Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 мамыр — Биыл 213 атыраулық отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды, деп хабарлайды Caspian Life Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қымзетіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тұрғын үй көмегі беріледі. Атырау облысы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындауға берілетін шектің үлесі отбасындағы жиынтық табыстың 5%-ын құрайды. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос Орысбаев мәлімдеді. Тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттің өтеуі. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті…

Read More

CaspianLife, 10 мамыр — Атырауда 25 мыңға жуық тұрғын мүлік және көлік салығын төлемей жүр, деп хабарлайды Caspian Life. Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, атыраулықтар жалпы сомасы салық бойынша 580 млн теңгеден астам қарызы бар. Оның 549,6 млн-ы көлік салығы бойынша. «Берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы», — деп ескертеді департамент мамандары. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде мемлекет шекарасынан асуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының…

Read More

CaspianLife, 10 мамыр — Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы авангардтық атқышқа үкім кесті, деп хабарлайды Caspian Life Caspian news арнасына сілтеме жасап. 3 адамды өлтіріп, біреуін басынан жарақаттап, мүгедек еткен маңғыстаулық Бауыржан Қара өмір бойы түрмеде отыратын болды. Оған қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамды өлтіру», «заңсыз қару сақтау» сияқты екі бабы бойынша айып тағылған еді. Сот процесі кезінде бірнеше сараптама жасалып, айыпталушының қылмысқа саналы түрде барғандығы дәлелденді. Сондай-ақ Бауыржан Қара жәбірленушілердің әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян төлеуі тиіс. Және оны екі ай ішінде төлеу мендеттелді. Әйтпесе, мәжбүрлі түрде өндірілмек. Сотталушы жазасын…

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Автобус» акциясы аясында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс -шара 1 — 3 мамыр аралығында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол тәртібін қаншалықты қадағалайтындығын анықтау мақсатында өткізілген еді. Рейд барысында автокөліктердің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жұмыс режимін сақтау тәртібі тексерілді. Нәтижесінде жүргізушілердің мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық тексеруден өтпейтіндігі, рульде телефонды пайдаланып, жылдамдықты шамадан тыс асыру сияқты заң бұзушылықтарға жол беретіндігі белгілі болды.

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Сарайшық» ауылындағы сапар орталығы ашылды. Оған өңірге іссапармен келген ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Музей-қорықтың аумағынан дәл осындай нысанның қажеттігі туралы бұған дейін сан рет айтылып, нақты жұмыс тек 5 жыл бұрын басталған еді. Кешенге келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда экспозияциялық көрме залы, қойма, археологиялық және қайта қалпына келтіру зертханасы, 100-150 орындық конференц-зал, кітапхана тіпті туристерге арналған қонақ үй де бар. Сапар орталығының құрылысы басталған кезде «Сарайшық» музей-қорығының қызметкерлері экспозицияны жасақтау жұмыстарын қатар жүргізді. Концепциясы жасақталып, республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаражат бөлінді. Сапар орталығының құрылысына 780 миллион…

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі», — деп хабарлайды сaspianlife.kz.   Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес кезінде мәлім етті. Оның сөзінше, «олар тұрмысқа алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек». Әскери қызметшілерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау тек мұнымен шектелмейді. Зейнетақы мәселесі де кері қаралып жатыр. Бұдан бөлек, осы салада қызмет ететін оқытушылар мен дәрігерлердің де айлығы өседі.

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Маңғыстауға соңғы 2 жылда саяхаттап келген туристер саны 6 %-ға артты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш 41 мыңға дейін өскен. Аймақта туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына барады. Соңғы кездері Таушық ауылының іргесіндегі «Шахта», «Жалбырттың сайы», «Сартас» пен «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жерасты мешіттеріне келушілер көбейген.

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Атырауға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесті», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Жиынға қатысқандар туристік орындарды дамыту, ұлттық спорт түрлерін қолдау сынды өзекті мәселелерді көтерді. Кәсіпкерлер «Даму бала» плафтормасы туралы толық мәлімет ала алмай жүргендерін айтты. Кәсіпкердің сөзінше, жауапты басқарма мамандарының кәсіби шеберліктерін әлі де жетілдіру керек. Ведомстваның ресми мәліметіне сүйенсек, биыл Атырау облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорттық секцияларды қаржыландыруға 5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Асхат Оралов арнайы платформамен жұмысты өңірдегі жауаптылар үйлестіру керек дейді. Биыл Құрманғазы ауданындағы Азғыр, Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылында мәдениет үйін салу жұмыстары басталады.…

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Мас жолаушының кесірінен Атырау-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы 12 минутқа кідірді», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны Атырау облыстық көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға Кенбай станциясының маңында болған. Ақтөбе облысының 59 жастағы масаң тұрғыны вагондағы тоқтату кранын жұлып алған. Сағыз станциясына келгеннен кейін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу», «пойызды заңсыз тоқтату» бабы бойынша хаттама толтырылып, 34 500 теңге айыппұл салынды».

Read More

CaspianLife, 5 мамыр – «Атырауда білім саласындағы сыбайлас жемқорлық азайып келеді. Дегенмен, мүлде жойылмай тұр», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны Аманат партиясының облыстық филиалында өткен жиналыста білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова осылай деп мәлімдеді. 2020-2023 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері өңірде білім саласында 14 жемқорлық фактісін анықтапты. Оның басым көпшілігі парақорлық пен өз құзыретін теріс пайдалану бойынша. Алайда, 14 істің тек біреуінде ғана күдіктінің бас бостандығы шектелсе, қалғандары жеңіл жазамен құтылған. Облыстағы экономикалық тергеп-тексеру департаменті де соңғы 4 жылда осы салаға қатысты 6 қылмыстық істі тергеген. Алайда оның барлығы сотқа жетпей, қысқарған. Ал, Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі…

Read More