 16 мамыр — Депутаттарды білім сапасының төмендігі алаңдатып отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен үшінші сессиясында өткен жылғы қала бюджетінің қаншалықты игерілгендігі, мектептердегі білім сапасы туралы сөз болды. Сондай-ақ, 2023-2025 жылдардың бюджетіне өзгерістер енгізілді. Және Дамбы, Еркінқала, Қайыршақты, Кеңөзек, Атырау, Алмалы ауылдық округтерін ауыз су, жарықпен қамтамасыз ету, көгалдандыруға қажетті қаражат бөлу мәселесін қарап, бірауыздан қолдады. «Елді мекенді сумен жабдықтау ұйымдастыру бойынша, Тасқала 1 ауылының, Өрлеу, Қайнар тұрғын алабына ұзындығы 21 шақырым, жазғы су жүйесін жүргізу, ашық конкурс бойынша нақтыланған мердігер мекемемен 80млн, 750 мыңтеңгеге келісім шарт жасақталды» — деді «Кеңөзек» ауылдық округінің әкімі Ернар…
CaspianLife, 12 мамыр — Атырау облысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен полицейлер 300 келіге жуық балық тәркіледі, деп хабарлайды Caspian Life. Мамандар «Бекіре-2023» акциясы аясында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауында рейд жүргізген. Олар Исатай ауданы, Жанбай ауылында «Ямаха-70» аспалы қозғалтқышы бар «Будара» шағын көлемді жүзу құралымен Жанбай ауылының 4 тұрғынын ұстады. Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 278 кг сазан балығы және 5 дана синтетикалық моножіптен жасалған ау құралдары анықталды. Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігінің белгілері құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 3 740 490 теңге.
CaspianLife, 12 мамыр — Жылыойлық прокурорлар оқушылардың мектептегі үзілісі негізсіз қысқартылғанын анықтаған, деп хабарлайды Caspian Life. Аудан прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын реттейтін заңнаманың сақталуына талдау жүргізген. Оның барысында аудан мектептерінде үзілістердің ұзақтығы негізсіз қысқарғаны анықталды, бұл оқушылардың сабақтар арасында демалу құқығын шектеді. «Прокурорлық ден қою шараларымен аудандық Білім бөлімі 863 сынып үшін сабақ кестесін түзетіп, ауданның 20 жалпы білім беретін мектебінде 18 481 оқушының құқығын қалпына келтірді», — делінген прокуратураның мәлімдесінде.
CaspianLife, 12 мамыр — Атырау еліміздегі ауасы лас қалалардың қатарында, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл туралы Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің жетекшілігімен «Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары» атты кеңейтілген тақырыптық отырыста айтылды. Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жиын барысында Қазақстанның экологиялық жағдайын, қоршаған ортаның жай-күйін және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. «Мониторинг нәтижелері бойынша 69 елді мекеннің 10-ы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейіне жатады: Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде еліміздің ірі қалаларында орналасқан 16 кәсіпорында ластаушы заттар шығарындыларын жыл сайын азайту жөніндегі…
CaspianLife, 12 мамыр — Исатай ауданына биыл екінші рет жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлайды Caspian Life. Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымды Аслан Тұрғанов атқаратын болды. Аслан Тұрғанұлы 1983 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Жылыой және Исатай ауданы прокурорларының көмекшісі, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Исатай ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі қызметін атқарған. 2019 жылдың сәуір айынан осы тағайындауға дейін облыс прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі болған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
