CaspianLife, 30 мамыр — «Қазақстан халқына» қоры 1000 баланың демалысын қамтамасыз етпек, деп хабарлайды, деп хабарлайды CaspianLife.
Биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын қамтамасыз етіп, оларды сауықтыру және жұмыспен қамту үшін жергілікті бюджеттен 564 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарда айтылды. Мысалы 7 мен 14 жас аралығындағы 78 мыңнан астам бала мемлекет есебінен демалады. Олар — аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және үздік оқушылар. 3 мыңға жуық баланы Ресейдің Железноводск қаласындағы және Индер, Махамбет аудандарындағы демалыс аймақтарына жіберу жоспарланып отыр. Оқушылардың тағы бір бөлігі биыл Ақтау қаласында тынығады.
«Биылғы біздің жаңалық «Қазақстан халқына» жобасы арқылы, бізден Атырау облысында 1000 бала қамтылады. «Жаздық жолдама» жобасы 4 сезонға қамтылады, әр сезонға 250 баладан қамтып отырмыз. Бірінші легі 2023 жылдың, 2-ші июньде Ақтау қаласы, Есенов атындағы каспий университетінде балалар демалады деген ойдамыз» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Карима Бөкенова.
Облыс орталығындағы мектептердің жанынан ашылған 149 лагерде 8 жарым мыңға жуық бала демалмақ. Олар ас-сумен қамтамасыз етіледі. Ал тамақтандыру жағы қарастырылмаған лагерлер 65 мыңнан астам баланы қабылдайды.