CaspianLife,31 мамыр – «Жеңіс» саябағындағы мемориалдық тақтаға қала, облыс басшылары, зиялы қауым өкілдері мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың ұрпақтары гүл шоқтарын қойды,- деп хабарлайды сaspianlife.kz. Тарихи деректерге сүйенсек Атырау облысынан 3 мыңға жуық адам қудалауға ұшыраған. 1921-1954 жылдар аралығында «Халық жауларын анықтау» саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталып, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілген. Қазақстанда 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданды. Содан кейін оларды еске алу, құрметтеп, рухына тағзым ету мақсатында барлық аймақта тарихи мемориалдық ескерткіштер ашыла бастады.